Иммунитет, оның түрлері, маңызы


Сұрақтарға жазбаша жауап беру



бет3/3
Дата16.12.2021
өлшемі19,8 Kb.
#101828
1   2   3
Байланысты:
Иммунитет

2.Сұрақтарға жазбаша жауап беру:

1. Организмді қорғау механизмдері мен факторлары?

1. Организмді қорғау механизмдерімен

факторлары екі топқа бөлінеді:

1.Туа пайда болған қорғаныс факторлары

немесе бейспецификалық төзімділік

факторлары.

2.Индуцибельді қорғаныс факторлары – белгілі

бір инфекциялық агентке немесе бөгделі

қасиеттері бар басқа субстраттарға иммундық

жүйені спецификалық реакциялары.



2. Иммунокомпетенттік жасушалар және олардың қызметі?

2. иммунокомпетенттік жасушалардың – Т- және

В-лимфоциттердің

( яғни, тимотәуелді және сопақша ми лимфоциттері) қызметіне тікелей байланысты.Т-лимфоциттер қызметтері бойынша әр түрлі болып келетін белсенді лимфоциттерге айналады, ал

В-лимфоциттер арнайы ерекше иммуноглобулиндерді – антиденелерді түзетін плазмалық жасушаларға

айналады. Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді, ал В-иммунитеттер гуморальді

иммунитетті қалыптастырады.

3. Жасанды иммунитет?

3.Жасанды иммунитет- ауруды

болдырмау үшін алдын ала егудің

немесе биологиялық препараттар

енгізудің нәтижесінде түзілген

иммунитет.



4. Жасанды белсенді иммунитет дегеніміз не?

4.Жасанды белсенді иммунитет - әртүрлі жұқпалы ауруларға

қарсы вакцина жүргізгенде пайда болады, сондықтан оны

поствакциндық иммунитет деп атайды. Оның ұзақтығы және

кернеуі көптеген факторларға байланысты, көбінде

вакциналық, антигендік, иммуногендік қасиеттерімен, оны

енгізу ретімен әдістеріне және т.б. байланысты. Ол бір жылдан

бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін.



5. Фагоцитоз процессі?

5.Фагоцитоз процесі 5 кезеңнен тұрады:

1.Фагоциттің жұтатын обьектіге жақындауы (хемотаксис)

2.Жұтатын заттың фагоцит бетіне адсорбциялануы (адгезия)

3.Затты жасуша мембранасын инвагинациялап, протоплазмада фагосома түзу арқылы жұтуы.

4.Фагосоманың жасуша лизосомасымен бірігіп фаголизосома түзуі.

5.Лизосомальдық ферменттерді белсендіріп, олардың көмегімен фаголизосомадағы заттарды қортуы.

6. иммундық жүйе дегеніміз не?

6.Иммундық жүйе - организмді инфекциялардан және де жат агенттерден қорғайтын еркін ағзалар мен жасушалардың бірлестігі. Әрбір организмнің меншікті биологиялық ерекшелігін қамтамасыз ететін кешенді жүйе.



7. Иммунитеттің түрлерін атаңыздар?

7.Иммунитеттің түрлері



Иммунитет – адам ағзасының қоршаған ортада кездесетін әртүрлі бөгде заттарға қарсы тұру және қабылдамау қабілеті. Иммунитеттің түрлері: туа біткен иммунитет, яғни ген арқылы берілетін немесе анадан балаға берілетін иммунитет. Кейіннен пайда болған иммунитет белгілі бір инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін пайда болатын табиғи иммунитет және адамдарда белгілі бір инфекциялық аурулардан сақтау мақсатында егу арқылы пайда болатын иммунитет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет