Индустрияландыру


Түркі қағанатының қалыптасу кезеңін сипаттаңыз



бет12/19
Дата23.02.2023
өлшемі215,5 Kb.
#169937
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
история билеты

45.Түркі қағанатының қалыптасу кезеңін сипаттаңыз. Қытай деректері бойынша түркілер алғашқы кезде Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті.
Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде «түркі» деген сөз түркi тiлдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейін кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. «Түрік» сөзі «берік, күшті» деген мағынаны білдіріп, билік етуші Ашина әулетіне байланысты айтылды. Кейін олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ атауына айналды. Бұл тайпалардың біраз бөлiгi теле деп аталды.
VI ғасырдың басында Анағұйдың қоластындағы жужандарға бағынды және оларға темірмен алым-салық төлеп тұрды.
Түркiлер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545 інші жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қалың қолмен жужандарға шабуыл жасайды. 552 жылы жужандар әс кері талқандалады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Ор талық Азиядағы жаңа мемлекет - Түрік қағанаты осылай пайда болды.
Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке келген Мұқан қаған (553-572 жылдар) жужандарды талқандауды аяқтайды. Мұқан қаған түркілердің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті. Иштеми (Істеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орталық Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты.
Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «шекара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды». VI ғасырдың 60-жылдары Түрік қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер – Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған кезінде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.
Түркілер Орталық Азияны жаулап алып, Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды. Жібек саудасы түркі қағандарына орасан зор кіріс әкелді. Жібек матасын сатып алушы негізінен Византия еді. 568 жылы түркі елшісі Маниах Византияға қағанаттың елшілігін басқарып барды. Император сарайы түркі елшілігін аса жоғары құр метпен қабылдады. Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери-сауда келісімі жасалды. Кері қайтқанда Маниахпен бiрге Византия елшісі Земарх қаған ордасына келді.

46. Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерін сипаттаңыз.



  1. Қола дәуірі - б.з. д. III мың-б. з. д. I мың қола дәуіріндегі Қазақстан халқының моңғолоид элементтерінің қоспасынсыз прото-еуропалық нәсіл ұсынған жалпы антропологиялық негізі бар.

  2. Темір дәуірі. Сақтар мен ғұндар кезеңі. – Б.з. д. I мың – V ғасыр. Темір дәуірінде моңғолоидтық нәсілдің белгілері біртіндеп басым бола бастады, өйткені рулардың шығу тегіндегі, нәсілдік және тілдік айырмашылықтардан туындаған күрделі этникалық процесс болды.

  3. Түркі кезеңі - VI-XIII ғасырлар. Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіру, антропологиялық типін біртіндеп монополияландыру, белгілі бір аумақтарға түркі тайпаларының топтасуы.

  4. Моңғол кезеңі-XIII-XV ғасырлар. Моңғолдарды жергілікті тайпалармен ассимиляциялау процесі жүрді.

Монғолдан кейінгі кезең. Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі - XV-XVI ғасырлар. Моңғолдарды жергілікті қазақтармен алмасу процесі жүрді.

47. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерін сипаттаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет