7. Жетінші басымдық: Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру
Сыртқы саясаттағы біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз қала береді. Қазақстан әрқашан да жауапты және сенімді халықаралық серіктес болып қалады.
7.1. Біздің елдеріміз арасындағы ауқымды интеграциялық үдерістер негізінде Ресеймен стратегиялық серіктестік қатынастарын дамыту
Қазақстан-Ресей қатынастары сенім мен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейінде тұр.
Ресейлік бағыт – Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдығы.
Қазақстан мен Ресей арасында сындарлы үнқатысу жолымен және өзара мүдделерді ескеру арқылы шешілмейтін проблемалар жоқ. Бұл саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелерге де қатысты.
Бүгін басты мәселелер ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен өңірлік ықпалдастықты дамыту саласында жатыр. Мұнда қауіпсіздікті нығайту мәселелері маңызды орын алады. Аталған салалардың бәрінде де Қазақстан мен Ресейдің ұстанымдары ұқсас әрі жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |