Индустрияландыру


XX Қазақстан халқының этникалық



бет18/19
Дата23.02.2023
өлшемі215,5 Kb.
#169937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
история билеты

75. XX Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруінің негізгі кезеңдерін анықтаңыз. Әр кезеңнің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Қазақ этносының дәстүрлі шаруашылық құрылымына алғашқы соққы 1920 жылдардың соңында жасалды, сол кезде аса ірі байлар мен жартылай феодалдар шаруашылықтарын кәмпескелеу және жер аудару науқаны жүргізіліп, ол артынша шаруаларға қарсы жаппай қуғын-сүргінге ұласты.
Ұжымдастырудың зардабы 1931 – 1933 жж. ашаршылыққа ұласты. Бұл қазақстандықтар үшін сұмдық қасіретке айналды. РКФСР ХКК төрағасының орынбасары болып қызмет еткен Т. Рысқұлов 1932 жылы бірнеше қайтара тікелей өзі Сталинге мына мәліметті жеткізді: «Балқаш ауданында 60 мың халық тұратын...солардың 12 мыңы көшіп кетті, 30 мың адам өлді, Қарқаралы ауданында 1932 жылы мамырда 50400 адам болса, ал қараша айында 15900 адам қалды...бірқатар отырықшы мекендердегі қазақтар үй-жайларын тастап, жан бағу үшін жан-жаққа бытырап кетті, Қарағанды облысында 4100 үй қаңырап тұр...».
Қаз АКСР ХКК төрағасы О.Исаевтың 1932 жылы Сталинге жазған №60 хатында жантүршігерлік мәліметтер баяндалды: «Көптеген қазақ аудандарында, 1929 жылмен салыстырғанда, тұрғын халықтың жартысы да қалмады. Аштықтың салдарынан адамдардың жаппай ісіну мен өлім-жітімі өршіп барады. 1 сәуірден 25 шілдеге дейін 111 адам өлді, оның 43-і сол шілдеде көз жұмған....». Алайда ұжымдастыру қарқыны мүлде бәсендеген жоқ. 1937 – 1939 жж. аралығындағы халық санағының демографиялық талдауы қазақ этносының аса қатаң зұлматқа душар болғанын көрсетеді. ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының деректері бойынша ашаршылық пен оның зардаптарынан Қазақ халқы 2 млн 200 мың адамды, яғни ұлттың жалпы санының 49%-ға жуығын жоғалтты.
Республикадағы жалпы демографиялық ахуалдың өзгеруіне әкелген тағы бір фактор көші-қон үрдісі болды. ХХ ғ. 30-ж. басталған Қазақстандағы көші-қон экспансиясы республиканың байырғы тұрғындарының мүдделеріне нұқсан келтіру арқылы ары қарай жалғаса берді. Соғыс жылдарында, елдің батыс аудандарынан Қазақстанға эвакуацияланған 536 мың адамнан басқа, тұтас халық, алдын ала таратылған автономиялық құрылымдар күштеп көшірілді. 1941 жылы 27 тамызда НКВД-ның «Еділ жағалауы, Саратов және Сталинград облыстары неміс автономияларынан немістерді көшіру бойынша операциялар жүргізу жөніндегі іс-шаралар туралы» бұйрығы шықты. «Қоныс аударту ісін жүргізту туралы нұсқаулық» жасалып таратылды, ал 1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Поволжье аймағында тұратын немістерді көшіру туралы» №21-160 Жарлығы жарияланды. КСРО-ның шығыс аудандарына барлығы 650 мың шешендер, ингуштар, қалмақтар мен қарашайлар күштеп қоныс аудартылды.  1944 жылы Қазақстанға Қырым татарларының 1268 отбасы, 4501 адамы, 7 мыңға жуық болгарлар мен гректер келді.
Нәтижесінде, соғыстың алғашқы жылдарында халықтың абсолюттік санының өсу қарқыны өте жоғары болды. Республика бойынша халық саны 1940 жылмен салыстырғанда, 1941 жылы орта есеппен 5,3%-ға көбейді.
Республикаға ең ірі көші-қон дүрмегі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты болды. Ол үшін Қазақстанға 1954 – 1962 жж. 2 млн-ға жуық адам келді, олардың көпшілігі европалық бөлігінен еді. 1939 – 1959 жж. Қазақстан халқының саны 1,5 еседей өсіп, 9294741 адамға жетті. Нәтижесінде, Қазақстан көпұлтты республикаға айналды.

79.«Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының бағыттарының бірі Қазақстан аумағына жіберілген ғылыми және әскери экспедициялар болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Қазақтарды отарлау үшін Ресей империясы алдымен экспедициялар жасақтап, барлау жұмыстарын жүргізді. 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдан ант қабылдатып алған ресейліктер Кіші жүз шебін қауіпсіз санап, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтарына жорық-экспедициясын ұйымдастыруды көздеді. І Петрдің нұсқауымен 1734 жылы қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны патшаның сенімді серігі И.К.Кириллов (1689-1737) басқарды. Оның көмекшісіне қазақтардың тілін, дәстүр-салтын жақсы білетін А.Тевкелев тағайындалды. Бұл экспедиция тарихта «Орынбор экспедициясы» деп аталды. Себебі: бұл экспедиция нәтижесінде Ор бекінісі салынып, кейін ол жер “Орынбор” деген атауға ауыстырылды. Міндеті: қазақ даласының жер жағдайын зерттеу және жер бедерін картаға түсіру еді. Аталмыш экспедиция отарлау стратегиясын жүргізудің қызметін атқарды. Сондай-ақ, Қазақстанды ресурстар көзі ретінде пайдалану үшін қазақ жерлерінің геологиясын зерттеуге бағытталған ғылыми экспедициялар жүргізілді, бұл отарлауды күшейтер еді Академик Н.С.Курнаков басқарған экспедиция Орталық Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттеп, зерттеу барысында Қазақстанның «Кеңес Одағының үздіксіз металлогенді провинциясы» екенін дәлелдеді. Академик И.М.Губкиннің экспедициясы Орал-Ембі мұнайлы аймағын зерттеді. Геолог Қ.И.Сәтбаевтың экспедициясы Жезқазған аймағындағы мыс кен орындарын зерттеді.

81. «Заманауи қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің бұлжымас ережелерінен толықтай бас тарту, идеологиясыздандыру, өмір құбылыстарына тарихи тәсілді тереңдету, алдыңғы қатарға ұлт мүдделерін шығару тән. Сонымен бірге көптеген қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде».Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға бірнеше дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.


Иә, мен бұл тұжырыммен толықтай келісемін. Қазіргі қазақ әдебиеті, оның барлық жанрлары: проза, поэзия, драматургия, сын мен әдеби сын тәуелсіздік пен шығармашылық еркіндік рухымен сусындап, әдебиетке басқаша түр берген ерекшеліктерге ие болды. Жоғарыда айтылғандай, ең тән белгілер социалистік реализм канондарын қатал түрде қабылдамау, өмір құбылыстарына тарихи-объективті көзқарасты тереңдету, ұлт, ел мүддесін алдыңғы орынға шығару, әдебиетте идеологиясыздану белгілерінің пайда болуы, өзгенің пікіріне төзімділік пен құрметпен қарау болды.
Бұл ерекшеліктер әсіресе Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», З.Қабдуловтың «Менің Әуезовім», Қ.Исабаевтың «Шоң би», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», А.Алтайдың «Алтай туралы баллада» романдарында және басқа шығармаларда көрінеді


86. «Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне, соның ішінде қазақтарға биліктің «хан – билер – халық» үштігі тән. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Мен берілген тұжырыммен келісемін, себебі, Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар Шыңғысхан  тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. 1465ж Қазақ хандығы құрылып, алғашқы ханы Керей болып сайланды, ал соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы. Ең маңызды саяси-құқықтық мәселелерді шешу үшін хандар билер кеңесін шақырды, оның құрамына ең беделді билер кірді. Мысалы, қазақтың ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға қатысты. Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты.
87. «Кеңестік қазақ автономиясының жариялануы және оның одақтық республикаға өтуі Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының маңызды тарихи кезеңдеріне айналды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы ХХ ғ. басынан басталады. Сол уақытта Қазақстан үшін тәуелсіздікті Алаш зиялылары алғысы келді. Бірақ та бұл олардың қолдарынан келмеді, жеңіліске қарамастан, олардың істері тәуелсіздік үшін күреске үлкен ықпалын тигізді. Мысалға, олардан кейін, Қонаев, Н. Ә. Назарбаев, және бүкіл Қазақстан халқы тәуелсіздік алуды көздеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет