Индустрияландыру



бет5/19
Дата23.02.2023
өлшемі215,5 Kb.
#169937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
история билеты

19. Тоталитаризм-деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады.
Демократия-“халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, теңдік болады. Демократияда әділет болуы керек.

20. Интеграция - өзара ынтымақтастыққа бағытталған екі немесе одан да көп саяси құрылымдардың жақындасу/қосылу процесі. Интеграцияның классикалық мысалы - мемлекеттердің НАТО немесе ЕУРООДАҚ сияқты экономикалық, саяси немесе әскери блокқа кіруі.


Жаһандану (ағылш. «әлемдік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт.
Жаһандану - бүкіл әлемдегі экономикалар мен қоғамдардың күшейіп келе жатқан интеграциясы. Жаһандану адамзат тарихындағы табиғи құбылыс, бұл тауарлар мен өнімдерді, ақпаратты, білім мен мәдени құндылықтарды алмасу нәтижесінде әлем өзара байланысты бола бастайды.
21. «Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз. Монархия (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы - монархтың қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару нысаны.


Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.

22. Отар - бұл мықты шет мемлекеттің (метрополия) басқаруындағы тәуелді аумақ. Мұндай жерлер әдетте экономикалық және саяси биліктен айырылады және олардың басқаруы арнайы режим негізінде жүзеге асырылды.




Протекторат - бұл мемлекетаралық қатынастардың бір түрі, онда бір ел екінші елдің жоғарғы егемендігін мен мықтылығын мойындап, әсірісе халықаралық қатынастарда, өзі өз автономиясын және билеушілердің әулетін сақтайды. Протекторат - бір мемлекет екінші мемлекеттің қорғауында болатын мемлекетаралық нысаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет