Индустрияландыру



бет7/19
Дата23.02.2023
өлшемі215,5 Kb.
#169937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
история билеты

27. Репатриация - түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды өз отанына қайтару үшін мемлекет ұйымдастырған процесс.

Депортация — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген. Термин 18-19 ғасырларда Франция қылмыстық заңнамасында жер аударудың ерекше түрін атауда қолданылған. Ал 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды.
28. «Дәстүрлі (аграрлық) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» терминдеріне анықтама беріңіз.
Дәстүрлі экономика- табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.
Жоспарлы Экономика – КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда барлығы мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметін жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.
29. Ұлы Ақтабан шұбырындысы, Алқакөл сұламасы 1723-1727 жылдары болды. XVIII ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі апатты оқиғалар.
Ашаршылық жылдарында қазақтар Жетісудың бай жайылымдарына айырылып, қоныс аударудың дәстүрлі бағыттары бұзылды. Сауда, қолөнер орталықтары құлдырады, мал саны күрт азайды.
Зар заман - ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің хан билігін жою кезеңі. 1867-1868 жылдары реформалар енгізілгеннен және оның негізінде жаңа тәртіп орнатылғаннан кейін уақыт. Хан билігінің жойылуына байланысты халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің қиындықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды.
30. Археологиялық мәдениет - бір аумақ пен дәуірге жататын және ортақ белгілері бар материалдық ескерткіштер жиынтығы. Тасмола мәдениеті-ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан ескерткіштері жататын археологиялық мәдениет. Мысалы Тасмола мәдениеті - ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан ескерткіштері жататын археологиялық мәдениет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет