Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет4/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1

Диагностикасы.
Вирусологиялық әдіс
ГАТР
ИФА


Емдеу:
1. Баланы оңашалау, ауырған балалар көбіне үйінде емделеді. Ауруханада қызылшаның тек қана ауыр түрі және ауруды оңашалауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана жатқызылады.
2. Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті-қолын уақытылы жуу, көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.
3. Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек.
4. Витаминдер комплексі
5. Симптоматикалық ем
Профилактикасы: Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек

1

3

2

5 жасар Есім, «Алия» балабақшасына барады. 20.02.18 күні қалтырап, температурасы жоғарылаған, интоксикация белгілері болған. 21.02.18 күні дәрігер педиатр баланы қарағанда келесі клиникалық көріністерді анықтайды: тамақтың қызаруын, бадамша бездерінің, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюын. Келесі күні баланың терісі қызарып, денеде ұсақ нүктелі бөрітпелер пайда болған. 23-24.02.18 күндері бөрітпелер терінің қызарған жерінде ұсақ розеолаға өзгерген, тілі ал-қызыл түске боялған. «Алия» балабақшасын эпид. тексеру барысында келесі өзгерістер анықталды: топта дезинфекциялық тәртіп бұзылысы, бөлмеде желдету жүргізілмеген, сондай-ақ топта 7 бала келмегендігі анықталды, олардың келмеу себебі бақыланбаған және келу журналында тіркелмеген.
1.Инфекцияның атауын табыңыз;
2.Инфекция көзі мен қоздырғышын көрсетіңіз;
3.Берілу жолы мен факторын көрсетіңіз;
4.Берілу механизмін анықтаңыз;
5.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
Қызамық – аэрогенді механизммен берілетін, мойын арты, құлақ аймағындағы лимфа бездерінің үлкеюуімен, макулопапулезді бөртпелермен сипатталатын, антропонозды жедел респираторлы вирусты жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуімен, жеңіл катаралды симптомдармен, басталады. Майда папулезді бөртпелер бүкіл денеге таралады, 2-3 күнде із қалдырмай кетеді. Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар (әсіресе 2 — 10 жас аралығында) жиі ауырады.
Этиологиясы. РНК-лы тогавирустар тобына жататын вирустар. Қоршаған ортаның химиялық, физикалық факторларына және дезинфекциялық заттар әсеріне төзімсіз. Қызамықпен бір рет ауырған адам екінші рет ауырмайды. Қызамықпен бұрын ауырмаған жүкті әйелдер сақтануы керек (әсіресе, алғашқы 3 айда), жұқтырған жағдайда құрсақтағы нәрестенің өміріне зиян келуі, не әйел түсік тастауы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 11 — 21 (орта есеппен 16 — 21) күнге дейін созылады. Алғашқы кезде жөтеліп, тұмауратқан сияқты болады. Сонан кейін желке тұсында, құлақ айналасы, лимфа түйіндері ісіне бастайды. Басы, тамағы ауырып (баспа), асқа тәбеті болмай, құсады. 1 — 2 күннен кейін алдымен бетке, сонан соң қолтық, шапқа бозғылт-қызғылт майда дақты бөртпелер шығады. Бұл кезде дене қызуы 38 — 39С-қа дейін көтеріледі. Науқас баланың екі беті, көмекейі қызарып, бадамша безі ісінеді, қан қысымы көтеріліп, қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) көбейеді, зәрінде белок пайда болады. Ауру асқынғанда дене қызуы 40С-тан асып, науқас сандырақтап, іші өте бастайды. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы нашарлайды, тамақ асты және жақ асты безі ісініп, құлағынан іріңді бұлық ағады. Сондай-ақ, ол асқынып науқас менингит, мастоидит, гайморит, лимфаденит, нефрит, т.б. ауруларға шалдығуы мүмкін. Қызамықтың жоғарыда айтылған белгілері 4 — 5 күннен кейін басылады. Дене қызуы қайтып, бөртпелер азайып, қабыршақтанып терісі түсе бастайды. Баланың көңіл күйі жақсарып, асқа тәбеті ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет