Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет6/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1

???????????

1

3

4

ХКТУ- нің құқық факультетінің 20 жасар студенті, науқастанған жолдасына хал сұрауға барған. 2 күні қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, маңдай аймағының қатты бас ауруы, көз алмасының ауруы, буындарының және бұлшықеттерінің ауруы, тамаққа тәбеті төмендеуі басталды. 1 күннің соңында ауру - мұрнының бітелуімен, тамақтың тарылуымен, қурғақ жөтелмен басталды.Дәрігерге қаралғанда науқасты тексеру үшін арнайы фильтр бөлмеге орналастырды, тексеру барысында мұрынның бітелуі және беттің гиперемиясы анықталды.Эпид. анамиезинде студент 1апта бойы салқын сусын тұтынғандығы және кешкі уақытта кафеден тамақтанғандығы, ал түскі уақытта құрғақ тағаммен “тіске басар” тамақтанғандығы, тамақтану режимін сақтамағандығы және құрамында витамині аз мөлшердегі азықты пайдаланғандығы анықталды
1.Аурудың атын анықтаңыз.
2.Күдікті инфекция көзін ,берілу механизімін,қоздырғышын көрсетіңіз.
3.Инфекцияның жіктелуін сипаттаңыз.
4.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз және ықтимал асқынуын көрсетіңіз.
Көкжөтел
Көкжөтел (лат. pertussіs) – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия (Bordetella pertussіs). 1906 ж. Көкжөтелді бельгиялық ғалым Ж. Борде (1870 – 1961) ашқан.
Инфекция көзі – науқас адам. Көкжөтел науқас адаммен қарым-қатынаста болғаннан кейін бір немесе екі аптадан кейін басталады.
Берілу механизмі. Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін организмде тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 2 – 15 (көбінесе, 5 – 7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), 2 – 3 аптада жөтел жиі ұстағанда бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптадан кейде 2 айға созылады. Содан кейін дерттің беті қайтып, тұншықпалы жөтел азая бастайды, бала 2 – 3 апта “жай” жөтеліп жүреді де, бірте-бірте аурудан айығады.
Аурудың алдын алу үшін балалар емханасында баланың 5 айлығынан 14 жасқа дейін мезгіл-мезгіл вакцина егеді, аурумен жақын араласқан 7 жасқа дейінгі балаларды басқалардан оқшаулап (2 аптаға, ал егер сырқатпен бірге тұрған болса – 25 күнге дейін) карантин жариялайды. Ауру баланы қалалық көлікпен алып жүруге болмайды. Көкжөтелді жоғары қысымды таза ауамен (баротерапия) емдейді. Науқас балаға витамині мол құнарлы тамақ ішкізу қажет. Режим сақтап, тек дәрігер белгілеген әр түрлі антибиотиктерді уақытымен қабылдауы керек. Ауырған адаммен қарым-қатынаста болғаннан кейін бір немесе екі аптадан кейін басталады. Қызу көтеріледі, тұмау мен жөтел пайда болады. 2 аптадан кейін қатты (күшейген) жөтел (көкжөтел) басталады. Бала ауыз шырышынан жабысқақ қақырықты түкіріп тастағанша дем алмастан, үздіксіз жетеле береді, сондай кезде ауа шуылымен қатты дыбыс шығара (қиқылдау) өкпеге барып енеді. Бала жөтелге булығып, оның ерні мен тырнақтары ауаның жетіспеушіліктерінен көгеріп кетуі мүмкін. Жөтел ауруы үстағанда бала құса бастайды. Жетел ұстамаған аралықта баланың дені сау болып көрінеді. Көкжетел әдетте 3 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Көкжөтел, әсіресе, бір жасқа дейінгі емшектегі балалар үшін қауіпті, сондықтан көкжөтелге қарсы екпені мүмкіндігінше ерте жасаған дұрыс Көкжөтел сәбилерде білінбей өтеді, сол себепті оның диагнозын дұрыс қою қиынға соғады. Егер сәби қатты жетелсе және көздері ісіп кетсе, сонымен қатар айналаңызда кекжөтелмен ауырғандар болса, дереу көкжөтелге қарсы ем қолданыңыз; Қазақстанда көкжөтелге қарсы вакцина егу 2008 жылға дейін АКДС вакцина түрінде егіліп келген. Қазіргі кезде егілетін вакцинаның құрамында көкжөтелмен қатар басқа да ауруларға қарсы компоненттер бар.
Емдеу жолдары
Антибиотиктер жөтел ауыруы үстамастан бұрын, көкжөтелдің алғашқы сатысында ғана көмектеседі. Эритромицин немесе ампициллин беріңіз. Хлорлы амфеникол да көмектеседі, бірақ ол қауіпті. Ауырудың алғашқы белгілері бойынша сәбилерді 6 айға дейін емдеу өте қажет.
Аса ауыр жағдайларда, әсіресе бала үйықтай алмаса немесе конвульсия (қалшылдау) болған кезде кекжөтелге фенобарбитал көмектесе алады.
Егер баланың жетелден соң тынысы тоқтап қалса, онда баланың басын төмен қаратып саусағыңызбен аузындағы шырышты алып тәстаңыз, содан кейін алақаныңызбен арқасынан қағыңыз.
Салмағын жоғалтпауы үшін және тамаққа жарымай қалуын болдырмау үшін баланың құнарлы тамақтануын қадағалаңыз. Бала ішіндегіні құсып тастағаннан кейін оны бірден тамақтандырыңыз.
Асқынуы
Көздің ішіндегі аққа ашық қызыл түсті қанның құйылуы жөтелдің салдарынан болуы мүмкін. Ешқандай емнің қажеті жоқ. Егер ауру қозып ұстаса немесе өкпенің қабыну белгілері пайда болса, дәрігерге қаралыңыз Барлық балаларды көкжөтелден сақтаңыздар. 2 айлық кезінде көкжөтелге қарсы егуді ұмытпаңыздар



1

3

5

2017 жылдың қараша айында Асановтар отбасында 13 жасар баласы жөтел, мұрын ағуы, дене температурасының көтерілуімен ауырған. Ата-анасы баланы дәрігерге көрсетпей өздігінен емдеген. Анасы - мүгедек қарттар үйінде мейірбике болып жұмыс істейді, әкесі- мектепте мұғалім. Оқушы толық жазылмастан жөтел қайта басталғандығына, әлсіздікке және тәбеттің болмағандығына шағымданған. Қаңтар айында бала келесі симптомдармен жатқызылды: екі аптаға созылған жөтел, түнгі уақытта терлеу, жауырын астында қатты ауырсыну сезімі. Инфекционист «созылмалы бронхит» деген болжамды диагноз қойды.Эпид. анамнезінде: бала тамыз айының соңында ауылда әжесімен демалған, шикі сүтті пайдаланған, үй жануарларына күтім жасаған және әжесімен бірге тұратын бас бостандығынан айыру орнынан босатылған туысқанынан ағаш кесуді үйренген.
1.Инфекция атын анықтаңыз және ауруханаға жатқызу қажеттілігін көрсетіңіз;
2. Инфекцция қоздырғышын, күдікті инфекция көзін көрсетіңіз;
3.Негізгі берілу жолдарын және берілу механизмін көрсетіңіз;
4.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз;
5.Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларын ұйымдастырыңыз.
Туберкулез
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді Этиологиясы: туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді.
Инфекция көзі: науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық және ауру мал
Берілу механизмі: Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента арқылы тарайды.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
Диагностика:
• Мұқият анамнез жинау;
• аурудың клиникалық белгілерін ескеру;
• лабораториялық зерттеулерге сүйену:
• қанның, зәрдің жалпы анализдері;
• қақырықтың, жұлын сұйықтығының бактериологиялық тексерістері;
• рентгенография, рентгеноскопия, томография, флюрография
• туберкулинодиагностика: манту белгісін қою.

Алдын алу шаралары:


ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPI бар
Спецификалық:
- вакцина және БЦЖ ревакцинациясы
Спецификалық емес:
- салауатты өмір салты;
- тиімді тамақтану;
- дене шынықтыру белсенділігі;
- зиянды әдеттерден бас тарту

2

1

1

Тамақтан уланудың жіктелу түрлерін атап, сипаттап жазыңыз.





2

1

2

Бруцеллез инфекциясының этиологиясына, эпидемиологиялық процесіне сипаттама беріңіз.










2

1

3

Вирусты гепатит В-ға вакцинациялауға жататын контингеттерді атаңыз




2

1

4

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ инфекциясына тексерілуге міндетті контингеттерді атаңыз.



2

1

5

Сыртқы қабат инфекцияларына жалпы сипаттама беріңіз
Сыртқы қабат инфекциялары. Жалпы сипаттама

Бұл топқа қоздырғыштары жанасулық механизммен берілетін, сыртқы қабат жұқпалары кіреді. Қоздырғыштары зақымдалған тері және сыртқы тері қабаттары арқылы денеге түседі. Құтыру ауруының қоздырғыштары орталық нерв жүйесін зақымдайды, урогениталды хламидиоз ауруында жыныс мүшелерінің шырышты қабаттары зақымдалады, вирусты гепатиттерде – бауырды, АИВ жұқпасында вирустар иммундық жүйені зақымдайды.


Сыртқы жабын инфекцияларының жіктелуі:


1. Қоздырғыштың түріне сәйкес:


а) этиологиясы вирустар – құтыру, аусыл, ұшық жұқпалары;


б) этиологиясы бактериялар – сібір жарасы, сіреспе, хламидиоз, газды гангрена.


2. Инфекция көзіне байланысты:


а) зоонозды инфекциялар– сібір жарасы, аусыл, құтыру, сіреспе; б) антропонозды жұқпалар – хламидиоз, ұшық жұқпасы;


в) сапронозды инфекция – газды гангрена. Қоздырғыштар жанасулық механизммен қатар басқа да жолдармен таралуы мүмкін. Мысалы, вирусты в гепатиттер парентералды механизммен бірге жыныстық жолмен және вертикалды механизмдермен, сібір жарасы қосымша алиментарлы және ауа-шаң жолдарымен берілуі де мүмкін.



2

2

1

Іш сүзегі инфекцияның ошағын жою шараларының ұйыммдастырылуын түсіндіріңіз

  • Санитарлық-індеткеқарсы (алдын алу) іс шаралар:
    Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту,тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

  • Инфекцияның тұрмыстық жолымен берілуін алдын алу үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында, бастауыш негізгі орта білім беру ұйымдарында ауыз су тәртібін (бөтелкедегі су,жеке немесе 1 реттік стакандар) және жеке гигиенаны сақтауға арналған тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету.

  • Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, санитарлық тораптарда, сынып бөлмелерінде және рекрецияларда жүргізу техникалық қызметкерге жүктелген, күнделікті ағымдық жинау кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету.

  • Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларды мектептің үй-жайларын жинауға,таратуға жол бермеу




2

2

2

Бруцеллез инфекциясының эпидемиологиялық процесін сипаттау арқылы ерекшеліктерін түсіндіріңіз



2

2

3

Вирусты гепатит В кезінде биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтандыру шараларын ұйымдастырылуын түсіндіріңіз



2

2

4

Қырым – Конго геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық процесін және клиникалық кезеңдерін толық сипаттап, түсіндіріп жазыңыз
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы:
(синонимі: Конго-Қырым-Хазер геморрагиялық қызбасы, крымск-конголезски қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы, карахалак; Crimean-Congo hemorrhagic fever, Crimean hemorrhagic fever — англ.) – жедел вирусты ауру, табиғи ошақты зооноздыға қатысты. Екі толқынды қызбаны мінездейді, жалпы интоксикациямен және тромбогеморрагиялық синдроммен жүреді.
Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегада, Кенияда смпатталған.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусының ең жиі кездесетін аумақтары. Көріп тұрғанымыздай Қазақстан Республикасы аумағы қауып қатерлі аумақ ішіне кіреді.


Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы:
Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады: орман тышқаны , кішкентай сарышұнақ, русак-қояны, құлақты кірпі. Кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады, Hyalomma туыстастығынан шыққан. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі (биздің елде көбінесе). Ауру көбінес Крымда байқалады, Астраханскта, Ростовск ауданында, Краснодарда және Ставропольскте және Орталық Азияда, Қытайда, Болгарияда, Югославияда, көбінесе Африка елінің Сахараның оңтүстігінде байқалады (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.).
Көбінесе ауру адамдардың 80%нің жастары 20 пен 60 жас аралығында шалдығады.
Патогенезі. Инфекция көзі болып көбінесе кененің шаққан жері яғни тері немесе майда жарақаттар кезінде ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру ). Инфекциямен зақымдлған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады.Екіншілк зақымдалу кезінде айқын массивті вирустармен жалпылама интокцикация белгілері байқалады,қантамырлардың эндотелилері зақымдалады және айқын әртүрлі дәрежедегі тромбогеморрагиялық синдром байқалады.

науқас адамның көзіндегі өзгерістер


Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мумкін.
Диагноз және дифференциальды диагнозы. Эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып (эндемиялық аймақтарға баруы, мерзім, әртүрлі жердегі аурушаңдықтың көрсеткіштері және т.б.) және клиникалық симптомдарға енгізделеді: жедел басталуы, тез арада пайда болатын және айқын өте тез арада тромбогеморрагиялық синдром байқалуы мүмкін, толқын тәрізді дене температурасы, лейкопения, анемизация және т.б.
Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы
▪ Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн). Продромальды көріністер болмайды. Ауру байқаусызда басталуы мумкін,ауру деп аурудың басталған бастапқы алғашқы сағаттарынан басталаған айтуға болады. Дене температурасы тез көтеріледі және кей кезде аурудың жеңіл түріндеде дене температурасы 39-40°С барады.
▪ Бастапқы кезеңдерінің өзіндеде жалпылама интоксикация белгілерін көруге болады, көптеген инфекциялық ауруларда болуы мумкін. Бастапқы кезінің өзі 3-4 күнге созылуы мумкін ( 1 мен 7 күн).Бұл кезде өте жоғарғы қызбамен жіне қатты әлсіздікпен көрінеді,қақсаушылық дененің, бастың ауруымен,бүкіл дененің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, бұлшық еттердің және суставтардың ауруы байқалады.



2

2

5

Құтыру инфекциясының алдын алу шараларын түсіндіріңіз
алдын алу егулер, қаңғыма және құтырма иттерді жою, үй жануарларын дұрыс ұстау ережелерін сақтау ҚР және басқа елдерде үй жануарларының тасымалдануын бақылау арқылы мал арасында жүйелі түрдегі жоспарлы күрес.
Елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау, тіркеу және есепке алу тәртібін жергілікті әкімшілік белгілейді.
Белгілі кәсіптегі тұлғалар арасында (ит аулаушылар, ветеринарлық зертхана қызметкерлері, аңшылар) құтыру ауруының жұқтырылуына жол бермеу үшін алдын алу егу курсын жүргізеді. Мал тістеген немесе тырнағанға ұшыраған науқастарды дереу травматологиялық бөлімшеге, ал ол болмаған жағдайда егу тағайындап, жасау үшін хирургия бөлімшесіне жібереді. Құтыруға қарсы жүргізілетін вакцинация курсы ит қапқаннан кейін 14 күнін кешіктірмей бастағанда ғана тиімді.



2

3

1

Науқас Рамазан, 28 жаста, ауруының 3 – ші күні емханаға қаралған .07.06.18.жалпы әлсіздік, қалтырау 38 0 С дене температурасының жоғарылауы, іштің төменгі бөлігінде шаншымалы ауру пайда болған. 08.06.18. нашар жағдайда сезінген, дене температурасы қалыпты, іш ауруы мазалайды.Тәулігіне 6 рет үлкенге отырады, басында көп сосын аз мөлшерде шырышты ботқа тәріздес ,09.06.18.күндіз шырыштан басқа , нәжісте әлсіз жолақты қанды байқайды. Дәрігерге қаралып,ауруханаға жатқызылады .Жиі нәжіс өзгерісі (10- 12 рет) басталды, ол «ректальді тітіркендіргіш» көріністе байқалды. Дәрігер науқастың жұмысшыларға арналған жатаханада тұратындығын, басқа қаладан келгендігін, құрылысшы болып жумыс істейтіндігін, жұмыс ауысымы – вахталық екендігін анықтады. Ауырар алдында базардан сатып алған жемісті жумай пайдаланған, ортақ ыдыстан су ішкен.
1.Инфекцияның атауын және қоздырғышын анықтаныз.
2.Берілу механизмін, берілу жолдарын,берілу факторларын көрсетіңіз.
3.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз.
4.Алдын- алу шараларын ұйымдастырыңыз.
5.Науқасты жатқызу қажеттілігін негіздеңіз.
Дизинтерия или Шилезлез



2

3

2

Жібек жолы ауыл округінің 9 сынып оқушысы Жандос күнделікті белінің ауруына, жоғарғы және төменгі аяқ-қол буындарының қақсауына, сырқырауына, дене температурасының 40 градусқа көтерілуіне, улану белгілеріне шағымданған. Жандос ауылдық дәрігер амбулаториясына жергілікті дәрігерге медициналық көмекке келген. Эпид. анамнезден науқастың үй жануарларына күтім жасайтындығы, мал қораларда сиыр көңдерін тазалайтындығы,үнемі шикі сүтті тұтынатындығы анықталды.
1.Инфекция атын және қоздырғышын анықтаңыз.
2.Берілу механизмін, берілу жолдарын,факторларын көрсетіңіз.
3.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз.
4.Алдын-алу шараларын ұйымдастырыңыз.
5.Жергілікті дәрігер науқасты толық тексеріп, диагностика және ем алу үшін қандай медицина маманына бағыттағанын анықтаңыз
Бруцеллез

2

3

3

Науқас Ш, 20 жасар,медициналық институттың студенті 20.10.18 күні аурухананың инфекциялық бөліміне келіп түсті.13.10.18 күні дене қызуы (37-37.5С)көтерілуі, қалтырау, басының ауруы,әлсіздік, шаршаңқылық,жұмысқа белсенділігінің төмендеуі,тамаққа тәбетінің бұзылуы, интоксикация пайда болды.16.10.18 күні құсу болды.Науқас жиі дүкеннен сатып алынған шұжық тұтынған, күнделікті қоғамдық асханада - гамбургер, кофе, стакан сумен түстенген. Дала саудагерлерінен жиі стакан пісте сатып алған. 13-18.10.18 күндері аралық бақылау тапсыруына байланысты дәрігерге қаралмаған.19.10.18 күні зәрінің түсі құнық шайдың түсіне өзгергенін байқаған. 20.10.18 күні тері жамылғысының сарғаюы пайда болып, оқытушының ұсынысымен инфекциялық стационарға жатқызылған. Отбасында ата анасымен және 7 жасар інісімен тұрады, отбасында бәрі сау, ешкім аурумен шағымданбаған. Науқастың оқу орнында бұл аурумен курстастар арасында бірнеше жағдайлар тіркелген. Инфекционист сұрастыру барысында науқас соңғы алты ай нәтижесінде инъекция қабылдамағаны және операция жасалмағаны анықталды.
1.Инфекция атауын және қоздырғышын табыңыз
2. Берілу механизмін, жолын, факторларын көрсетіңіз.
3. Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз;
4.Науқастың ауруханаға жатқызылу қажеттілігін негіздеңіз
5.Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырыңыз
Гепаттит А
Вирусты А және Е гепатиттері
Вирусты А,Е гипатиттер – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, бауырдың зақымдалуымен, интоксикациямен сарғаю белгілерімен сипатталатын жіті және созылмалы түрде өтетін, антропонозды вирусты инфекциялық аурулар.
Беріліс механизміне сәйкес вирусты гепатитер 2 топқа бөлінеді:
1. Энтералды механизм – инфекция нәжіс-ауыз механизмімен таралады. Вирустар денеге ластанған су, тағам, кір, қол арқылы түседі.
2. Парентералды механизм – инфекция қан құю, ине егу, түрлі медициналық мнипуляциялар арқылы, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады.
Вирусты гепатиттердің жіктелуі:
1. Энтералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер:
• Жедел А вирусты гепатиттер
• Жедел Е вирусты гепатиттер
2. Парентералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер
• Жедел В вирусты гепатит
• Жедел С вирусты гепатит
• Жедел Д вирусты гепатит
3. Белгісіз этиологиялы вирусты гепатиттер
Вирусты гепатиттердің түрлері: субклиникалық, типтік, атипті сарғаюсыз.
Вирусты А гепатит- барлық гепатиттердің ішінде 60-90% құрайды.
А вирусты гепатит қоздырғышын 1973 жылы С.Файнстаун ашқан.
Қоздырғышы-гепатит А вирусы гепадновирустар тобына жататын РНК-лы ликорнавирустар. Қайнатқанда 5 минутта өледі, кептіргенде 1 айға дейін төзімді.
Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы.
Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі.
Иммунитет. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
• А вирусты гепатит аурумен сырқаттанушылық әр 4-7 жылда өсіп тұрады.
Вирусты А гепатит ошағында індетке қарсы шаралар:
1) Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу.
2) Аурумен қатынаста болғандарды 35 медициналық бақылау апта сайын дәрігерлік тексеру – сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термоиметрия, нәжісті зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялық әдіспен тексеру.
3) Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан-топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу.
4) Бала-бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезигфекция жасау.
5) Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гиплохлориді ертіндісінде 60 мин., ойыншықтарды -1 % кальций гиплохлориді ертіндісінде залалсыздандыру.
Зертханалық диагностикасы:
1) Иммуноферменттік анализ (ИФА) серологиялық маркерлерді анықтау;
2) Процестің белсенділігінің зертханалық көрсеткіштері: аспарагинді және аланин аминотрансферазасын (АСТ және АЛТ) анықтау.
Вирусты Е гепатит
Вирусты Е Ауру А гепатитіне ұқсас жүреді. Жүкті әйелдерде ауыр болады, 10-20%-да ауру өліммен аяқталады.
Ауруды тану. Әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырға астының ауырлап кетуі, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанына меңзейді және тез арада медициналық жәрдемге жүгінуді талап етеді. Сарғаю, ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабықта, одан кейін теріде байқалады. Вирустық гепатиттерді тану ауру көріністері және эпидемиологиялық мәліметтерге, сондай-ақ арнайы зертханалық зерттеулерге (қан сарысуында А, С, D, Е гепатиттерінің вирусына қарсы антиденелердің, вирус антигендері, В гепатитінің антигендері және соларға сәйкес антиденелердің табылуы) негізделеді.
Емделуі. А гепатитімен ауыратындардан тыс, вирустық гепатиттермен ауыратын барлық науқастар ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдерінде емделуі тиіс. Науқастардың емі мынадай шараларға негізделеді: жартылай төсек режимі, диета (ішімдікті, қуырылған, ысталған тағамдарды, балқытылған майларды, консервілер, ащы дәмдеуіштер, шоколад, конфеттерді рационнан шығару), полидәрумендер, осының өзі А және Е вирустық гепатитінің жеңіл түрлерімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті болып жатады.
Диспансеризациялау. Вирустық гепатиттердің сарғаю түрлері кезінде сарғаюдың кетуі бауырдағы қалыпқа келу процестерінің алдында жүреді. Сондықтан жіті гепатитпен ауыратындарды (қалыпқа келу кезеңінде стационарда) бақылай бастайды да, аурудың созылу қаупін анықтау үшін және қажет болған жағдайда, интерферонмен емдеуді уақтылы іске асыру үшін бақылауды амбулаторияда жалғастырады. Диспансеризацияға инфекционистің қайта қарауы, қанды биохимиялық зерттеу, В, С және D гепатиттері кезінде антигенді және вирустардың антиденелерін анықтау жатады.

2

3

4

Науқас Арман 30 жаста, Шорнақ ауылының тұрғыны, ауыл амбулаториясына 2.07.18күні жоғары температура және мұрыннан қан кету шағымымен келген. Амбултория дәрігері медициналық көмек көрсету барысында науқастың мұрнынан қан кетуі дәрігер келгенге дейін болғанын және қайталанып тұрғанын анықтаған болатын. Науқастың айтуы бойынша алғашқы қан кету 30.06.18 күні түсте болған. Эпидемиялық анамнезі бойынша 28-29.06.18 күндері мал қораға өңдеу жұмыстарын жүргізген. 3.07.18 күні түскі уақытта науқасты тексеру кезінде фельдшер артериялық қысымды өлшеген. Манжет бекітілген жерде петехиалды бөртпелерлің пайда болғаны, оң қолда инъекция орнында гематоманы байқаған . Науқас кене шақпағандығын айтады, бірақ үй айналасында кененің бар екендігін жоққа шығармайды.
1.Инфекция атауын және қоздырғышын табыңыз
2.Инфекция көзі,тасымалдаушысы,таралу жолы мен механизмін жазыңыз.
3.. Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз.
4.Науқастың ауруханаға жатқызылу қажеттілігін негіздеңіз
5.Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырыңыз
Конго-

2

3

5

Ж есімді науқас, 20 жаста, университет студенті, жатақханада тұрады.10.10.18 күні қолдарының қатты қышынуына , іш аймағының бөрітуіне, ұйқысыздыққа, қозғыштыққа, ашушаңдыққа шағымданып, ХҚТУ клиникасында дәрігерге қаралған. Дәрігер қарағанда қолының саусақ аралық аймақтарын, буынның бүгілетін аймағының қатты қасығандығын, іш аймағында эритематозды бөртпелердің, денесінде іріңді көпіршіктердің болғандығын анықтады.Эпид.анамнезі: 2 адамға арналған тұрғын бөлмеде 4 қыз жатады, олардың екеуі қыркүйек айынан бері тұрады, үшіншісі қыркүйек айының соңында келген, төртіншісі мінезінің ауырлығынан жиі келіспеушілікке түсуіне байланысты тұрғын орнын жиі ауыстырған.Күн суыта бастауына байланысты, барлық қыздар жатақханадан алыс емес жердегі, қоғамдық моншаға жиі бараған.
1.Инфекция атауын және қоздырғышын табыңыз
2.Инфекция көзі,тасымалдаушысы,таралу жолы мен механизмін жазыңыз.
3.Профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырыңыз.
4.Диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз.
5.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз;
Қышыма

1

1

1

Аурухана ішілік инфекциясының анықтамасы, пайда болу себептерін атаңыз.
Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».
Аурухана ішілік инфекциялардың көзі:
• Ауруханада ұзақ емделген науқас
• Бактерия тасымалдаушылар
• Ауруханадағы медициналық қызметкерлер
АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) –осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.
АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.

Аурухана ішілік инфекциялардың беріліс механизмдері мен факторлары:


1. Нәжіс –ауыз механизмі – таралу жолдары су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы
2. Аэрогенді механизм – берілу жолы ауа-тамшы.
3. Жанасу механизмі – төсек жабдықтары, жараны таңу материалдары, құрал-саймандар
4. Трансмессивті мезанизм – қан сорғыш жәндіктер арқылы.
Алдын алу шаралары:
Аурухана ішілік инфекцияларды алдын алу 3 бағытта жасалады: инфекция көзі, беріліс механизмі, қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. Негізгі мақсаты инфекцияны кіргізбеу, ауруханада жұқтырудың алдын алу.



3

1

2

Токсоплазмоздың этиологиясын және эпидемиологиялық процесін сипаттап жазыңыз.
Токсоплазмоз-әртүрлі механизмдермен берілетін,латентті және созылмалы түрде өтетін зоонозды,табиғи-антропургиялық,протозойлы инвазия.
Қоздырғышы- Тохорlasmа gondіі- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит.
Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері.
Токсоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұксас болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм, ені — 2—4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесін пелликула қаптап тұрады, денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді кұрылым — коноид болады. Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезінде тірек кызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид — роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелендеген жіпшелер — микронемалар кездеседі.
1-коноид,
2-микрожіпшелер,
3-микротүтікшелер,
4-микропоралар,
5-майтамшылары,
6-ядро,
7-эндоплазмалык тор,
8-Гольджи кешені,
9- митохондрия,
10-роптрии.
Инвазия көзі.Негізгі иесі болып мысық; аралык иесі — құстар, сүтқоректілер,кеміргіштер және адамдар саналады.
Берілу механизмі
1. Нәжіс-ауыз механизмі, су,тағам ,жемістер,кір қол,киім,ыдыс т.б болып табылады.
2. Жанасу механизмі-ет өңдеу кезінде микрожарақат арқылы жұғады.
3. Трансплацентарлы жолмен жүкті әйелден құрсаққа жүктіліктің алғашқы мерзімінде жұғады
Патогенез,клиникалық белгілері.Адам денесіне түскен қоздырғыштар лимфа түйіндеріне түсіп,инфекциялық гранулема тудырады.Қан ағамымен түрлі мүшелерге таралады, нерв, жыныс, лимфа жүйелері, көру мүшелері закымданады.Белгілері: лимфа түйіндері,бауыр,көк бауыр үлкейеді,миозит,артралгия,энцефалит,түсік тастау,киста,өлі туылу.
Диагностикасы.
1. Микроскопия әдісімен жұлын сұйықтығы,лимфа бездер материалы,плацента биопсиясы тексеріледі.
2. Серологиялық әдіс- ИФА әдісі,ГАЕР,КБР.
3. Биологиялық сынама
Алдын-алу шаралары.Адамдарды,әсіресе балаларды негізгі инвазия көзі –мысықтардан ауру жұқтырудан қорғау,оларды дұрыс ұстау,жек бас гигиенасын сақтау.Кеміргіштерді жою.Ет өнімдерін термиялық өңдеу,мал өнімдерін өңдеу кезінде сақтақ шараларын қарастыру.

3

1

3

Гельминттердің жіктелуі, жалпы ерекшеліктерін атаңыз
Гельминтоздардың жалпы сипаттамасы.
Медициналық гельминтология паразитты құрттардың әсерінен туындайтын адамның ауруларын зерттейді. Қазіргі уақытта адамдарда паразиттейтін 300 ден астам гельминттер тіркелген, ТМД елдерінде 70 тен астам гельминттер табылады.
Медициналық тұрғыдан маңызды гельменттер 2 топқа бөлінеді
1 Жалпақ құрттар.
2 Жұмыр құрттар.
Гельминттер – ол адам және жануарлар денесінде паразиттік өмір суретін құрттар. Олардың тарауында негізгі рөл қанағатсыз санитарлық жағдайға және төмен тұрмыстық мәдениетке беріледі. Бұл кұртардың қоздыратың ауруларын “гельминтоздар” дейді. Гельминттер өздерінің улы заттарын бөлу арқылы аурушаңдық жағдайларға ұшыратады: ішектің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, аллергия жағдайды туғызады, кейде ішек туйілуі мумкін.Гельминтоздар негізгі үш топқа бөлінеді:
1.Биогельминтоздар адамға аралық иесінің дене тіндері және сыртқы орта элементтері арқылы жұғады.
Биогельминтоздар дың инвазия көзі және таратушы факторлары
2.Геогельминтоздар – қоздырғыш адам ағзасына қоршаған ортадан еңіп, ауруға шалдықтырады(аскаридоз).
Жанасуға байланысты гельминттер - қоздырғыш ауру адамнан немесе заттар арқылы дені сау адамға жұғады (энтеробиоз). Балаларда ең жиі кездесетіні – аскаридоз және энтеробиоз.
3. Контагнозды гельментоздар : құрттардың жұмыртқалармен ластанған адам арқылы жұғады.
Контагнозды гельминтоздардың инвазия көзі және таратушы факторлары.

3

1

4

Энтеребиоз қоздырғышына және эпидемиологиялық процесіне сипаттама беріңіз
Энтеробиоз – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, созылмалы түрде өтетін, антопонозды, аса контагиозды инфекциялық инвазия.
Этиологиясымен эпидемиологиясы: мектепке дейінгі жастағы балалар арасында ең жиі кездесетін гельминтоз болып табылады.
Энтеробиоз қоздырғышы – острица, Enterobius Vermicularis (сөзбе сөз аударатын болсақ, «ащы ішекте өмір сүретін құрт»). Еркектері 2-5мм ұзындыққа дейін өседі, және алқызыл түсті болып келеді, ұрғашылары ірірек, олардың ұзындығы 9-12мм, түсі ақшыл-сұр. Ұрғашынынң құйрықтық бөлігі біз тәрізді үшкірленген, сол себептен оны «острица» деп атайды.
Жыныстық жетілген острицалар адамның ащы ішегінің дистальді бөлігінде, соқыр ішекте, құрт тәрізді өсіндіде және өрлемелі ішекте паразитирлейді, олар ішек қабырғасына бекіп, ішектің құрамындағы заттармен қоректенеді. Ұрғашыларды ұрықтандырғаннан кейін еркектері өліп қалады. Ұрғашылары адамның ішектерінде 3 айдан астам уақыт өмір сүреді. Жетілген ұрғашының жатырында 5000-нан 17000-ға дейін жұмыртқа жетіледі. Жұмыртқалар жетілген сайын жатыр керіліп, құрттың ішек қабырғасына жабысып тұру қабілеті бұзылады. Ішек перистальтикасы гельминттердің тік ішекке қарай тез жылжуына әсерін тигізеді. Белсенді қозғала отырып және тік ішектің қабырғасы бойымен жылжи отырып, ұрғашылар анальді тесік арқылы сыртқа шығады. Көбінесе бұл түнгі уақытта, яғни анальді сфинктер босансыған уақытта болады. Перианальді аймақтың ылғалды терісіне острицалар жұмыртқаларын салады, олар 3-4 сағаттан кейін инвазионды сатыға дейін дамып жетіледі. (№2 Слайд. Энтеробиоз қоздырғышының өмір циклы.)
Инвацияның жалғыз көзі – энтеробиозбен ауыратын науқас адам.Жиі энтеробиозбен инвазирленген адамның қолы арқылы зақымдалады. Тері бетіне және саусақтардың тырнағының астына острицалардың инвазионды дернәсілі бар жұмыртқалар қатты қышитын перианальді аймақты қасу нәтижесінде түседі. Острица жұмыртқалары іш киімге, төсек орынға, унитаз қабырғасына, басқа тұрмыс заттарына түседі.Жұмыртқалардың тез дамуына байланысты өзін-өзіне жұқтыру қаупі өте жоғары болады, және балаларда бұл өте жиі тіркеледі. Инвазионды жұмыртқа асқорыту трактісіне түскен кезде, одан дернәсіл шығып, ол 20-25 күннен кейін жыныстық жетілген күйге ауысады.
Патогенезі
Энтеробиоз кезінде острицалар науқас ағзасына және ішектің шырышты қабатына токсико-аллергиялық және механикалық әсер көрсетеді. Острицалардың өмір сүруінің нәтижесінде түзілген өнімдер, түрлі ферменттер ішектің шырышты қабатының, тіпті шырыш асты қабатының ұлпасын бұзып түрлі іздер, жолдар түзілуі мүмкін, ал бұл іздерге тек қана острицалар ғана емес, сонымен қатар патогенді бактериялар да енуі мүмкін. Қыз балаларда острицалар миграция кезінде сыртқы жыныс мүшелеріне, зәр шығарушы жолдарға еніп, вульвагинит, уретрит туындатуы мүмкін.
Жұқтыру факторлары :
Жұмыртқа төсек киім тағам
Ойыншақ ыдыстар
Шыбын.
Тағам және тұрмыстық жанасу.
Клиникасы
Энтеробиоз кезіндегі басты симптом перианальді аймақтағы қышу сезімі болып табылады. Қышу сезімі сыртқа шығып отырған гельминттердің шырышты қабатты тітіркендіруі нәтижесінде және острицалардың өмір сүруі барысында түзілген қалдық өнімдердің аллергиялық әсері нәтижесінде пайда болады. Қышу сезімі кешкі және түнгі уақытта пайда болады. Науқас қозғыш болады, оның ұйқысы бұзылады, бастың ауруы пайда болады, әр түрлі невротикалық реакциялар дамып, есте сақтау қабілеті төмендейді, ойлау қабілеті және физикалық жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Жоғарыда аталған симптомдармен бірге іштің төменгі аймағында болатын ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, сирек жағдайларда диарея болады. 3-4 күннен кейін жоғарыда аталған симптомдар жоғалып, 2-3 аптадан кейін қайтадан пайда болады. Острицалардың көптеп шығуы дене қызуы көтерілген кезде, кейбір антибиотиктерді қолданған кезде, күнделікті өмірде көп қолданбайтын ерекше тағамдарды көп мөлшерде қолданған кезде (апельсин, мандарин, лимон) байқалады.Бұрынғы уақытта энтеробиозбен инвазиялану интенсивтілігі өте жоғары болған. Мысал үшін, 1923ж. В.П.Подьяпольская деген дәрігер қайтыс болған баланың ағзасынан 2751 острицаны анықтаған. Қазіргі уақытта инвазия интенсивтілігі 50-100 гельминттен аспайды.
Диогностика :
Паразитологиялық зерттеу перианальды қырғыстан қырынды алу – 3 рет аралығы 2 3 күн.
Контагнозды гельминтоздармен ауырғандарды емдеу.
Балалар ұжымындағы топтарданбір рет тексерілген острицамен анықталған адамдар саны 15% және одан жоғары болған жағдайда топтың барлық балалары мен қызметкерлері емдеуге жатады.
Контагнозды гельминтоздарды алдын алу: Негізгі шаралар инфекциялық ауруларды анықтау мен емдеу және санитарлық индетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі балаларға білім беру ұйымдарында, мектеп интернаттары мен балалар үйлерінде жеке және қоғамдық гигиенаның сақталуына бағытталған іс шаралар кешені орындалу тиіс.
Гельминтоздарға зертханалық диагноз қою әдістері.
Зертханалық зерттеулер науқастың нәжісінде дуоденальдық сұйықтығына, қақырығында, несебінде, қанында, терісінде, бұлшық ет және дәнекер тіндерінде олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын дәлнәсілдерін іздеп табуға бағытталған.
Нәжісті копрологиялық зерттеу: ең кең таралған әдіс болып табылады. Үйткені гельминттердің көпшілігі адамдардың ішек жолдарында паразиттік тіршілік етеді

3

1

5

Туляремия анықтамасы, этиологиясына сипаттама беріңіз.
Туляремия Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.
Эпидемиологиясы. 1. Аурудыңкөзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтықауру. Аурудыңкөзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудыңнегізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды.
Табиғи ошақтардың7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық,тоғайлық, далалық. Әр ошақөзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді.
2. Берілу жолдары:
• трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;
• контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады;
• алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатса, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады;
• аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.
3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсіби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялықошақтар инфицирленген кеміргіштердіңмиграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялықпроцестіңағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтыңерекшелігіне, эпизоотиялықжағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмініңжәне белгілі бір клиникалықтүрініңбасым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалықтүрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
Клиникасы. 1.Жасырынкезеңі - 3-5 күн (2-3 аптаға созылуы мүмкін).
2.Бастапқы кезең
3. Өршу кезеңі
4. Айығу кезеңі
Ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері
Ағымы бойынша – жедел, баяу, рецидивті түрлері.
Жалпы симптомдары:
Қызба 38-40° ремиттерлеуші, интермиттерлеуші, дұрыс емес, тұрақты, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін. Жиі кездесетін түрі – ремиттерлеуші қызба, ол 2-3 толқын болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2-3 аптаға, сирек 5-7 немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Қалтырау, бас ауру, бұлшықеттерініңауруы, жалпы әлсіздік, анорексия. Науқастыңбеті ісінкі, қызарып тұрады, конъюнктивит, склерит. Экзантема болуы мүмкін – эритематозды, дақты- папулезді, розеолезді, петехиалді. Салыстырмалы брадикардия, АҚтөмендейді. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды.
Туляремияның клиникалықтүрлері жұғу жолдарына байланысты. Г.П.Руднев бойынша келесі түрлерін ажыратады.
Бубонды түрі. Жиілігі– 10-25%. Біріншеден ауру сезімі байқалады, сосын регионалді лимфаденит пайда болады. Бубондар жалғыз немесе көп, көлемі майда жанғактардан ірі жұмыртқаға дейін болады. Бубон ұлғайғаннан соңауру сезімі байқалмайды, шеттері анықболып, периаденит аздап дамиды. Бубондардыңнәтижесінде қайта сінірілу, іріңдеу, жараланып тыртықтану, склероздану процестері дамиды.
Жаралы-бубонды түрі. Бұл аурудың типті түрі. Жиілігі – 45-85%. Трансмиссивті жолмен жұқтырғанда жиі кездеседі. Қоздырғыш енген жерде бір бірін алмастырып дақ, папула, көпіршік, пустула, жара дамиды. Жараныңшеттері көтеріліп, түбі қара қабыршақтанып тұрады. 2-3 күннен кейін лимфангоит, тағы 2-3 күннен кейін лимфаденит қалыптасады.
Көз-бубонды түрі. Жиілігі – 5%. Конъюнктивада сары түсті көпсанды ұсақ түйіншіктер пайда болады. Эрозивті-жаралы өзгерістер қалыптасуы мүмкін. Көз аймағында және зақымдалған көзі жағындағы беттің жартысында ісік дамиды. Роговица зақымдалмайды. Регионалді лимфаденит дамиды. Интоксикация нышандары айқын көрінеді: қызба, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі.
Ангинозды-бубонды түрі. Тамағында айқын ауыр сезімі байқалып, көмекей бездері ұлғайып, қызарып, ісіп, айналасындағы клетчаткаға жабысып жұтуға қиыншылықтудырады. Бездердің үстінде қиын алынатын некрозды жабынды дамып, артынан тыртықтанады. Жаралы-некрозды тонзиллит, фарингит дамиды. Көбінесе процесс бір жағынан байқалады. Бубондар жақастылық, мойындық, қолтықастында пайда болада. Сирек жағдайда стоматит болуы мүмкін. Интоксикация нышандары айқын емес, жергілікті көріністерге сәйкес келмейді. Осындай дисбаланс туляремияның ангинозды- бубонды түріне тән.
Абдоминалді түрі. Бұл аурудың ауыр түрі. Мезентериалді лимфа түйіндерініңзақымдануыныңәсерінен іштің оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімі «хирургиялық іш» сияқты байқалады. Іш перденің тітіркену белгілері дамуы мүмкін. Бауыр, көк бауыр ұлғаяды. Ұлғайған лимфа туйіндер ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) арқылы анықталады. Интоксикация көріністері айқын болады: жоғары қызба, қалтырау, жүрегінің айнуы, құсу, тәбетініңтөмендеуі. Науқастың іші өтуі мүмкін.
Өкпелік түрі.Жиілігі – 5%. Ауру жедел басталып, қызбамен, ұзақағымымен сипатталады. Бронхиалді, медиастиналді, паратрахеалді лимфа түйіндері ұлғаяды.Құрғақжөтел, кеуде аймағында ауру сезімі, құрғақсырылдар естіледі. Пневмонияны рентгенография арқылы дәлелдеу қажет, науқастардың 50% өкпеде ошақты инфильтраттар табылады. Әр түрлі асқынулар (бронхоэктаздар, абсцесстер, плеврит, каверналар, гангрена) дамуы мүмкін. Бұл аурудың ауыр түріне жатады. Интоксикация симптомдары айқын көрінеді. Пульс жиілігі температура денгейіне сәйкес келмейді – салыстырмалы брадикардия. Өмірге қауіпті асқынулар дамуы мүмкін: сепсис, менингит, перикардит, медиастинит.
Жайылмалы түрі. Ауру сепсис тәрізді өтеді. Айқын интоксикация, жоғары ремиттерлеуші қызба ұзақуақытқа созылыды. Науқастың есі бұзылуы мүмкін. Полиморфты экссудативті эритемаға ұқсас бөртпе пайда болады. Бөртпе симметриялықтүрінде аяқ-қолға, мойынға, кеудеге шығып, оны туляремиялық«қолғап», «шұлық», «жаға», «маска» деп атайды. Бөртпе әуелі қызғылт, сосын қоңырқызыл, соңында көкшіл түсті. Экзантема 8-12 күнге созылады. Кейде бөртпе кеткесін түлеу болады. Гепатолиеналді синдром алғашқы күндерден бастап пайда болады.
Алдын алу шаралары:
-табиғи ошақтарды бақылау;
- дератизациялық шаралар;
-вакцина енгізу, тірі туляремиялықвакцина грам «теріс» қоздырғыштарға қарсы нәтижелі вакциналардаң жалғыз түрі, иммунитет 5 жылға созылады, сондықтан ревакцинация жасау керек;
-қолғап, көзілдірік, маска пайдалануы қажет.

3

2

1

Аурухана ішілік инфекциясының алдын алу шараларын түсіндіріңіз
Аурухана ішілік инфекциялар
Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».
Аурухана ішілік инфекциялардың көзі:
• Ауруханада ұзақ емделген науқас
• Бактерия тасымалдаушылар
• Ауруханадағы медициналық қызметкерлер
АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) –осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.
АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.
Аурухана ішілік инфекциялардың беріліс механизмдері мен факторлары:
1. Нәжіс –ауыз механизмі – таралу жолдары су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы
2. Аэрогенді механизм – берілу жолы ауа-тамшы.
3. Жанасу механизмі – төсек жабдықтары, жараны таңу материалдары, құрал-саймандар
4. Трансмессивті мезанизм – қан сорғыш жәндіктер арқылы.
Алдын алу шаралары:
Аурухана ішілік инфекцияларды алдын алу 3 бағытта жасалады: инфекция көзі, беріліс механизмі, қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. Негізгі мақсаты инфекцияны кіргізбеу, ауруханада жұқтырудың алдын алу.

3

2

2

Лямблиоздың эпидемиялогиялық процессін және патологиясын, клиникалық белгілерін толық түсіндіріп жазыңыз
Лямблиоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,ішек жұмысының бұзылуымен,латенттік паразит тасымалдаушылықпен сипатталатын қарапайымдылар тудыратын,антропонозды инвазия.
Этиология.Қоздырғышы- Lamblia intestinalis. 1859жылы Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты. Паразит вегетативтік түрінде (трофозоит) өмір сүреді. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Лямблиялар циста түзе алады, олар нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.
Лямблия цисталары қоршаған ортада сақталады:Суда 11-22-та 16-18 күннен 2 айға дейін,ылғалды нәжісте 16-20-та 1-4күн, 2-4-та 21күн сақталады. Өлшемі 10-18 мкм. Барлық органоидтары мен ядролары жұпты. Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады. Төрт жұп талшықтары бар. Трофозоиттар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.
Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі. Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол, ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 вегетативтік түр құрайды.
Эпидемиялық процесстің сипаттамасы.Инвазия көзі-ауру немесе тасымалдаушы адам.
Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі,берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар. Лямблиялар цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар болып табылады.
Лямблия тасымалдаушылық кең тараған,ол 2-4 жастағы тексерілген бададардың 20%-да,ересектердің 3-5%-да кездеседі.АҚШ-та ішек ауруымен науқастанғандардың 4%-ң нәжісінде лямблиялар цисталары табылған.
Патогенезі және клиникалық белгілері. Инфекциялық процестің даму ықтималдығы организмге түскен цисталардың санына, асқазанның қышқылдығына және адамның иммундық статусына байланысты.
Аш ішектің шырышты қабатында паразиттік өмір сүретін лямблиялар ішекті жауып тастайды, ішек қабырғасындағы ас қорыту қимылын бұзады, тамақ ингредиенттерін сіңіруді төмендетеді. Лямблиялар өттің әсеріне өте сезімтал, сондықтан олар өт жолдарына патологиялық процестерді тудыра алмайды.
Аурудың клиникалық көріністері негізінде асқынған энтероколит түрінде (бірақ қанды диарея ретінде емес) байқалады және де жаман иісті сұйық нәжіс,метеоризм, іштің ұстамалы ауруды, құсу, кекіру болады.
Диагностикасы.
1. Паразитологиялық әдіс- вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.Люголь ерітіндісімен боялған жағындынымикроскоппен қарау.Нәжісті тексеруді бірнеше күн қайталау керек.
2. Серологиялық әдіс- лямблияның антигендерін анықтау үшін қолдануға болады
Емдеу.Метринидозол және тинидазол,энтамизол,фуразолидин,аминохинол
Хлорлы дезинфекциялық заттар лямблиялар цисталарын өлтіре алмайды.3% лизол өте тиімді.Ыстық су цистаны тиімді өлтіреді.

3

2

3

Эхинококкоз этиологиясы, даму циклын схема түрінде түсіндіріп жазыңыз
Эхинококк (Echіnococcus granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 – 4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген Эхинококк – іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі – қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны ,тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 – 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды.

Аралық иесі- организмінде жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі.Инвазия көзі – негізгі ит, сирек қасқыр, бұғы. Берілу механизмі нәжіс ауыз механизмі. Таратушы факторлар: ластанған жеміс жидек, кір қол, су, топырақ.


Ит ------ ластанған су--------- адам---------қой ------------ ит.
Қалалы жерлерде иттер жүретін саябақ сквер, аула, балалар алаңшалары эхинакокктармен ластанған, зерттелген топырақтың 20% жұғындылардың 3,6% су, жемістер 3,3-30% эхинакокк жұмыртқаларымен ластанғандығы анықталған.
Диагностикасы: Серологиялық әдіс – АГЕР, ИФА
Клиникасы: клиникалық көрінісі көпіршіктің орналасқан жеріне, оның көлеміне, ағзаның аллергизациялану дәрежесіне байланысты болып келеді. Улану симптомдарынан басқа бауыр эхинококкозы кезінде оң жақ қабырға астының, эпигастрий аймағының сыздап аурысынуы, ауырсынудың оң жақ иыққа және арқаға таралуының тән болады. Бауыр, әдетте, біркелкі емес ұлғайған, тығыздалған, ауырсынады. Кистаның жыртылуы кезінде құрсақ және плевра қуыстарының эхикокктармен толуы, жиі жағдайда анафилактикалық шокпен жүреді. Бауыр эхинококкозының ауыр асқыныстарына кистаның іріңдеуі, механикалық сарғаю, асцит жатады.
Өкпе эхинококкозының клиникалық көрінісінде 3 кезеңді ажыратады:
1) бастапқы, оған ұзақ уақытқа созылған құрғақ жөтел, қан қақыру, ентігу тән.
2) Кистаның даму кезеңі, зақымдалған кеуде бөлігінің сыртқа томпаюымен, перкуторлы дыбыстың тұйықталуымен сипатталады.
3) Ашық кистаның ақырғы кезеңі, ол бронхтарға немесе плевраға ашылады.
Эхинококкоздың емі хирургиялық, сонымен қатар альбендазол – 15мг/кг тәулігіне 4 апта бойына тағайындайды.



3

2

4

Трихеннеллездың эпидемиялогиялық процессін және патологиясын, клиникалық белгілерін толық түсіндіріп жазыңыз
Трихинеллездің қоздырғышы – трихинеллалар, ұзындығы 1 – 3 мм, тірідей туатын жұмыр құрттар. Дернәсілдері таяқшаға ұқсас, ұзындығы 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейін ұзарады. Ересек трихинеллалар иесінің ішегінде өмір сүреді, ал дернәсілдері көлденең салалы бұлшық еттерге өтіп, дамиды, шиыршықтанып, спираль тәрізді бұратылып жатады.
Трихинеллез қоздырғышының орналасы локализациясы
Ауру жабайы (борсық, қабан, морж, т.б.) және үй жануарларының (әсіресе, шошқаның) шала піскен етін жегенде жұғады. Трихинеллалардың улы заттары (токсиндері) қан құрамын өзгертеді. Трихинеллез кезінде дене қызуы көтеріліп, қас-қабақ, бет ісініп, қанда эозинофил (дәнді лейкоцит) мөлшері көбейеді, басы ауырып, адамда әлсіздік пайда болады. 1 – 3 күннен кейін науқастың бұлшық еттері (аяқтан бастап көзге дейін) ауырып, 2 – 3 аптаға созылады. Қоздырғыштың белсенділігі артып, ауру меңдегенде, науқас адамда жүрек қызметінің жеткіліксіздігі артып, өкпе қабынуы немесе менингоэнцефалитке асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін.
Трихинеллезден сақтандыру – сойылған малдың етін ветеринарлық бақылаудан өткізу. Трихинеллезге диагноз қою үшін күдікті адамның эпидемиологиялық анализін өткізіп, бұлшық етінен алынған биопсияны арнайы лабораторияда тексереді.
Емі: Арнайы терапия 7- 10 күн. мебендазол (вермокс), тиабендазол (минтезол), аллергияға қарсы препараттар (кортикостероидтар) қолданылады.

3

2

5

Оба инфекциялық ошағында атқарылатын індетке қарсы шараларды ұйымдастырылуын түсіндіріңіз
Оба- Iersiniapestis қоздыратын, трансмиссивті механизммен берілетін, жоғары қызбамен, айқын улану нышандарымен, лимфа түйіндердің, өкпенің және басқа ағзалардың геморрагиялық - некрозды қабынуымен сипатталатын аса қауіпті, табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.
Эпидемиологиясы.
Оба кезіндегі эпизоотикалық және эпидемиологиялық процестер толқын тәрізді өтеді. Соңғы аурудың өршу кезеңі 1997-2003жж аралығында болған. Ресми көрсеткіштер бойынша Қазақстанда обамен 17 адам ауырған (1-Атырау, 2-Ақтөбе, 8-Қызылорда, 6-Манғыстау облыстарында). Аурудың өршуі кеміргіштермен бүргелердің санымен байланысты. Оба кеміргіштердің санын тексеріп тұратын ауру деп айтуға болады.
Оба қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін.
Табиғи ошақтарда спорадикалық обакездеседі. Эпидемиологиялық процестің бұл түріндегі ерекшіліктері: бір немесе бірнеше адам ауырады, аурудың полиморфты клиникалық түрлері дамиды, диагностикаға қиыншылық түседі, адам эпидемиологиялық процеске байқамай кіріп кетеді. Табиғи ошақтарда аурудың көзі - ауру жануарлар (жабайы кеміргіштер – құм тышқан, сұр тышқан, шақылдақ тышқан, егеуқұйрық, сарышұнақ, тарбаган). Бұл аурудың негізгі көзі. Аурудың қосымша көзі - жыртқыштар (қасқыр, койот, қарсақ, түлкі) кеміргіштермен, өліктермен қоректенеді. Осылармен бірге қоян, ондатра, тиін, кузен, кірпі, борсық, жабайы шошқа, сайғақ, үй кеміргіштері аурудың резервуары болып табылады. Үй жануарларынан обамен түйе және мысық аурады. Мысықтар кеміргіштерді аулап, үйге әкеліп олармен қоректенеді. Обаның ауру көзі ретінде түйелердің ролі маңызды. Зақымдалған түйені сойғанда 3-7 адам қатысады, тоңазытқыш жоқтығынан түйенің етін таратып жібереді. Осындай жағдайда топтасқан адамдар ауруға шалдығыды. Жануарлардың арасында берілу механизмі және жолы –трансмиссивті, қан сорғыштар арқылы. Тасымалдаушы – бүргелер және кенелер (сирек). Бүргенің ағзасында қоздырғыштан блок пайда болады, сау адамды шаққанда бүргелер ішіндегі қоздырғышты қанға енгізеді.
Адамдар обаны келесі жолдармен жұқтырады:
1. трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы;
2. контактілі-жарақатты (жанасу) – ауру жануарларды бауыздап сойғанда, терімен жұмыс істегенде, етін бөлшектегенде;
3. алиментарлы – ауру жануарлардың шикі немесе піспеген етін, немесе жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы;
4. аэрогенді – ауа-шаңды (заладанған шаң арқылы).
Эпидемиялық обакезіндегі эпидемиологиялық процестің ерекшелігі: аурудың көзі -өкпелік түрімен ауыратын адам; берілу жолдары – ауа тамшылы, жанасу арқылы. Қабылдаушы макроорганизм – барлық адамдар сезімтал. Ауру өрт сияқты таралу мүмкін. Адамдарда аурудың өкпелік түрі дамиды. Эпидемиялық оба мономорфты, ал спорадикалық оба полиморфты клиникалық түрлерімен сипатталады.
Патогенез сатылары:
1. Жұқтыру сатысы.
2. Регионалді инфекция және көбею сатысы - қоздырғыштың жұғу жолына және кіру қақпасына байланысты дамиды.
3. Бактериемия сатысы.
4. Септицемия сатысы.
Клиникасы. Инкубациялық кезең – 2-6 күн. Обаның клиникасына жедел басталуы (қалтырау, жоғары қызба), айқын улану (бас ауыруы, бас айналуы, миалгиялар, орталық жүйке жүйесінің улану симптомдары: қозу немесе тежелу, галлюцинациялар, координацияның бұзылуы, «Гиппократ беті») тән. Шеткі қанда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖның жоғарлауы және жергілікті симптомдар тән. Лейкоциттердің саны 25 мың. жоғары болса, аурудың болжамы қолайсыз болады. Вьетнамдағы науқастарда лейкоциттердің саны 90 мың. жеткен (А.М. Дмитровский, 1995)
Алдын алу шаралары. Аурудың табиғи ошақтарында кеміргіштер мен бүргелерге қарсы бағыттылған комплексті шаралар (эпидемиологиялық бақылау, дератизациялық, дезинфекциялық, агрохимиялық, ветеринарлық шаралар). Спецификалық вакцина – тірі құрғақ обалық вакцина (EV) обадан сақтамайды, бірақ аурудың жеңіл түрінде өтеуіне әсер етеді. Карантинді шараларды тағайындау қажет.

3

3

1

Науқас Ерлан 32 жаста. Банкир, бактериоциттік сүзгісі жоқ кондиционер орналасқан кеңседе жұмыс істейді.Сүзгінің ауыстырылмағанына 6 ай уақыт болған. Қызметкер банк клиенттеріне депозиттерді рәсімдеу және банк карталарын беру бойынша қызмет көрсетеді. Күнделікті шашты сәндеу әдісімен ылғал шашты қолдануға арналған бизнес стиліне сүйенеді. “ЖРВИ” диагноз ауруының 2 күні клиникаға түсті. Өмірлік анамнез: әйелі балалар ауруханасында мейірбике болып жұмыс істейді, 1 айдан астам уақыт бетпердесіз жұмыс істеген, соңғы кездері мұрнынын ағуына, жиі түшкіруге және бас ауруына шағымданады. Науқас Ерланды толық тексергенде және диагностикалау барысында жарыққа сезімталдығы, назофарингит, жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы анықталған. Кешке екі рет құсқан, пульс тәрізді бас ауруы сақталған. Келесі күні таңертең жағдайы нашарлайды: ешнәрсе түсінбеді , жұмысқа баруға тырысты, төсектен тұруға талпынған кезінде құлап түсті. Іштің тері аймағында, бөксенің және аяқтың төменгі терісінде көк-күлгін түсті кішкентай жұлдызшалы бөртпе пайда болды.
1.Инфекция атын анықтаңыз.
2. Күдікті инфекция көзін, берілу механизмін, жұғу жолдарын көрсетіңіз.
3.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз;.
4.Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырыңыз
5.Науқасты госпитализациялау қажеттілігін негіздеңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет