Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет12/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1
ЭКГ тест 2021
Тырысқақ
1 Қоздырғыш аты Vibrio Cholerae вибрио тасмалдағыш

3 Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады.


Жұғу жолы – ауыз – нәжістік. Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.
4. Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.
Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.
Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.
Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.
Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:
• эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
• емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
• арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
• этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
• халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.



ЖМ 607

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет