Индустрияландыру


-1980 жылдардағы Қазақстанның табысты дамыған ғылым салаларын сипаттаңыз



бет16/19
Дата23.02.2023
өлшемі215,5 Kb.
#169937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
история билеты

58. 1950-1980 жылдардағы Қазақстанның табысты дамыған ғылым салаларын сипаттаңыз. Республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға - 1946 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым акдемиясының ашылуы болды. Оның тұңғыш Президенті Қ.И.Сатпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР ҒА жүйесінде 50-ғылыми зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, екі мұражай, обсерватория, үш ботаникалық бақ пен 8 ғылыми база жұмыс істеді. Сонымен қатар 20 ғасырдың 50-80 жылдырдағы республикада қазақстандық және орталыққа бағынатын ғылыми мекемелер жұмыс істеді. Олар геология, химия, география, медицина, ауылшаруашылық ж/е т.б салаларда табыстарға жетті.
Мысалы:
1) 1956 ж Қ.И.Сәтпаев басшылығымен ғалым-геологтар Орт.Қз-ның болжамды-металлогендік кешенді картасын құрастырды.
2)20 ғ 60-80 жж мұнай кен орындарын игере бастады.
3) 1960 ж аса ірі су құрылысы Ертіс-Қарағанды каналы салынды.
4) Бидайдың жаңа сұрыптары шығарылды.
-1945 Тарих, археология, этнография институты құрылды. 1961 ж Ш.Уәлиханов есімі берілді. Институтта Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов, А.Нүсіпбеков, Б.Сүлейменов, Г.Дахшлейгер, Х.Арғынбаев т.б білікті мамандар жұмыс істеді.
-1957-1959 жж „ ҚазКСР тарихының“ екі томдығы шықты
-1958 ж Философия ж/е құқық институты, 1961 ж Тіл білімі, өнер, әдебиет институты ашылды.
Қорытынды: 20 ғ 50-80 жж арасында осындай жетістіктерге жетті. Салдары: 500-ге жуық (50 ж соңына дейін) аспирант болды. 1985 ж 40 мыңнан астам ғылыми қызметкер болды.

59. Жастарға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттаңыз.


Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама. 1993 жылғы 5 қарашада ҚР Президенті Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға (жетекші компаниялар мен университеттерде) мүмкіндік береді. Сөйтіп "Болашақ" бағдарламасы жоғары білікті мамандар элитасын қалыптастыруға ықпал етеді. Оның түлектері қоғамның дамуына оң әсер етеді, яғни азаматтық, бейбітшіл кәсіпкерлік қоғамды құра отырып, елдің технологиялық дамуына ықпал етеді.

60. Тәуелсіздік жылдары білім беру және мәдениет саласында жүргізілген реформалар туралы айтып беріңіз.


Отандық мектепке дейінгі "Балбөбек", "Қайнар", "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" және т.б. бағдарламалар жүзеге асырылды. Олардың бас мақсаты ол бала кезінен бастап бала тұлғасын қалыптастыру, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын қарау. Сосын 1 800-ден астам мектеп салынды. Жаңартылған білім беру мазмұны бар 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) құрылды, олардың тәжірибесі кезең-кезеңімен бүкіл білім беру жүйесіне таралады.
1999 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары оқу орындарының студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделіне көшті.
Мәдениетке келетін болсақ, музыкалық өнерді одан әрі дамытуды және орындаушылардың шығармашылық өсуін ынталандыру мақсатында халықаралық фестивальдар мен конкурстар өтті. Мәдениетті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Қазақстан 49 жақын және алыс шет елдермен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

61. «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.


Бұл тұжырыммен келісуге де келіспеуге де болады. Себебі қазіргі кезде адам өзін-өзі дамытып, белгілі бір салада білім алумен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі коучингтер, тренингтер, платформалар бар. Бүгінгі таңда блогерлерді алып қарайтын болсақ, олар СММ, таргет, мобилография арқылы қыруар қаражат тауып отыр. Бірақ мұның өзіне де білім керек. Себебі СММ-ң қыр-сырын барлығы бірдей біле бермейді. Ол үшін алдымен сол курсты оқып алу керек, содан кейін ғана түрлі контенттер, влогтар, вайндар түсіріп, ақша табуға болады. Сондықтан да қай жағынан алып қарасаң да білім керек. Ал келіспеуге болатын жағына тоқталатын болсақ, кезінде сабақты жарытып оқи алмаған адамдарда басқа дағдылар болады, яғни адамдармен тез тіл табысу үшін олар мәселені шешудің басқа жолдарын іздейді, соның арқасында оларда коммуникативтік дағды қалыптасады. Сол себепті олар өмірде көбірек нәтижеге қол жеткізіп жатады.
62. Қазақстандық заңнамалық актілер негізінде ҚР Көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтаңыз. Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Қазақстан Республикасы Көші-қон-құқықтық саясатының негізгі бағыттары мен принциптер: репатриация, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы және ішкі көші-қон ағынын реттеу, көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау және қорғау, кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу; көшіп-қонушылардың да, ел азаматтарының да құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; ұлттық заңнама ережелері мен халықаралық міндеттемелерді орындау.
Осылайша, 1992 жылы маусымда көші-қон процесін заңнамалық реттеудің құқықтық негіздерін қамтитын "Иммиграция туралы" заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ел аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның еркін жүріп-тұру құқығы бар. Ал 1997 жылдың желтоқсанында "Халықтың көші-қоны туралы" заң қабылданды. Оның пайда болуы осы уақытқа дейін Қазақстаннан орыс тілді халықтың кетуінің айтарлықтай артуымен байланысты болды.

63. «Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ұлттық бірлік пен қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет