Индустрияландыру


«Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз



бет3/19
Дата23.02.2023
өлшемі215,5 Kb.
#169937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
история билеты

11.«Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз.
Доктрина- іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар жиынтығы.Саяси доктрина саяси іс-әрекетті ұйымдастыруға және саяси құбылыстарды қарастыруға арналған өзара келісілген қағидаттар жиынтығы, бірізділікпен құрылған тұжырымдама болып табылады. Доктрина көбіне билік үшін күрестің, саяси қозғалыс мүшелерінің ықпалдастыру құралына айналады.
Зайырлық- саясаттың діннен оқшаулануы, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Зайырлы мемлекетке мысал келтірер болсақ, өз еліміз яғни Қазақстан Республикасын атап өтсек болады. Дінге, сөзге, сенімге ешқандай шектеу жоқ. Қазақ елінің шаңырағының аясында 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері қоныстанып отыр. Әрбір адамның ұстанатын діні, идеологиялық сенімі әртүрлі.
12. Ирредента - этностың өз тарихи отанында тұрып, алайда ол аумақ түрлі себептерден өзге ел құрамына енген соң, қалған өкіл этностық азшылықты сезеді. Мысалыға ирредентке Қазақстанмен шекаралас Ресей аудандарында, Баян-Өлгей аймағында және Моңғолиядағы, Қытайдың Қазақ автономиялық уездерінде, Өзбекстандағы тұратын қазақтар жатады.


Диаспора - халықтың өзінің тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі/тобы. Қазақстан аумағынан тыс 5 млн.астам қазақтар бұрынғы КСРО-ның 14 мемлекетінде және әлемнің 25 елінде тұрады. Олардың 700 мыңнан астамы типтік диаспораны білдіреді.
13. Шежіре (араб. — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Сәбит Мұқановтың анықтамасы бойынша «Шежіре» деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректер. Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Шежіре арқылы адамның тегі, ата қонысы, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адами құқы, т.б. болмыс білінетін болған.
Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Мысалы көрімдік, сәлем беру, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор.
14. Автохтонды халық - белгілі бір аймақтың ең ежелгі халық тұрғындары, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алған этномәдениет.
Этнос - [грек. - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Географиялық орны мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет