Имени с. Аманжолова


Дәріс сабақтарының мазмұны / Содержание лекционных занятий



бет2/5
Дата27.03.2020
өлшемі80,99 Kb.
#60900
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5
Байланысты:
Источниковедение Силлабус.

6. Дәріс сабақтарының мазмұны / Содержание лекционных занятий


Тақырып 1. / Тема 1. Қазақстан тарихының деректану пәні және міндеттері.

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций Қазақстан тарихының деректану пәні және міндеттері. Қазақстан тарихы деректерінің түрлері. Деректерді оқудың әдістері мен әдістемесі.

Қазақстан тарихы бойынша деректер ғылыми пән ретінде.Қаазақстан тарихы деректері пәні мен объектісі. Курстың мақсаттары, мазмұны, құрылымы. Тарих ғылымындағы деректердің рөлі мен орны. Деректану тарихнамасы. «Қайталанатын дерек», «дара дерек», «қайталанбайтын дерек»,»тарихи деректер кешені» түсініктерінің өзара байланысы.

Тақырып 2. / Тема 2. Қазақстан тарихы ежелгі кезеңінің деректері. Ежелгі орыс жылнамалары X- XII ғғ. түрік тілдес халықтардың тарихын оқу деректері ретінде.

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций «Повесть временных лет» Русьпен көршілес елдердің тариын оқуда маңызды тарихи деректердің бірі болып табылады. Орыс халқының шығу тегін, ежелгі орыс мемлекетінің қалыптасуымен қатар, түркі тілдес халықтар туралы маңызды мәліметтер бар. «Повесть временных лет» VII-X ғғ. Дон және Еділдің төменгі ағысы бойын мекен еткен хазарлар туралы материалдар бар. Түркі көшпелі бұлғар тайпалары. Печенегтер.Печенегтер XI ғ. Киевті 1036 ж.қоршаумен байланысты жылнамада айтылады. Жылнамада половцылар – куман-қыпшақ туралы құнды мәліметтер келтірілген.

«Повести временных лет» ежелгі орыс халқымен қыпшақтардың қақтығыстары жайлы 1015 - 1109 жж. хронологиялық шеңберді қамтитын көптеген мәліметтер келтірілген.



Тақырып 3. / Тема 3. Парсы ғалымы Рашид-ад-диннің еңбегінде Казақстан және Орта Азия тайпалары

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций Моңғол шапқыншылығы тарихы бойынша аса маңызды дерек ретінде Рашид-ад-диннің (1247-1318 гг.) еңбегі болып табылады.Парсыда Газан-хан моңғол тарихын құрастыруды Рашид-ад-динге тапсырды. Ғалым-энциклопедист, ірі мемлекет қайраткері Рашид-ад-дин бірнеше шығармалардың авторы, соңын ішінде «Жылнамалар жинағы» аса құнды болып табылады.Еңбек 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде – моңғол тарихы, Шыңғысхан және моңғолдар құрған мемлекеттердің тарихы, екінші бөлімінде –жалпы тарих. Дерекнама ретінде екі бөлімде аса қызығушылық тудырады, себебі автор моңғол хандарының мұрағат құжаттарын моңғол тілінде жазылған пайдаланды. С.Д. Асфендияров и П.А. Кунте Рашид-ад-Дин жұмысынан үзінділер келтіреді. Үзінділердің бірінде 1206 жылы Ертіс жағалауында найман билеушісі Бұйрық-ханның Шыңғысханмен соғысы жайлы айтылады.

Тақырып 4. / Тема 4. XIV ғ. Қазақстан тарихы бойынша араб және тимурид деректері ( Ибн-Батута, ибн-Арабшах, ибн-Халдун Шереф-ад-дин Али ).

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций Ибн-Батута (1302/1304-1377), белгілі араб саяхатшысы, Мароккодан шыққан. XIV ғасырдың бірінші жартысында Дешті-Қыпшаққа сапар жасаған.Араб саяхатшысы «Тухфатуль анзар фи гараибль амсар уа ажаибль асфар» атты шығармасында Дешт-Қыпшақ халқын түріктер деп атайды. Ол олардың малшаруашылығына сипаттама береді. Араб саяхатшысы ибн-Батута шығармасы Қазақстан тарихын зерттеуде дерек ретінде. XIV ғ. Қазақстан тарихы бойынша араб деректері. ( ибн-Арабшах, ибн-Халдун ). Қазақстан тарихы бойыншаТемір дәуірінің деректері(Шереф-ад-дин Али). «Ажайбуль макдур фи ахбари Тимур» араб тарихшысы Ибн-Арабшахтың еңбегі. «Китаб-ульабр» («Книга примеров») Ибн-Халдун шығармасы.

Темір дәуірінің атақты тарихшысы Шереф-ад-дин (Шерафеддин а Язди) Али. Шереф-ад-дина «Зафар-намэ» («Книга побед»).



Тақырып 5. / Тема 5. XV- XVI ғғ.деректерде қазақтар және қазақ хандығы. Қазақтар және қазақ хандығы азия авторларының еңбегінде (Абд-ар-Раззах, Хондемир, Рузбахани, Абдаллах Бен Али, Мухаммед-Бабур, Мухаммед Хайдар, Махмуд Шарас, Өтеміс-қажы, Искандар Мунши).

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций Қазақтар және қазақ хандығы азия авторларының еңбегінде (Абд-ар-Раззах, Хондемир, Рузбахани, Абдаллах Бен Али, Мухаммед-Бабур, Мухаммед Хайдар, Махмуд Шарас, Өтеміс-қажы, Искандар Мунши).Қазақ-өзбек қатынастары парсы тарихшысы Хондемирдің еңбегінде.Қазақтар Рузбиханидың «Мехман-наме –и Бухара» еңбегінде.Қазақстан және Орта Азия тарихы бойынша деректер парсы,өзбек және тәжік тіліндегі шығармаларда берілген. Абд-ар-раззак (1413-1482 гг.). «Место восхода двух счастливых звезд и место слияния двух морей» тарихи хроникасында, монгол тарихының, Темір және Тимуридтердің 1304 жылдан 1471 жж.сипаттама берілген. «Хабиб-ас-сияр» Хондемир. Рузбахани «Мехмана-наме-и-Бухара» туындысы. Абдаллах бен Мухаммад бен Али Насраллахи «Зубдат ал-асар» – «Сливки летописей» или «Полное собрание хроник». «Зубдат ал-асар» шағатай тілінде жазылған. Қазақтар тарихына байланысты материалдар Насраллахи (Насруллахи – С.Д. Асфендияров, П.А. Кунте) еңбегінде берілген. Захир ад-дин Мухаммед Бабур (1483-1530 гг.) «Бабырнама». «Тарих-и Рашиди» – «Рашидова история».

Тақырып 6. / Тема 6. «Мехман-наме –и Бухара» шығармасы қазақ және өзбек қарым-қатынасы тарихын зерттеуде дерек көзі ретінде

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций «Мехман-наме-и- Бухара» Қазақстан тарихын зерттеуде дерек ретінде.«Мехман-наме-и- Бухара» қазақ және өзбектердің өзара қатынасының тарихын зерттеуде дерек ретінде. Фазаллах-ибн-Рузбиханидың. «Мехман-наме-и- Бухара» атты еңбегінің XVI ғасырдағы қазақ тарихын оқудағы маңызы.

Тақырып 7. / Тема 7. Қадырғали Хошумұлы Жалаиридің «Шежірелер жинағы» атты шығармасы қазақ тарихы және XVI ғ. дейінгі қазақ хандарының әулетін зерттеудегі дерек ретінде.

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций Қадырғали Хошумұлы Жалаиридің «Шежірелер жинағы» атты шығармасы қазақ тарихы және XVI ғ. дейінгі қазақ хандарының әулетін зерттеудегі дерек ретінде.Деректанулық талдау. XVI– XVIIғғ. Кадыргали Хошум Жалаир, қазақ-шағатай тілінде тарихи-этнографиялық шығармасының 1602 жылы қолжазбасын аяқтады. Автордың сөзі бойынша бұл туындысын Борис Годуновқа арнаған.Шоқан Уәлиханов қазақ халқының тарихына байланысты үзінділерін орыс тіліне аударған.Шоқан Уәлиханов Жалаиридің «Шежірелер жинағы» тарихнамалық маңызын алғашқылардың бірі болып атап өтті. Жалаиридің «Шежірелер жинағы» қазақ халқының тарихы және этнографиясын зерттеуде өте маңызды. Сол заманның тарих ғылымының деңгейіне сәйкес басты назар қазақ хандары және султандарының генеологиясына мінездеме және олардың әскери жорықтарын сипаттауға арналған.

Тақырып 8. / Тема 8. Қазақстан территориясы және қазақтар XVI ғ. еуропалық авторлардың еңбектерінде(Шильбергер, Герберштейн, Дженкинсон).

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций Зигизмунд (Сигизмунд) Герберштейн (1486-1562 гг.), «Записки о Московских делах». «Записки» Герберштейна латын тілінде 1571 жарық көрген. Бұл туындыны А.И. Маленин орыс тіліне аударған. Санкт-Петербургте 1908 жылы, 2-е издание «Записки о Московии» – М., 1988. Герберштейн татарлардың дәстүрлерін, сенімдеріне сипаттама берген.Ағылшын саяхатшысы Антони Дженкинсон. Дженкинсон еңбегінде Хак-Назар кезінде қазақтардың Ташкент үшін болған күресі сипатталады. «Во время моего пребывания в Бухаре пришли караваны из всех названных стран, за исключением Китая: причина, почему оттуда не пришли караваны, та, что еще за 3 года до моего сюда приезда началась и все продолжалась война варварских и кочевых народов, язычников и магометан, против двух больших татарских городов прямо на дороге из Бухары в Китай; война велась на границах этих городов, которые называются Ташкент и Кашгар; народ, воевавший с Ташкентом, называется кассаки, магометанской веры, а с Кашгаром воевали кинги, язычники и идолопоклонники. Оба эти варварские народа очень сильны, живут в полях без городов и жилищ; они почти подчинили себе Ташкент и Кашгар и занимали такое положение на дороге, что ни один караван не мог бы пройти не ограбленным. Три года уже ни один караван не приходил сюда из Китая, и не было никакой торговли между Бухарой и Китаем. Когда путь свободен – до Китая 9 месяцев пути».

Тақырып 9. / Тема 9. Қазақстан тарихын зерттеуде «Қазақтардың жер пайдалану материалдары» дерек ретінде

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций

Жалпы, бұл еңбектің жазылуы патша өкіметінің отаршылдық саясатына, оның ішінде қазақ жерін тартып алуға негізделген жоспарына байланысты еді.

«Қазақтардың жер пайдалану материалдары» еңбегін басшылыққа ала отырып, бүгінгі таңдағы Қазақстан облыстарының XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы келбетін көруге болады. Ал, жалпы жұмысты ұйымдастырып, «Қазақтардың жер пайдалану материалдарының» 9 томын жаздырған Л.К.Чермак.

Жалпы деректің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол шартты түрде төмендегідей құрылымнан тұрады: Алғысөз; Қысқаша табиғи-тарихи очерк, халқы;Қазақ шаруашылығы: мал шаруашылығы, егін шаруашылығы; Қазақтардың жер пайдалану нормасы; Қосымшалар;Ру-тайпалар кестесі; Қазақтардың жерді пайдалану картасы; Кестелер (ауылдық, қауымдық, топтық және т.б.); Қазақтардың жер пайдалану нормалары туралы түсініктеме.



Тақырып 10-11. / Тема 10-11. Мерзімді басылымдар Қазақстан тарихының жазба дерек көздері ретінде

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций

Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар құрайды. Патша жарлығы мен оның жергілікті әкімшілік органдарының шешімдерін халыққа жеткізіп отыру мақсатында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, қазақ тілінде шыға бастаған алғашқы «Түркістан уәлаятының газетінен» (1870-1883) бастау алатын қазақ баспасөзі, ХХ ғасырда негізгі ақпарат құралына айналды. 5 жыл өткен соң 1888 жылдан 1 қаңтардан бастап жаңадан құрылған «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902) жарыққа шықты.

Нақты мерзімді басылымның ерекшеліктерін жан-жақты көрсету арқылы деректанушы, нақты проблемаларды зерттеуші-тарихгыларға өз уақыттарын дұрыс пайдаланып, басылымынан қажетті мағлұмат ала білуге көмектеседі. Бұл жерде деректанушы тарихшы-зерттеушілерге жол көрсетугі міндетін атқарады, сол арқылы ғана баспасөзден объективті мағлұмат алуға болады.

Мерзімді басылымдарды – газет пен журналдар құрайды.



Газет – жиі шығып тұратын (әдетте күнделікті) мерзімді басылым түрі, оның басты міндеті – болып жатқан оқиғалар ағымы туралы мәліметтер жеткізу және түрлі ақпараттық мазмұнды материалдар жариялау.

Журнал – жиілігі аптасына бір реттен аспайтын (әдетте ай сайын шығатын) мерзімді басылым, ол кітап түрінде әр алуан саяси ғылыми, әдеби материалдармен жарық көрді. Тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. шықты. Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы «Айқап», шығарушысы – жазушы М.Сералин болды.

Газеттер мен журналдар әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді:

1) мерзіділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық немесе тоқсандық журналдар);

2) территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті);

3) тіліне қарай (қазақ, орыс. Ағылшын т.б.);

4) баспасына қарай (ресми-үкіметтік, ведомстволық, жекеменшік, қоғамдық, ұйымдық т.б.)

5) цензураға қатысына қарай (жария, жасырын);

6) әлеуметтік бағытына қарай (жастар, әйелдер, балалар, студенттер т.б.);

7) мазмұнына қарай (әдеби, қоғамдық, ғылыми, стирадық т.б.).

Мерзімді басылымның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы дамуы турады айтанда, ондағы жіктелудің жетекші екі тенденциясын байқауға болады:

а) саласына қарай: экономикалық, әкімшіл-саяси және заң, ағарту және мәдениет мәселелері бойынша, тарихи, әдеби-көркем және театралдық-музыкалық, әскери-патриоттық, сықақ және мысқыл, дәни-шіркеулік т.б. басылымдар.

б) топтық және қоғамдық-саяси позицияларына қарай: ұлттық газет және журналдар, продетариаттық-марксистік, әртектілік-демократиялық, либериалдық-буржуазиялық, консервативтік және реакциялық, бейсаясатты бульварлық-көшелік пресса т.б.

Қазан төңкерісіне дейін Ресейде көптеген партиялық, қоғамдық-саяси басылымдар шығып тұрды. Олар қоғамдағы әр түрлі топтардың, әлеуметтік таптардың, саяси ағымдардың ой-пікірлерін әртүрлі партиялардың: октябоистер, кадеттер, меньшевиктер, эсерлер және т.б. газет-журналдары шығып тұрады. 1905 жылдың өзінде большевиктердің жүзге жуық органдары жарық органдары жарық көрген. Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» сияқты ресми газеттер, «Айқап» , «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» саяси ұлттық бағыттағы бейресми басылымдар, «Тіршілік» сияқты топты-таптық позициядағы газет қазақ тілінде жарық көрген.

Сонымен, мерзімді басылымды әртүрлі белгілеріне қарай немесе қоғамдық-саяси бағыттарына қарай сыныптау, зерттеушіні өз жұмысында дұрыс бағдар алуына көмектеметін факторлардың бірі. Алғашқы орыс мерзімдік басылымдар: «Азия жарғысы», «Әскери саяси жинақ», «Орыс мүгедегі».

Мерзімдік баспасөз материалдарына деректанулық талдау жасау.

Деректанулық талдау жасаудың мынандай түрлері белгілі; 1) контекст-талдау; 2) газет немесе журналдың жалпы идеялық-саяси бағытын анықтау; 3) газетті қаржыландырушы көзді анықтау; 4) редакциялық коллегияның құрамын анықтау; 5) оқушының қандай бөлігіне арналған анықтау; 6) ақпарат көздерін анықтау; 7) жекелеген мақалалар мен материалдың авторын анықтау; 8) авторлардың редакция бағытына қатынасын анықтау; 11) газет материалдарының ішкі логикасын талдау.

Осындай талдаулар жасалғаннан кейін газет-журнал материалдарын басқа дерек көздерімен салыстыра талдау жасау қажет. Шынайы ақиқаттылығына көз жеткізілген материал ғана тарих ғылымының айналысына жіберілуі тиіс.

Естеліктер,_күнделіктер,_хаттар'>Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Естеліктер, күнделіктер, хаттар Қазіргі деректану ғылымында жазба деректерді сыныптауда «жеке аламдық деректер» сияқты ерекше деректер түрін бөліп көрсету және зерттеу кеңінен қалыптасқан. Оған: күнделіктер, естеліктер, жеке жазбалар, өмірбаяндық жазбалар, хаттар, заманхаттар (мемуарлар) жатады. Бұларды қайталанбайтын немесе эпистолярлық (лат. Epistola-хат) ескерткіштер деп те атайды (сан алуан хат түрінде жазылған шығарма).

Күнделіктер – оқиға барысына орай автордың байқағына мен ойы. Ол тек көргені мен ғана шектеледі келешек ұрпаққа автордың өзі туралы мәлімет жеткізу мақсатында жазылады. (Ғ.Мүсрепов күнделігі; Қасымбаев Ж. 1916 жылғы көтеріліс – А.Н. Куропаткиннің күнделіктерінде // Ақиқат. – 1993. - №2.

Естеліктер (еске түсіру) – ол оқиға сол қатысушының қалай есінде қалғанына байланысты. Ол белгілі мерзім өткен соң жазылады.

Еске түсіру – тарихи шығарма, бірақ деректануға ол тарихи дерек бола алмайды (Дзержинский Ф.Э., Ворошилов К.Е. Өмір туралы әңгімелер: Естеліктер. – М., 1971).

Хаттар (хат-хабар) – адамдардың араласу құралы, ол жеке адамға немесе көпшілікке арналуы мүмкін. Хат-хабар өз жанры түрі бойынша күнделікке қарағанда күрделі және әртүрлі (Ә.Әділбаевтың И.Сталинге хаты/ Дайындаған Такенов А.С. // Ақиқат. – 1994. - №4; Тынышпаев М. Министрлер Кабинетінің төрағасы жоғары мәртебелі мырзаға хат// Қазақ тарихы. – 1994. - №3.

3.Заманхаттар (мемуарлар) тарихи дерек көзі ретінде «Мемуар» сөзі французга – «memoires», латыншада - «memoria» - ес деген мағына береді. Мемуар – өмірде болған тарихи оқиғалар, яғни жеке адамдар жайында өзі көрген, не сол кезде өмір сүрген адамның естелігі түрінде жазылған әдеби шығарма. Күнделіктер мен естеліктер, өмірбаяндық жазбалар да мемуарға жатады. Мемуар жазуға автордың өзі көрген білгендері мен тарихи құжаттар, хат, баспасөзде жарияланған материалдар т.б. нақты мағлұмат пайдаланады.

Мемуар тәріздес шығармалар көне дәуірде-ақ мәлім болған. Ксенофонттың «Анабассис» мемуарлық жазбасы жатады немесе Рим императорының Гай Юлий Цезарь (б.д.д. 100-44 жж.) шығармаларында субъективті еңбектері бар («Ғали соғысы туралы жазбалар»).

Мемуар Ресейде алғаш рет ХҮІІ ғасырда туып («Протопоп Аввакумның өмір тіршілігі» т.б.), ХҮІІІ ғасырда әдеби жанр ретінде дамыды.

Қазақ әдебиетінде С,Мұқановтың «Өмір мектебі», Б.Момышұлының «Біздің семьямыз», Ғ.Мустафиннің «Көз көрген», С.Бегалиннің «Замана белестері» т.б. мемуарлық шығармаға жатады.

Мемуардың (заманхаттардың) түрлік ерекшеліктері:

1. Мемуарды (заманхаттың) ұйымдастырушы-құрылымдық принципі ретінде жеке-субъективтілік бастамасы (аса субъективтілігі) – автордың индивидуалдық қабылдау қабілетіне негізделген, өткенді суреттеу шеңбері автордың дүниеге жеке көзқарасымен шектеледі.

2.  Ретроспективтілі заманзаттар барлық уақытта онда айтылған уақиғадан кейін пайда болады. Уақыт айырмашылығы, яғни ретроспективтілі көлемі бірнеше аптадан ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.

3. Жад – заманхаттарда болған уақиғаларды қалпына келтірудің ерекше құралы.

Заманхаттардың тарихи дерек көздері ретіндегі құндылығы:

1. Олардың едәуір фактілік деректер және атор өмірбаянынан кейбір мәліметтер беретіндігінде.

2. Автор куә болған дәуірінің әдет-ғұрып, тұрмыс-салт дәстүрінің психологиясының бейнеленуі.

3. Заманхаттарды, оларды жеке адамдың сипатына қарамастан, объективті әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың тұтас бір қоғамдық топтардың, жіктердің, таптардың мақсат-мүддесу, ой-санасы және іс-әрекеттерінің көрініс табындығында.

Мемуарға деректанулық талдау жасаудың маңызды бөлігі, оның жасалған мерзімді мен жағдайын анықтау. Мемуаршылар өткен уақыттағы өздерін және өзінің көзқарастарын қазіргі кездегі деңгейіндей етіп суреттеуі мүмкін. Оқиған болған мерзімі мен оны автордың жазған мерзімі арасындағы алшақтық мемуарының өткеннің, фактысына баға беруіне өзгерістер енгізуі мүмкін себебі уақыт өтекеле автордың көзқарасы эволюциялық өзгерістерге ұшырауы, немесе түбірлі мен басқа болуы мүмкін. Бұл жағдайда оның куәлігінің құны төмендейді, алайда автордың өзінің деңгейінің қалай өскендігін бағалай үшін қызықты.

Содай-ақ, мемуарының қолында белгілі бір құжаттардың болған-болмағандығын, құжат болса онда қалай пайдаланғаны, яғни құжаттағы материалдарды дұрыс цитаталап отырма, дұрыс түсіндіріп отыр ма. Осыларды анықтау керек. Егер мемуарға келтіріп отырған құжат зерттеушісі – тарихының қолына түссе, өзара салыстыру міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс.



Тақырып 12-13. / Тема 12-13. Статистикалық деректер

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций

Статистикалық деректер елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін, халықтың саны мен құрамын зерттеуде маңызды орын алады.

«Статистика» ұғымы ХVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болып, алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылады. Ол кездерде статистика мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағаланған еді. Жалпы «статистика» ұғымы латын тілінің «Status» деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді.

Қазіргі ғылымда оған мынадай анықтама берілген: Статистика дегеніміз – қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын (сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді Қолдану арқылы зерттеп, олардың сандық жағын бейнелейтін, сандық жағынжағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы.

Келтіріліп отынған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі мағыналарда түсінуге болады. Қарапайым немесе тар мағынада статистика – қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерртейтін таным түрі. Ал күрделі немесе кең мағынада статистика – кез келген салаға жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы белгіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық заңдылықтарын ашатын таным немесе ғылым саласы.

Статистика – қоғамның, қоғамдық құбылыыстардың бет-бейнесі, айнасы ғана емес, қоғамдағы кейбір заңдылықтарды ашуға тәсіл көрсете алатын құрал немесе таным түрі. Оның әдістері арқылы өзге ғылымдар өз міндеттерін тиімді іске асыра алады. Статистика – қоғамдағы құбылыстарды нақты бір уақытқа және кеңістікке қарай сандық жағын зерттейтін ғылым саласы. Оның басты мақсаты – сол құбылыс туралы сандық мәліметтерді шығарып, қоғамдық осы тұрғыдағы қажеттілігін қамтамассыз ету. Яғни, мемлекетті статистикалық мәліметтермен  қамтамасыз ету және ол құбылыстардың сандық жағынан дұрыстығын, заңдылығын ашып беру. Демек, статистика сапа мен санды қатар қолданады. Ол өзінің міндетін математикада дайындалған, сонда пайдаланатын есептеу тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырады. Нәтижесінде математиканы емес, қоғамдық құбылыстардың белгілі бір уақыттағы және кеңістіктегі сандық мәліметін жариялайды, оның өзге құбылыстармен қатыстылық деңгейін анықтайды.

Кез келген мемлекет өз аумағындағы барлық салаға есеп жүргізеді және сол есептің көрсеткіштеріне қарай ол салаларға байланысты алдағы міндеттерін анықтап, сол құбылыстардың нәтижесі туралы саясатын белгілейді. Яғни, статистика – қажеттілікпен пайда болған, барлық ғылымдарға ортақ сала.

Жалпы, «статистика» сөзі көп мағыналы. Деректану ғылымының өзінде ол үшін мағынада кездеседі, оларды нақты айыра білу қажет. Біріншіден, статистика деп (статистикалық ақпарат) – статистикалық өңдеуге ұшыраған кез келген қайталанатын мәліметтерді айтады. Екіншіден, түрлі ғылымдда, сандық зерттеулерде қолданылатын математикалық әдістің ғылыми түрін атайды. Үшіншіден, ол – тарихи дерекктің бір түрі.

Бұл тарихи деректің есепке алынатын, тіркелетін құжаттардан айырмашылығы, статистикалық мәліметтер кез келген басқарманың шешімі үшін, кез келген аймақтағы ұзақ уақытқа жоспарланған саясаттың шешімі үшін де, қоғамдық процестердың даму үрдістерін анықтау үшін де маңызы зор. Ол мәліметтер ең алдымен өзіндік әдіс-тәсілдермен жинақталады,и кейінен арнайы маман статистиктер арқылы өңдеуден өткізіледі де кез кедген салада нақты шешім қабылдауға көмектеседі. Өйткені, осы деректер арқылы кез келге аймақтағы түрлі саланың (ауыл шаруашылығы, демография, әлеуметтік-экономикалық) сандық дамуы айқындалып, оның жағдайы төмен, орташа немесе жоғары екендігні анықталып, соған сай шешімдер мқабылданады.

Статистикалық деректердің басты құндылығы – олар зерттеушіге кең көлемде (массовый) мәлімет береді. Оларды әр салада дұрыс пайдалана білу зерттеушіге тарихи құбылыстардың бірегейлігін, сабақтастығын ерекшелігін оларға тән тарих ғылымының дамуындағы заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.

Статистикалық деректерге статистикалық зерттеудің барлық сатысында пайда болған мұрағат деректері мен жарияланған материалдар жатқызылады.

 Мұндай материалданға тек қана жариялданған статистикалық еңбектер мен алғашқы өңделмеген статистикалық мәліметтер ғана емес, оған сол статистикалық зерттеудің арнайы зерттеу бағдарламасы, зерттеуге қатысты нұсқеулар (инструкция) мен ағымдағы тіркеуге байланысты құжаттар, алғашқы тіркеу құжаттары (оған тіркеу карточкасы, бланкілер, анкета, формулярлар, ведомосттер, түрлі есептер мен бухгелтерлық есептер, схемалар және т.б. құжаттар жатқызылады). Статистикалық зерттеудің мақсатын және мәлімети алу әдіс-тәсілін анықтайтын бағдарламалар, арнайы нұсқаулар және т.б. құжаттар стртистикалық зерттеудің дерегі бола алады. Өйткені, барлық статистикалық зерттеулердің мақсат-мінтерттері, нәтижелері мен соңғы қорытыдысы, басылып, жарияланған статистикалық жинақтардың сапасы осы құжаттардың мазмұнына тікелей тәуелді болады.

Статистикалық зерттеулер алдын ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен арнайы бағдларламасы қабылданады. Бұл бағдарламада зерттеудің мақсаты мен міндеті, зерттеуге қажет обьектілер нақты мәселе нетіндеқойылады. Осы бағдарламаға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар жасалды. Зерттеу жұмысына қатысатын топтың құрамы анықталып, схета бойынша олардың жалақылары бекітіледі. Осы жұмыстардан кейін арнайы топ статистикалық мәліметтерді жинақтап, өңдеп, жариялап, қажетінше пайдалаып отырады. Міне, осы статистикалық зерттеулердің негізінде статистикалық деректер пайда болады. Әрине, бұл деректердің мазмұны, белгілерген мақсат-мүддесі, міндеті де әртүрлі болатыны хақ.

Ресей империясының статистикалық негізі ХVIII-ХIХ ғ. I-жартысында қаланды. Бірақ ол кездердегі статистиканың өрісі тар еді, өйткені, мемлекеттік басқармалар тек мемлекеттің мүддесіне қажетті дегн құбыластарды ғана зерттеу нысаны етіп алды. Тек 1860 жылдан бастап Орталық статистикалық комитеттің құрылуы, статистиканың жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады. Осыдан кейін халық санағы, өнеркәсіп, ауылшаруашылық санақтар жүргізіліп, онда жинақталған ақпараттар баспадан жарық көріп отырды. Статистикамен тек қана мемлекеттік мекемелер мен земство ған емес, неді онымен акционерлық қоғамдар мен кәсіпорын ұйымдары айналысты.

Ресейдің мемлекеттік статистикасының құрылысы кең болды. Тиісті материалдарды жинақтап өңдейтін әр мекеменің статистикалық бюросы болды. Ішкі істер министрлігінде орталық комитет жұмыс істеді, провинциядағы ұйымдарға губерниялық, облыстық статистикалық комитеттер қызмет етті. Белгілі статистик маман А.А.Кауфман осы кезеңдегі статистиканы 3 түрге бөлді: мемлекеттік, жеке және земстоволық. Оның ішінде мемлекеттік статистика халық санағын жүргізді. Жеке статистика жеке бір адамның ұйымдастырған мтатистикалық зерттеуіән құрады. Мұндай статистиканың ерекшелігі терең зерттеу жұмыстарынжүргізе алғанымен, кең аумақты аудандарға немесе әлеуметтік көпшілікке өз қызметін көрсете алмайды. Алземстволық статистикада осы екеуінің зерттеу әдісін белгілерін өз бойында сақтап, мемлекеттік статистика сияқты нақты зерттеулер жүргізе алды.

Статистикалық ақпараттарды жинау ме өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру тәсіліне қарай статистиканы 4 топқа бөлуге болады: бөлек ведомсвалармен жинақталатын статистика: Орталық статистикалық  комиттетің статистикасы: земство статистикасы; ғылыми мекемелердің ғылыми мақсатта жинайтын статистикасы:

1864 жылы земство реформасы жүргізілді, осыдан бастап жергілікті өзін өзі  басқару органдары – земстволар құрыла бастады. Олардың басты міндеті шаруалардың экономикалық жағдайын терең зерттеу болды. 1871 жылдан бастап земствода статистикалық мекемелер дерлік статистикалық органдар құрырды. Земстволық статистиканың ең маңызды міндеті – жылжымайтын мүлікті бағалау және ең алдымен жерді бағалау болды. Әрбір земстволық статистикалық мекеме кішігірім ауданды зерттреу нысаны ретінде алғанымен, ол бүкіл Ресей бойынша материалдар бере алды.

ХIХ ғ-дың 70-жылдарыда земстволық статистика 2-ге бөлінді: негізгі және ағымдағы. Негізгі статистикалық зерттеулер белгілі бір уақытта жүргізілді. Ал ағымдағы статистикалық зерттеу күнделікті жүргізілді. Неігзгі статистикалық зерттеулер экспедиция әдісімен жүзеге асырылды. Ал ағымдағы зерттеу анкеталар мен сауалнамаларды жан- жақа жітеру арқылы мәліметтер жинақтады. Әрине, бұл ретте мәліметтердің сапасы, шынайылығы жағынан негізгі статистикалық зерттеу жұмысының маңызы зор еді. Өйткені, олар арнайы экспедиция арқылы, сол зерттеленетін аймақта болып, жұмыстың бюасынан соңына дейін сонда мәлімет жинаумен айналысады. Және ол зерттеулерді арнайы топогарфтан, статистиктер, ауылшаруашылық жұмыстармен шұғылданатын адамдар. тілмаштар, тіркеушілер бірлесе отырып зерттеу жүргізеді.

Земстволық статистиканың материалдары - ХIХ  ғ-дың II жартысы мен ХХ ғ-дың басында тарихтың көптеген мәселелері үшін құнды дерек көзі болып табылады. Оларға әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихқа байланысты құнды мәліметтер баршылық. Олардың құндылығы да сапасы да жоғары. Жарты ғасырдың ішінде земстволық статистикалық органдар 100-ден аса түрлі зерттеулер жүргізіп, 1000- нан аса зерттеу материалдарын жариялады. Бірақ бұл бай материалдар әлі күнге дейін мұрағат сөрелерінде, жарияланған кітаптарда шаң-тозаңда құрып жатыр. Әрине, бұл келеңсіздік осындай көпкөлемді мәліметтермен жұмыс істеудің қиындығынан туындап отырғандығы сөзсіз. Сондықтан да мұндай деректердің ерекшелігінен шыға отырып, арнайы зерттеу әдіс-тәсілі мен оларды тарихизерттрулерде пайдалау әдісін жасау қажет.

Статистиканың әдістері дегеніміз - әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың сандық жағы туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сәйкес сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде жүргізілетін осы саладағы ерекше қызмет жүйесі. Ол 3 түрлі кезеңнен тұрады:

1.     Жаппай бақылау;

2.     Мәліметтерді жинақтау және тортастыру;

3.     Топтастырылған немесе өңделген мәліметтердің көрсеткіштеріне талдау жасау;

ХIХ ғ. II жартысы мен ХХ ғ. басында патшалық Ресей империясының тарапынан көптеген санақтар мен стптистикалық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттнулердің нәтижесінде сол кезеңдегі қоғамдық өмірдің сан қырына байланысты көлемді статистикалық мәліметтер жинақталды. Олар арнайы өңделіп, біразы жинақ ретінде басылып шығарылды. Мәселен, Жер және мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан 1896-1903 ж. Қазақстанның Далалық 3 облысына Ф.А. Щербина бастаған. 1907-1909 ж. Ақмола облысына В. Кузнецов бастаған. 1906-1913 жж. Сыр-Дария болыстарына В. С. Скрыплев бастаған. 1904 жылы ТОрғай-Орал обдлыстарына П. Хворостанский бастаған зерттну экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың ортақ мақсаты келімсектерді қазақ жерінен «артық» деп табылған жерлеріне қоныстандыру арқылы патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асыру болатын. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақтардың жер пайдалануы, шаруашылығы, мал саны, адам саны, егіндік-шабындық жерлері туралы бай статистикалық материалдар жинақталып, олар кітап ретінде жарық көрді. Олардың мәліметтері әлі күнге дейін арнайы, ұлттық тұрғыда деректанулыфқ талдаудан өтпей, тарихи зерттеулерде де көп пайдаланып жүрген жоқ.

Осы тұста біз «Қырғыздардың (қазақтардың.) жер пайдалану материалдары...» (Бұдан былай «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» Т.Н.) атты статистикалық мәліметтерді құнды дерек көзі ретінде пайдалану үшін деректанулық талдаудан өткіземіз.

Кез келген тарихи жазба деректі пайдалану үшін оны сыни тұрғыда бағалау қажет, яғни, оның пайда болуын сынау (қашан, қайда, кім, қандай мақсатта және қандай деректердің негізінде жасалғандығын) анықтау; шынайылығын анықтау (дерек түпнұсқа ма, көшірме ме немесе жасанды бұрмалаған ба); мазмұнын талдау (деректе қандай мәселелер қарастырылған, қандай фактілер кездеседі, олардың шындыққа жақындығы мен интерпретациялау). Осындай деректанулық талдаудан кейін ғана деректің жарамдылығы мен тарихи зерттеулерге пайдалануға болатындығы анықталды. Осы процестердан кейін ғана зерттеуші деректердегі мәліметтерді талдауға, осы мәліметтерде көрініс тапқан фактілер мен құбылыстарды тнориялық жағынан меңгеруге бағыт алады. Енді осы зерттеу схемасын статистикалық деректерге пайдаланып көрейік.

Статистикалық деректерді пайдалануда зерттеуші ең алдымен жарияланған статистикалық жинақтарға көңіл аударадыБұл ретте «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» дерегін аламыз. Мұндағы статистикалық мәліметтерді арнайы маман-статистиктер өзіндік әділ-тәсілдермен жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіріп, өңдеуден өткізіп қойған. Алайда бұл мәліметтердің шынайылығын, ондағы басты концепцияны анықтау үшін – деректің пайда болуын анықтау қажет. Өйткені, деректің пайда болуын анықтау деректің ішкі мазмұына, мақсат-міндетіне әсер еткен факторларды айқындауға көмектеседі. Ал оны тек қана осы статистикалық зерттеуді ұйымдасртыру тарихынан және сол аймақтағы, сол кезеңдегі ғылымның жалпы жағдайын білгенде ғана іске асады.

Статистикалық деректерді зерттеу үшін, ең алдымен ол статистикалық мәліметтерді жинақтау үшін құрастырылған бағдарламамен танысу қажет. Зерттеу бағдарламасы деп бақылау жүргізу кезінде жиынтықтың әрбір бөліктерінен алынуға тиісті, ғылыми негізделген белгілердің тізімін айтамыз. Оның маңызы тіркеуге жататын құбылыстардың тек өзін ғана анықтамай, сонымен бірге тіркенген бірліктерден топтастьыруға қажетті белгілерді анықтауды білдіреді. Бағдарламада көрсетілетін сұрақтар зерттеу обьектісіің түріне және статистикалық мәліметтің қолденылу аясына қарай анықталады. Осы тұста бұл бағдарламаы кім және қандай мақсатта құрастырғанын анықтап алу маңызды. Ал бұл мәліметтер кез келген статистикалық деректердің алғысөзінде немесе бағдарламасында айтылады.

Мәселен, «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» дерегінің 1-томына осы зерттеу жұмысының мақсаты, бағдарламасы, әдіс-тәсілі, зерттеу жұмысы кезінде туындаған қиындықтары туралы мәліметтер сақталған.

4.Ф.А.Щербина, В.Скрыплев, В.Кузнецов, П. Хворостенский басшылығымен жүргізілген экспедициясының алғысөзінде олардың ортақ мақсаты переселендерге қазақ жерін бөліп беру екені айқын көрсетілген. Қазақтың кең байтақ жерін табиғи-географиялық, шаруашылық, ру-тайпалық құрылымын зерттеу арқылы қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығына, көшіп қонуына қажетті жер мөлшерін анықтап, қалған жерлерді қоныс аудару қолдарына аудару болды. Сондықтан бұл экспедициялардың мақсаттары ортақ болды, яғни, Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау еді.

Экспедиция бағдарламасындағы сұрақтар статистикалық формуляр деп аталатын құжаттарға көшіріледі. Формулярлардың өзі карточка, анкета, есеп беру жіне т.б. әр түрлі болды. ОЛ бағдарламаның мазмұнын және бақылау нәтижесін білдіретін құжат болып табылады.  ХIХ ғ-дың соңындағы қазақ жерлерін зерттеу экспедициясы өз бағдарламасын көптеген пікірталастар мен арнайы екі облысқа байқау (пробный) жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана нақтыланады.

Бұл экспедициялардың бағдарламаларына тоқталар болсақ, 1896-1903 ж. Ф. Щербина экспедициясының бағдарламасы жалпы 17 тараудан, 93 кішігірім қарастырылатын мәселелерден тұрады. Негізгі 17 тарауында: Рулық бастама; Шаруашылық ауылдардың тарихы; Жер пайдалану формасы; Мал шаруашылығы; Пішен шабу; Жер өңдеу; Бақшашылық және бау егіп өсіре; Орман және тоғайлы жерлер; Жерді малға беру (аренда); Өнеркәсіп және жалақы; Алым-салық және борышы; Қырғыз отбасының ерекшелігі; Ортақ шаруашылық істер; Сауда; Несие (кредит); Халықтың қажеттілігі; Табиғи-жаратылыс жағдайы қарастырылуы қажет еді. Мұнда экспедиция ең алдымен  рулық бастамаға егжей-текжейлі тоқталған. Онда:

-Болыстар бойынша рулар кестесін жасау:

-Қыстаулырдың құрылуы мен оларды өзара бөліп алуға рулық бастаманың ықпалы және оған байланысты ауызша аңыз-әңгімелер сақталған ба соны анықтау;

-Рулық бастаманың бірнеше шаруашылық ауылдардың бір топқа бірігіп, бір жайылымды бір-біріне хабарлап пайдалану, басқа да көшпелілерден өз мүдделерін қорғауға ықпалы бар ма екендігін анықтау;

-Рулық бастаманың некелік қатынастар арқылы дербес шаруашылық құрып немесе дербес үйдің пайда болуына себепші болуына әсерін тигізуі;

-Билеуші болыстарды, билерді, ауылдық старшындарды және т.б. сайлауда рулық қатынастардың ықпалы болды ма? Ру аралық еке алу бар ма?(5), - деген мәселелер қарастырылды.

Бұл сұраулар арнайы карточкалар, сауалнамалар, формулярларға толтырылып, барлық бағдарламадағы мәселелердің сандық көрсеткіштері жинақталды. Жинақталған мәліметтер жүйеленіп, арнайы статист мамандар анқылы есепке алынды. Осыдан кейін ғана маңызды деген мағлұматтар жинақтылып, ықшамдалып «Қазақтардың жер пайдалану материалдарында...» бірінен соң бірі томдықтар болып, баспадан шығып отырды.

Көріп отырғанымыздай, бұл экспедиция қазақ қоғамының бүкіл қырынан құнды да бай мәліметтер береді. Осы дайын бағдарлама қазақ жерін зерттеу экспедицияларына негіз болды. Оның негізінде Ақмола, Семей, Орал-Торғай, Сырдария, Жетісу облыстары зерттелді.

Мәселен, қазақ шаруашылығына қажетті жер фомасын ең алғашқы зерттну экспедицияларының басшысы Ф. А. Щербина былайша есептеп шығарды. ОЛ қазақтардың орташа отбасына біріншіден, қажетті мал басын, екіншіден, әрбір мал басына қажетті әр түрлі жайылымдардағы десятина жердің көлемін анықтап алуда, содан кейін екеуін көбейту арқылы әрбір орташа қазақ отбасына қажетті жер мөлшерін шығаруды ұйғарды.

1 орташа отбасына қажетті жер мөлшері = х*у =z;

Мұндағы х – орташа отбасына қажетті мал саны =24; у=бір бас малға 12 айда қажетті жер көлемі (десятина); Осы шыққан сандарды көбйту анқылы қажетті жер «нормасы» шығарылды.

Бұл мәліметтерді пайдалануға математикалық әдістерді жүзеге асыру қажет. Сонд ағана жүйелі, әрі нақты деректерді алуға болады және де мәліметтердің шынайылық деңгейі анықталады. Қазіргі таңда математикалық әдісті С.А. Жакишева, Г.Ә.Ерменбетова сынды зерттеушілер өз еңбектерінде сәтті қолдануда.

Зерттеуші Т.П.Волкова осы «Қазақтардың жер пайдалану материалдарының...» ақпараттық мүмкіндіктерін қарастыра отырып, бұл дерек мәліметтерінің шынайылығы мен оларды пайдалаеу әдісін жасады. Ол өзінің «Материалы по киргизкому (казакскому) землепользованию, собранные и разработаные по исследованию степных областей» атты диссертациялық жұмысында деректегі статистикалық мәліметтерге корреляциялық талдау жүргізді.  Онда екі деректегі коэффициенттерді корреляция арқылы салыстыру жүргізілді. Бұл әдісті ең алғаш рет Д.Н.Иванцов қолданып, деректену ғылымында жақсы жетістіктерге жетті.

Корреляциялық талдау корреляциялық коэффициенттердегі сандық көрсеткіштерді, олардың ішкі байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді. Салаластырылып отынған екі деректегі корреляциялық коэффициенттердің көрсеткіштерінің шамасы бір біріне жақын болуы, бұл деректердің алған көрсеткіштерінің жақындығын көрсетеді. Осының негізінде зерттеліп отырған мәліметтердің шынайылық деңгейі анықталады.

Бұл статистикалық мәліметтрге корреляциялық талдау жасау үшін, ең алдымен мәлімет көрсеткіштерінің маңыздылығы айқындалуы қажет. Мәселен, Т.П. Волкова өз зерттнулерінде халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінде маңызды деген мынандай көрсеткіштерді таңдап алған: жер пайдалану және жалпы олардың саны), мал (жылқы, түйе, ірі қара, қой және ешкі саны), ауылдар саны, шаруашылықтар саны. Осы көрсеткіштерді «1893 жылдағы болыстар мен қоныстанған орындар» деп аталатын Ақмола, Семей, Тоағай облыстарына байланысты басылымдарды салыстыру үшін пайдаланған.

Осылайша есептеуіш машинаны пайдалана отырып, корреляцияның матрицасын жасады. Осы анализдің негізінде дерек мәтіметтерін екі топқа бөлуне болады: «толық шынайы емес, яғни күмән келтіретін» және «толық шынайы». Мұндағы күмән мәліметтерге жер пайдалану,әйел саны, жалпы тұрғындар саны, жылқы саны жатқызылады. Ал деректегі шынайы мәліметтерге ерлер саны, түйе саны, ірі қара саны, қой мен ешкі саны, ауыл саны, шаруашылық саны жатқызылады.   

Осы тұста сандық жағынан шынайы мәліметтер күмән келтіретін мәліметтерден көп болып тұр. Бұл деректің жалпы тұтастай шынайылығы жоғары деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

ХIХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақтың кең байтақ жерін зерттеу экспедицияларының нәтижесінде осындай көп көлемдегі статистикалық деректерді математикалық әдіс арқылы дұрыс есептеу, оның шынайылығын айқындау сол кезеңдегі қазақ қоғамының сан қырынан сапалы да құнды сандық мәліметтер беретіні хақ.

Статистикалық деректердің маңызы, оқу әдістері мен қолдану принциптері. Статистикалық деректердің түрлері. Облыс, губерниялардың есеп беру жұмыстары. Облыстарға «Шолу» статистикалық деректердің бір түрі ретінде. Зауыт және фабрика тарихы статистикалық материалдарда. Халық санағы Қазақстан тарихын оқу дерегі ретінде(1897, 1916,1920,1923,1926,1937,1939,1959,1970,1979,1989,1999, 2009).

Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер. Статистиканың ғылымға дейінгі кезеңі. Статистиканы сипаттау. Қазақстан территориясында есеп жүргізу ұйымдарының құрылуы. Статистикалық деректердің маңызы, оқу әдістері мен қолдану принциптері. Статистикалық деректердің түрлері.Облыс, губерниялардың есеп беру жұмыстары.Облыстарға «Шолу» статистикалық деректердің бір түрі ретінде. Зауыт және фабрика тарихы статистикалық материалдарда.
Тақырып 14-15. / Тема 14-15. Кеңестік кезендегі Қазақстан тарихының дерек көздері

Дәріс тезистері. / Тезисы лекций

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы деректері кешеніндегі (комплекс) типологиялық өзгерістер пайда болды, олар: 1) Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттар; 2) Кеңес мемлекеті заңды және атқару органдарының актілері; 3) мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдардың іс жүргізу құжаттар (мәдени-ағарту, баспасөз ғылым және ғылыми мекемелер, зауыт, фабрика, одақтар – Қазақстан Лениншіл Коммунистік жастар одағы, түрлі творчестволық одақтар); 5) халық шаруашылығының жоспарлау материалдары; 5) саяси құғын-сүргін құжаттары; 6) кеңестік статистика; 7) кеңестік мерзімді баспасөз (публицистика, листовкалар, үндеулер (обращения)); 8) жеке адамдық құжаттар; 9) халықаралық келісімдер, дипломатиялық хат-хабар. Бұрын тәжірбиеде кездеспеген деректер пайда болды: декрет, конституция, социалистік жарыс туралы келісім, социалистік міндеттеме , коммунистік еңбек бригадасының күнделіктері т.б.



7.Практикалық еминарлық) сабақтар / Содержание практических (семинарских) занятий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет