Дәріс 7: «Дене қуаты қасиеттері, оны дамыту әдістемесі» Тақырыптың қысқаша мазмұны
Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қуаты қасиеттері дейміз.
Күш және оны дамыту әдістемесі. Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі. Жылдамдық дегеніміз - адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Төзімділік және оны дамыту әдістемесі. Төзімділік, анықтау әдістері, түрлері. Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Ептілік және оны дамыту әдістемесі. Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз. Икемділік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз.
Әдебиет: негізгі [1-10], қосымша [2,4,6]