Иммобилизденген фермент


Мезофилл жасушаларының хлоропластарында



бет5/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс

Мезофилл жасушаларының хлоропластарында жарық реакцияларының жүруі басым және АТФ-тың көп мөлшері, НАДФН және O2 түзіледі. Іс жүзінде РиБФ-карбоксилаза болмағандықтанCO2 фиксацияланбайды (CO2 цитоплазмада ФЕП-карбоксилаза арқылы фиксацияланады).
Өткізгіш шоқтағы қабықшалы жасушалардың хлоропластарында жарық реакциялары өте төмен жылдамдықпен өтеді және аз өнім түзіледі. РиБФ-карбоксилазаның жоғары концентрациясы CO2-нің C3 өсімдіктеріндегідей, бірақ тиімділігі жоғарырақ болатындай фиксациялануына ықпал етеді.
C4 фотосинтезінің артықшылығы – ол көміртегінің жоғарырақ концентрациясын өндіреді, бұл C4 өсімдіктерінің құрғақ жерлерде, жоғары температураларда, тұздану және CO2 жетіспеушілігі жағдайында өмір сүруіне ықпал етеді.
Гипотеза: C4 өсімдіктер жапырағының мезофилл құрылысы, C3 өсімдіктер жапырағының мезофилінен қабықшалы жасушалардың болуымен ерекшеленеді.
Құрал-жабдықтар:

Қауіпсіздік техникасы

  1. халат және резеңке қолғаппен жұмыс істеу керек;

  2. шынымен абайлап жұмыс істеу қажет (микропрепараттар);

  3. микроскоппен абайлап жұмыс істеу: көзді және бетті зақымдап алмау үшін микроскоптың көру түтігінің қасында шұғыл бұрылыстар жасамау және микропрепараттың шынысын сындырып алмау үшін объективті көз деңгейінде бақылап төмендету керек.

Жұмыс барысы:

  1. C3 және C4 өсімдіктер мезофилдерінің «мылқау» суретіндегі құрылысын қарастыру;

  2. C3 және C4 өсімдіктер жапырақтарындағы мезофилл құрылысының ерекшеліктерін суреттеп, жазып көрсету;

  3. C4-өсімдіктер мезофилінің «мылқау» суретіндегі құрылысын қарастыру;

  4. C4 өсімдіктер жапырақтарындағы мезофилл құрылысының ерекшеліктерін суреттеп, жазып көрсету (қабықшалы жасушалар, мезофилл);

  5. микропрепараттардағы C3 және C4 өсімдіктер мезофилінің ішкі құрылысын қарастыру;

  6. кестені толтыру арқылы C3 және C4 өсімдіктерінің анатомиялық құрылысын салыстыру;

  7. қорытынды жасау.




1 – эпидермис;
2 – жасушааралық кеңістіктер;
3 – мезофилл;
4 – өткізгіш шоқ;
5 – қабықшалы жасуша (клетки обкладки).

№4 зертханалық жұмыс «С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының мезофилін микропрепараттар арқылы зерттеу» зертханалық жұмысы
2-конспект




  1. Окуляр

  2. Көру түтігі

  3. Револьвер

  4. Объектив

  5. Тұтқа

  6. Заттық үстелше

  7. Жарық көзі

  8. Макрометрлік бұранда

  9. Табаны

  10. Қысқыш



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет