Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар және Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!


Діни экстремизмге қарсы іс-қимылға және халықаралық лаңкестік пен есірткі     саудасына қарсы күреске бағытталған саясат



бет8/13
Дата20.07.2020
өлшемі58,24 Kb.
#63355
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

6.2. Діни экстремизмге қарсы іс-қимылға және халықаралық лаңкестік пен есірткі     саудасына қарсы күреске бағытталған саясат


Лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз қару-жарақ таратуға, есірткі саудасы мен басқа да осындай қатерлерге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту Қазақстанның тиісті халықаралық шарттар мен келісімдерді әзірлеуге және нақты іске асыруға белсене қатысуын қарастырады. Біз қазіргі заманның осындай қыр көрсетулеріне қарсы тұру үшін ҰҚШҰ және ШЫҰ шеңберінде бірлескен оқу-жаттығу шараларына, сондай-ақ лаңкестікке қарсы НАТО-мен бірлескен бастамалар мен операцияларға қатысу арқылы Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға тиістіміз.

 

6.3. Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде іске асыру



 
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз, алайда бірқатар қаржы-өнеркәсіп топтарының ақша ағыстарының ашық болмауы және олардың табысты жасыру, қаржы мен мүлікті шетелдерге шығару, салық төлеуден жалтару есебінен заңсыз баюы, сондай-ақ көлеңкелі экономика біздің дамуымыздың елеулі шектеулеріне айналып отыр. Нақ осы топтар өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге шақырған ұрандары дүңкілдеп тұр. Сонымен бірге бюджеттің негізгі ысырабы да нақ осында жатыр. Сөзден іске көшетін уақыт жетті.

 
Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ ірі жеке меншік компаниялардың қызметі мен қаржы ағыстарының ашықтығын қамтамасыз ететін заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Бұл – жекешелендіру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары салаларында шешімдер қабылдау.

 
Ашық айналымнан шығарылған капиталдар мен мүліктерге рақымшылық жасау проблемасын нағыз жауапкершілікпен және байсалды түрде қарастыратын уақыт жетті деп ойлаймын. Ашық жүргізілген бұл үдеріс Қазақстанның ашық экономикасын құрудың маңызды элементтерінің біріне айналар еді. Әлбетте, капиталға рақымшылық жасау туралы мәселені пысықтау қажеттігі жайында айтқан кезде, мен есірткі саудасы, қарақшылық, заңсыз қару-жарақ саудасы және басқа қылмыстық әрекеттер арқылы алынған табыстар жайын меңзеп отырған жоқпын.

 
Капитал мен мүлікке рақымшылық жасау ақысыз іске аспайтынын арнайы атап көрсеткім келеді. Заңды айналымнан шығарылған немесе шетелдерге әкетілген активтерге салықтар салынбағаны және мемлекет бюджетін толықтырмағаны белгілі. Бұл қарыздар заңдастырылған активтер құнының 10%-дық арнайы салығы арқылы өтеліп, ол ел бюджетіне түсуі тиіс. Бұл капиталды заңды айналымнан шығару арқылы алынған табыс үшін онша үлкен төлем емес.

 
Сол арқылы мемлекет өз елінің дамуы үшін азын-аулақ салық төлеп, өз активтеріне заңды иелік етуге арнайы құжат түрінде құқық алып, адал болып, тыныш өмір сүруді ұсынады.

 
Егер олардан 10% салық төленетін болса, біз активтерді Қазақстанға қайтаруға мәжбүрлемейміз. Активтердің тығулы жатпағаны, иесіне жұмыс істеп, кіріс кіргізіп жатқаны түсінікті. Ендеше “Мысалы, АҚШ азаматы өз елінен тыс жерлерде активтері бола отырып, шет елдерден тапқан табысынан салық төлейді, ал біздің азаматтар неге мұны істемейді?” дейтін сұрақ туындайды.

 
Халықаралық тәжірибе бойынша төлеуі тиіс.

 
Егер бұл адамдар ақшаның елдің ішінде жұмыс істеуі үшін оны Қазақстанға қайтарғысы келсе, рақымшылық жасаудың тетігі мұндай мүмкіндікті де қарастыруы керек.

 
Көптеген адамдар өздерінің жылжымайтын меншігін, компанияларын жасырады. Бұл активтер айналыстан шығып қалды, оларды жаратуға болмайды. Барлық меншікті заңдастыру азаматтарға және елге тиімді.

 
Заңдастырылған активтер иелерін қандай да бір қудалаулардан қорғауға кепілдік беретін қарапайым әрі тиімді тетік әзірленуі қажет. Біз бір рақымшылық жасауды жүргіздік. Мұндай оң тәжірибе бізде қазірдің өзінде бар. Ендігі жерде бұл тетік ұғынықты болу керек және әрбір қазақстандыққа, әлемдік қоғамдастыққа жеткізілуге тиіс.

 
Бұл ретте капиталдарға рақымшылық жасаудан кейін заңды айналымнан бұдан бұрын шығарылған капиталдарды іздестіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетінін бәрі де түсінуі керек. Бұл жұмыс халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесе жүргізілетін болады. Сонда берілген мүмкіндікті пайдаланбаған адамдар өкпелемеуге тиіс.

 
Биылғы алғашқы жарты жылда Үкімет осы күрделі мәселенің әралуан қырлары ескерілетін нақты тетіктерді көздейтін тиісті заң жобасын әзірлеп, Парламентке талқылауға енгізуі керек.

 
Президент Әкімшілігі және Үкімет аталған шараның мақсатын, тетіктері мен маңызын түсіндіру жөнінде кешенді шаралар әзірлеп, жүргізетін болсын.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет