Белсенді Енжар Белсенді Енжар Табиғи, белсенді иммунитет инфекциялық аурумен ауырып болғаннан кейін қалыптасады, адам өзі антиденелерді бөліп шығарады. Табиғи белсенді иммунитет тұрақты болып келеді, кейде өмір бойы аурудан сақтандырады.
Табиғи енжар иммунитет анадан балаға плацента, ана сүті арқылы беріледі.
Жасанды белсенді иммунитет вакцина, анатоксин егуден 2-3 аптадан кейін қалыптасады, ұзаққа созылады. Жасанды енжар иммунитет құрамында дайын антиденелері бар қаның сарысуы мен иммунды глобулиндерді егуден кейін сол мезгілде пайда болады, бірақ 6 айға дейін ғана аурудан сақтандырады.
Жасанды енжар иммунитет- антиденелері бар қан сарысуы мен иммуноглобулинді егуден кейін пайда болады. 6 ай сақталады.
Тұрақты, стерильді иммунитет- инфекциялық аурумен ауырып болған соң қалыптасады, инфекциялық аурудың қоздырғышы дене сақталмайды.
Стерильді емес иммунитетсозылмалы түрде өтетін ауруларға қарсы пайда болады, инфекциялық арудың қоздырғышы денеде болғанда иммунитет болады, қоздырғыш денеден жойылған соң иммунитет те жойылады.
Әлеуметтік иммунитет- қоғамның инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті. Әлеуметтік иммунитет халықтың табиғи және жасанды иммунитет деңгейіен, қоздырғышты тасымалдаушы адамдардың бар-жоқтығынан, халықтың әлеуметтік, мәдени, санитарлық жағдайынан, сапалы сумен қамтамасыз ету деңгейінен, халықтың салауатты өмір сүру деңгейінен тығыз байланысты.
1
1
4
Дифтерия қоздырғышын анықтау мақсатында мұрын - жұтқыншақтан бактериологиялық сынама алу әдісін сипаттап жазыңыз.
Сынаманы алуға 2 адам қатысады.Біреуі баланың тізесіне отырғызып,бір қолымен баланың қолын ұстап тұрады,баланың аяқтарын тізесімен мықтап ұстап тұруы керек.Мұрыннан,жұтқыншақтан жағынды екі бөлек стерильді тқзақшамен алынады.Мұрыннан жағынды алу алдында баланың мұрнын тазалау қажет.Тұзақшаны 2 мұрын ұуысына кезегімен кіргізіп айналдыра жағып алу керек. Жұтқыншақтан материалды аш қарынға немесе тамақтанғаннан,су,дәрі ішкеннен 2-3 сағаттан кейін алуға болады. Медицина қызметкері:оң қолына шпательді алып ,баланың тілін басып тұрады.,сол қолына тұзақшаны алып жұтқыншақтан айналдыра жағынды алады.
1
1
5
Менингококты инфекцияның этиологиясы мен эпидемиологиялық процесіне сипаттама беріңіз.
Этиологиясы. Neisseria, meningitidis (Neisseriaceae тұқымдасы, Neissera туысы) Менингококк-клетка ішінде тіршілік ететін, грамм теріс боялатын, капсула түзетін L-түріне айналатын, эндотоксин және нейромидаза өндіретін сыртқы ортада тұрақсыз диплококктар. Антигендік құрамы бойынша 12 серотобы белгілі: А, В, С, Д, V, Z т.б.-оның ішінде А,В,С типтері жиірек кездеседі. Инфекция көзі.
әр түрлі клиникалық түрлерімен науқастанған адамдар
бактерия тасымалдаушылар
Берілу механизмі. Ауа-тамшылы жолмен жұтқыншақтың шырышты қабатына енеді, сол жерде бала назофарингитпен ауырады,егерде баланың қорғаныс қабілеті жақсы болса, ауру әрі қарай таралмай осыменен аяқталады, ал егер баланың иммунитеті әлсіз болса, онда қоздырғыштар мұрын – жұтқыншақтың лимфо тамырлары арқылы қанға өтеді.
Менингококты инфекцияда инфекциялық процесс төмендегідей қалыптасады:
Орналасқан жерінде (мұрынжұтқыншақта көбінде 60-70%-ке дейін) “сау” тасымалдаушылық қалыптасады,
30%-де назофарингит дамиды
1% инфекциялық процесс жайылған түріне өтеді.
Менингококктар алғашында мұрын жұтқыншақтың шырышты қабатында орналасып, онда жеткілікті қабыну процесін туғызады (клиникалық белгілерсіз) – “сау” тасымалдаушылық, назофарингит кезінде жергілікті өзгерістермен қатар, айқын токсинемия және бактеремия байқалады. Генерализацияланған түрінде қоздырғыш жергілікті тосқауылдардан өтіп, бактеремия туғызады. Бактеремия арнайы монополисахаридтердің әсеріне байланысты айқын токсинемиямен қатар өтеді (менингит, артрит, иридоциклит).
Менингококкты инфекция - жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен, септицемиямен, аурудың симптомсыз түрінен бастап, іріңді менингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – менингококк (Neisseria meningitides) менингитпен ауырған адамдардың жұлын сұйықтығынан бөлінген. Менингококк Neisseria тұқымдастығына, Neisseriacea туыстығына жатады. Менингококк экзотоксин түзбейді, бірақ клетка ыдырағанда өте күшті эндотоксин бөлінеді. Менингококктар қоршаған орта факторларына төзімсіз. Температураның оптималды жағдайын ауытқуы, құрғатылу тез өлтіреді. Сондықтан зерттеу материалы тасмалданғанда бұл жағдайлар ескерілуі қажет. Қолданыстағы дезинфектанттардың бәріне сезімтал. Антибактериалды препараттарға сезімталдығы жоғары. Соңғы жылдары сульфаниламидтерге төзімділік қалыптысқаны айқын аңғарылады, сондықтан бұл топтағы препараттар қолданылмайды. Менингококкты инфекция-клиникалық айқындалуы әртүрлілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.Қоздырғышы-менингикококк, сыртқы артада тұрақсыз. 37 С төмен температурада өмір сүре алмайды, ал 50 С температурада 5 минуттан артық өмір сүре алмайды.
Эпидемиологиясы:
Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.
Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.
Төзімділік (сезімталдық- 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
Иммунитет-тұрақсыз,.
Аурудың даму механизмі-қоздырғыш ауа-сілекей жолымен жұтқыншаққа жетіп оны қабындырады, ал кейде қоздырғыш қанға, лимфаға өтіп аурудың ауыр түріне айналады..
1
2
1
Эпидемиологиялық процесстің І буынына бағытталған шараларды ұйымдастырылуын түсіндіріңіз. Эпидемиялық проц-ң 3 тізбегіне бағытталған алдын алу және қарсы шараларды кешенді түрде жүргізу. Эпидемиялық процестің бірінші элементі – инфекция көзі. «Инфекция қоздырғышының көзі» түсінігі патогенді микробтардың тіршілік ететін табиғи орны болып табылатын , сол жерден адамдар мен жануарларға жұғатын тірі немесе абиотикалық обьектілер, дегенді білдіреді. Инфекция көзі ретінде адам организмі (науқас немесе тасымалдаушы) , жануарлар организмі және қоршаған ортаның абиотикалық обьектілері болуы мүмкін.1) инфекция қордырғышының көзі --клиникалық дигноз қою –оңашалау --емдеу және тәртіп-шектеулік (обсервация-жұқпалы авурумен қатынаста болғандарды оңашалап, медициналық бақылау; карантин-жұқпалы инф-ң эпид-қ ошақтан таралмауын және аурудың басқа жақтан келмеуі үшін жасалатын іс-шаралар) 2) берілу механизмі--санитарлық гигиеналық шаралар--дезинфекция, дезинсекция,дератизация, стерилизация 3) Организмнің қабылдаушылығы
Иммундық алдын –алу Иммундық түзету, жедел алдын алу.Індетке қолданылатын шаралардығ барлығын 2 топқа бөледі:
1)Диспозициялық-инфекция жұқтырғанан кейінсырқаттылықтан сақтандыру шаралары*иммунды түзету,иммунды алдын алу,жедел алдын алу 2) Экспозициялық- адамға инфекцияны жұқтырмауға бағытталған шаралар*оңғашалау және медеу,тәртәп-шектеулік шаралар,санит-ветеринарлық,санит-гигиеналық шаралар.дератизация,дезинфекция,дезинсекция.
1
2
2
Дезинфекция және оның түрлерінің анықтамасы,түрлеріне мысал келтіріп түсіндіріңіз
Дезинфекция турлеры
1Ошақтық дезинфекция 2 Алдын алу дезинфекциясы
Күнделікті Қорытынды
Ошақтық дезинфекция жұқпалы аурудың ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың бар-жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрлері болады.
Күнделікті дезинфекция науқастың айналасында жасалады, бұны науқасты күтуші адам жасайды, оның мақсаты науқас бөліп шығарған, қоршаған ортаға түскен қоздырғыштарды дер кезінде, сол кезде жою.
Күнделікті дезинфекция жұқпалы аурулар ауруханасында, оңашаланғандарда (изоляторларда), емханаларда, егер ауру өз алдымен келіп емделетін болса, оның мекен-жайында өткізіледі. Бұл жұмыстың мақсаты – қоздырғышты ошақтан шығармау, аурудың маңындағы адамдарды инфекциядан қорғау. Аурудың қайда орналасуына байланысты күнделікті дезинфекцияны медицина қызметкерлері немесе күні бұрын дайындалған ауруды күтуші адамдар жасайды.
Қорытынды дезинфекция ошақтан жұқпа көзі кеткеннен кейін жасалады: науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін, сауығып болған соң, басқа жаққа кеткеннен кейін немесе қайтыс болғаннан кейін. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты күнделікті дезинфекциядан кейін қалып қойған қоздырғыштарды жою.
Қорытынды дезинфекцияның мақсаты – ошақтан қоздырғыш көзін аластағаннан кейін, ошақтағы әр түрлі заттарда қалып қойған патогендік микробтарды жою. Әдетте, қорытынды дезинфекция «Ауру туралы жедел хабарлама қағаз» түскесін, ауру ауруханаға орналасқаннан кейін 3 сағаттан 12 сағат уақыт арасында санэпидқадағалау мекемелерінің арнайы мамандарының күшімен бір рет жасалады. Бұл шараларды дезинфекция бөлімі бөледі. Ауылдық дәрігерлік учаскелерде және фельдшерлік пункттерде дезинфекцияны олардың құрамына кіретін дезинфекция мамандары жасайды. Қорытынды дезинфекцияны 2-3 адамнан құралған дезинфекциялау бригадасы жүргізеді, оның құрамына дәрігер – дезинфекционист немесе эпидемиолог көмекшісі және 1-2 дезинфектор кіреді.
Алдын алу дезинфекциясы деп эпидемиологиялық маңызы бар заттардағы орын алуы мүмкін жұқпалы аурудың қоздырғыштарын кетіруге немесе жоюға арналған шараларды айтады. Алдын алу дезинфекциясы жұқпалы ауру шықпай тұрғанда, оның шығуы мүмкін деген кезде және таратпау мақсатында жасалады.
Бұған қатыстылар: ішетін суды тазалау (хлорлау, озондау, сүзу, қайнату және т.б), сүт тағамдары мен сүтті пастеризациялау, шикі жемістер мен жидектерді жуу және т.б. Сонымен, алдын алу дезинфекциясының ошақтық дезинфекциядан айырмашылығы мынада – ол қоздырғыштың көзі табылмай тұрғанда, бірақ оның болуы мүмкіндігін ескеріп, күні бұрын жасалады.
Алдын алу дезинфекциясы қоғамдық тамақ мекемелерінде, ветеринария, ауыл шаруашылық және агрономия жұмыстарында, тамақ өндірісінде және басқа салаларда қолданылады. Ол сумен қамтамасыз ету жүйелерінде, канализацияда, қоғамдық тамақтандыру, өсімдік және малдың шикізаттарынан тағам дайындап, тарататын мекемелерде, асханаларда, т.б үнемі қолданылады
Адам көп жиналатын, сол себептен жұқпа қоздырғыштарының көзі болуы мүкін жерлерде (вокзалдар, ойын-сауық мекемелері, қоғамдық көлік, моншалар, ортақ дәретханалар, жүзу бассейндері, шаштараздар және т.б) алдын алу дезинфекциясы өткізіліп отырады. Емханаларда, ауруханаларда және тағы осы сияқты мекемелерде алдын алу дезинфекциясын клиенттерді қабылдап болғаннан кейін немесе үзіліс кезінде жасаудың маңызы ерекше, ол жұқпа қоздырғыштарының қоршаған ортада таралуына мүмкіндік бермейді. Мысалы, балалар емханасында дезинфекция ауаны УФ сәулелерін пайдалану, бөлмелерді әрдайым желдету арқылы ескі ауаны ығыстыру, жабықтарды, ойыншықтарды, горшоктарды және т.б қайнату жолдарымен іске асырылады.
1
2
3
Туберкулезге қарсы вакцина, оның алыну жолын, вакцина жүргізу кезеңін, манту сынамасының нәтижесін түсіндіріңіз.
Туберкулез вакцинациясының (БЦЖ) құрамында микобактериалардың авирулентті штамдары бар.Ондай штамды А.Кальмет және К.Герен ірі қара малдардың микобактерияларынан алған.Вакцина натрий глютаминінің 1,5 % ерітіндісінде құрғатылған.Бір ампулада препараттың 20 дозасы болады.Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен сұйылтады.Нәрестелерге вакциналауды туылғаннан кейінгі төртінші күнге дейін педиатрдың тексеруінен соң таңертең егу бөлмесінде жүргізіледі.Медициналық қарсы көрсеткіштер (егу жүргізуге болмайтын жағдайлар) : шала туылу,жанұясында тұқым қуалаушылық иммундытапшылыұ болуы.БЦЖ ме қайталап егу 6-7 жаста жүргізіледі.Қарсы көрсеткіштері :бұрын туберкулезбен ауырғаны,БЦЖ-ның бірінші мөлшеріне тыртықша пайда болуы,АИТВ инфекциясы.Егуден кейін асқынулар сирек болады.Әдетте,ондайлар егу техникасын бұзғанда және вакцина тері астына түскенде пайда болады. Егу әдісі,мөлшері:Алғашқы егу жаңа туылған балаларға 0-4 күні,қайта егу 6-7 жаста жүргізіледі.Егу арнайы егу бөлмесінде жасалады.Егу бөлмесінде мұздатқыш,термоконтейнер,1 рет қолданатын туберкулин шприцтері ,егу материалдары болуы керек.Егулер дәрігер-педиатрдың мұқият тексеруінен кейін жасалады.Егуден кейін медбике егілген вакцина туралы мәліметті (серия,мөлшері,сақталу мерзімі,егу мерзімі,) жаңа туылған баланың картасына және баланың егу куәлігіне жазады. БЦЖ вакцинасы тері ішіне сол иықтың сыртқы орта аймағына егіледі.Жаңа туылған балаларға 0,05 мл,1 жастан жоғары балаларға 0,1мл .Ревакцинация 6-7 жаста Манту сынамасы нәтижесінде сәйкес жасалады.Ревакцинация 1 сынып оқушыларына,жаңа оқу жылының алғашқы айында мектепке жасалады.Манту сынамасы және БЦЖ вакцинасын егу аралығы 2 аптадан аспауы керек.
1
2
4
Туберкулез инфекциясының эпидемиялогиялық процессін, патологиясы мен клиникалық белгісін сипаттау арқылы түсіндіріңіз
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді
Этиологиясы: туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді.
Инфекция көзі: науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық және ауру мал
Берілу механизмі: Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента арқылы тарайды.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
Диагностика:
Қызылша инфекциясының этиологиясы және патогенезі мен клиникалық кезеңдерін
толық сипаттап түсіндіріп жазыңыз
1
3
1
Қараша айында, Нұртас ауылында 3 жасар қызды ата-анасы шұғыл түрде Нұртас ауылдық медициналық амбулаториясына дене температурасы жоғарылыуымен, бетте және денесінде бөртпелердің көрінуімен, жалпы улану белгілерімен жедел хабарласты. Қызды орталық аурухананың балалар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызды. Дәрігер қарап тексергенде, ұрттың шырышты қабығынан Бельский Филатов Коплик белгісін және құлақ артында, бетте, мойында қызыл бөрітпелердің бар екендігін байқады. Эпид. анамнезден, қызға 1 жасар кезінде жопарлы түрде тірі ККП вакцинасы енгізілген. Баланың өз уақытында алдын ала егу жүргізілген күні №026 нысанды медициналық журналында көрсетілген. Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде бұл инфекцияның қарқындылығын анықтау мақсатында қан алып тексергенде, нольдік иммунитетке сәйкес нәтиже алынды.
1.Инфекцияны атаңыз;
2.Инфекция қоздырғышын, берілу механизмін, негізгі берілу жолын көрсетіңіз;
3.Осы жағдайға байланысты, инфекциялық аурулар жіктелуін анықтаңыз;
4.Иммунды алдын алу жүргізілу ерекшеліктерінің бұзылу себептерін көрсетіңіз;
5.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.