88. «Көшпенділер әлемдік тарихи үдерістердің барысына елеулі әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Б.з.б. I мыңжылдыкта Ұлы Дала көшпелілері Шығыс пен Батыстың отырыкшы-егіншілік өркениетімен тығыз қарым-қатынас жасады. Киммерлiктер мен скифтердiң Алдыңғы Азияға, парсылардың скифтер мен сақтарға жасаған жорықтары, сақтардың парсы әскері құрамында грек-парсы соғысына катысуы, көшпелілердің Александр Македонский әскерімен және кытайлармен соғысы, Ұлы Даланың шығысында көшпелі ғұндар мен юэчжий мемлекеттерінің құрылуы, ғұндардың ықпалымен халық тардың Ұлы коныс аударуының басталуы көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа тигізген әсері болып саналады.