Жазбаша қадағалау – оқу,тұрмыс және өндірістік ептілік,дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орын аңықтауға пайданылады .Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютелі қадағалау жаюда.Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге көп көмегімен тигізеді.Компьютерді қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру мен бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін.бұл қадағалауда оқу нәтижелерін статистикалық талдау мен өндеу өте жеңіл.
Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады:
--қадағалаудыңдаралықты сипаты .Әр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс әрекеттері өз алдында қадағаланады
--жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп тұруы;
--қадағалау формаларының әртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту,үйрету,дамыту және тәрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі,
--қадағалаудың жан –жақтылығы.Қадағалау баланың теориялық білімдерің, ақыл –ой парасаттылығы , тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді ;
- қадағалаудың шынайылығы.Қадағалауда субъектив және қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;
- жекелестірілген бағыт бағдар .Оқушылардын жеке дара тұлғалық сапа қасиеттері ескерілуі тиіс,
Мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы .
Соңғы кездері тестік қадағалау көптен қолданылуда. Мұндай тексерудін негізгі құралы – тест тапсырмалары .Өлшестіру, аңықтау нысаны тұрғысынан педагогикалық , психологиялық , әлеуметтік -психологиялық , мәдени –эстетикалық таным тестері ажыралады.
Оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын қадағалау нәтижесі сол жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім,есептілік және дағдылардың игерілу дәрежесін анықтау.
Дәріс 27-28. Мектеп жұмысын жоспарлау.
Жоспар:
1. Болашақ және жылдық жоспар.
2. Мектеп құжаттары.
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз.
Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлығы тәжірибесін есепке алу деген сөз.
Бұл мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.
Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланысты қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесін жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектептегі өзге басқару құрлымдарының жоспарымен үйлеспеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
Перспективалық жоспар мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Оның құрлымы мына сипатта болуы мүмкін:
- Жоспарластырған мерзімдегі мектептік міндеттері.
-Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
- Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
- Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
- Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
- Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.
- Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңге қамтиды. Бірінші кезеңде мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теориялық және әдістемелік, нормотивтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде директордың басшылығымен жоспар, жобасының құрылымын жасау, қажеті мағлұмат көздерін тауып, мәлмет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде жинақталған мәлметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтырдың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртінші кезеңде жоспаржобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің санасын көтеру қызметі. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып болып табылады.
Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбесіндегі бірлескен жұмыстары.
Педагог кадрлермен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, мектептік ғылыми-әдістемелік мәселелермен – семинар, конференция, педоқу, әдістемелік кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткізу.
Мектепшілік бақылау жүйесі. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы іс-әрекет бағдарламасы қарастырылады. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мектептің материялдық құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын тегіндеп отыру жыл бойы жоспарластырылады. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Жоспарлардың бұл бөлімінде мектеп кеңесінің отырысының, педагогикалық кеңестің, өндірістік жиынның тақрыптары жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |