Энтеробиоз қоздырғышы – острица, Enterobius Vermicularis (сөзбе сөз аударатын болсақ, «ащы ішекте өмір сүретін құрт»)
Энтеробиоз – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, созылмалы түрде өтетін, антопонозды, аса контагиозды инфекциялық инвазия.
Этиологиясымен эпидемиологиясы: мектепке дейінгі жастағы балалар арасында ең жиі кездесетін гельминтоз болып табылады.
Еркектері 2-5мм ұзындыққа дейін өседі, және алқызыл түсті болып келеді, ұрғашылары ірірек, олардың ұзындығы 9-12мм, түсі ақшыл-сұр. Ұрғашынынң құйрықтық бөлігі біз тәрізді үшкірленген, сол себептен оны «острица» деп атайды.
Жыныстық жетілген острицалар адамның ащы ішегінің дистальді бөлігінде, соқыр ішекте, құрт тәрізді өсіндіде және өрлемелі ішекте паразитирлейді, олар ішек қабырғасына бекіп, ішектің құрамындағы заттармен қоректенеді. Ұрғашыларды ұрықтандырғаннан кейін еркектері өліп қалады. Ұрғашылары адамның ішектерінде 3 айдан астам уақыт өмір сүреді. Жетілген ұрғашының жатырында 5000-нан 17000-ға дейін жұмыртқа жетіледі. Жұмыртқалар жетілген сайын жатыр керіліп, құрттың ішек қабырғасына жабысып тұру қабілеті бұзылады. Ішек перистальтикасы гельминттердің тік ішекке қарай тез жылжуына әсерін тигізеді. Белсенді қозғала отырып және тік ішектің қабырғасы бойымен жылжи отырып, ұрғашылар анальді тесік арқылы сыртқа шығады. Көбінесе бұл түнгі уақытта, яғни анальді сфинктер босансыған уақытта болады. Перианальді аймақтың ылғалды терісіне острицалар жұмыртқаларын салады, олар 3-4 сағаттан кейін инвазионды сатыға дейін дамып жетіледі. (№2 Слайд. Энтеробиоз қоздырғышының өмір циклы.)
Инвацияның жалғыз көзі – энтеробиозбен ауыратын науқас адам.Жиі энтеробиозбен инвазирленген адамның қолы арқылы зақымдалады. Тері бетіне және саусақтардың тырнағының астына острицалардың инвазионды дернәсілі бар жұмыртқалар қатты қышитын перианальді аймақты қасу нәтижесінде түседі. Острица жұмыртқалары іш киімге, төсек орынға, унитаз қабырғасына, басқа тұрмыс заттарына түседі.Жұмыртқалардың тез дамуына байланысты өзін-өзіне жұқтыру қаупі өте жоғары болады, және балаларда бұл өте жиі тіркеледі. Инвазионды жұмыртқа асқорыту трактісіне түскен кезде, одан дернәсіл шығып, ол 20-25 күннен кейін жыныстық жетілген күйге ауысады.
Патогенезі Энтеробиозкезінде острицалар науқас ағзасына және ішектің шырышты қабатына токсико-аллергиялық және механикалық әсер көрсетеді. Острицалардың өмір сүруінің нәтижесінде түзілген өнімдер, түрлі ферменттер ішектің шырышты қабатының, тіпті шырыш асты қабатының ұлпасын бұзып түрлі іздер, жолдар түзілуі мүмкін, ал бұл іздерге тек қана острицалар ғана емес, сонымен қатар патогенді бактериялар да енуі мүмкін. Қыз балаларда острицалар миграция кезінде сыртқы жыныс мүшелеріне, зәр шығарушы жолдарға еніп, вульвагинит, уретрит туындатуы мүмкін.
Жұқтыру факторлары :
1Жұмыртқа ---------- төсек киім ------- тағам
2Ойыншақ ------ ыдыстар
3Шыбын.
4Тағам және тұрмыстық жанасу.
Клиникасы
Энтеробиоз кезіндегі басты симптом перианальді аймақтағы қышу сезімі болып табылады. Қышу сезімі сыртқа шығып отырған гельминттердің шырышты қабатты тітіркендіруі нәтижесінде және острицалардың өмір сүруі барысында түзілген қалдық өнімдердің аллергиялық әсері нәтижесінде пайда болады. Қышу сезімі кешкі және түнгі уақытта пайда болады. Науқас қозғыш болады, оның ұйқысы бұзылады, бастың ауруы пайда болады, әр түрлі невротикалық реакциялар дамып, есте сақтау қабілеті төмендейді, ойлау қабілеті және физикалық жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Жоғарыда аталған симптомдармен бірге іштің төменгі аймағында болатын ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, сирек жағдайларда диарея болады. 3-4 күннен кейін жоғарыда аталған симптомдар жоғалып, 2-3 аптадан кейін қайтадан пайда болады. Острицалардың көптеп шығуы дене қызуы көтерілген кезде, кейбір антибиотиктерді қолданған кезде, күнделікті өмірде көп қолданбайтын ерекше тағамдарды көп мөлшерде қолданған кезде (апельсин, мандарин, лимон) байқалады.Бұрынғы уақытта энтеробиозбен инвазиялану интенсивтілігі өте жоғары болған. Мысал үшін, 1923ж. В.П.Подьяпольская деген дәрігер қайтыс болған баланың ағзасынан 2751 острицаны анықтаған. Қазіргі уақытта инвазия интенсивтілігі 50-100 гельминттен аспайды.
Диогностика :
Паразитологиялық зерттеу перианальды қырғыстан қырынды алу – 3 рет аралығы 2 3 күн.
Контагнозды гельминтоздармен ауырғандарды емдеу.
Балалар ұжымындағы топтарданбір рет тексерілген острицамен анықталған адамдар саны 15% және одан жоғары болған жағдайда топтың барлық балалары мен қызметкерлері емдеуге жатады.
Контагнозды гельминтоздарды алдын алу: Негізгі шаралар инфекциялық ауруларды анықтау мен емдеу және санитарлық индетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі балаларға білім беру ұйымдарында, мектеп интернаттары мен балалар үйлерінде жеке және қоғамдық гигиенаның сақталуына бағытталған іс шаралар кешені орындалу тиіс.
Гельминтоздарға зертханалық диагноз қою әдістері.
Зертханалық зерттеулер науқастың нәжісінде дуоденальдық сұйықтығына, қақырығында, несебінде, қанында, терісінде, бұлшық ет және дәнекер тіндерінде олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын дәлнәсілдерін іздеп табуға бағытталған.
Нәжісті копрологиялық зерттеу: ең кең таралған әдіс болып табылады. Үйткені гельминттердің көпшілігі адамдардың ішек жолдарында паразиттік тіршілік етеді.
3
3
5
Науқас Алина. Индиадан ұшып келген «Боинг» ұшағының жерге қонғанынан кейін әуе жайдың инфекциялық изоляторына арнайы медициналық көлікпен жеткізіліп, жатқызылды. Ұшақ бортында науқаста жедел іш өтуі басталды, ол ұшу барысында күшейе түсті, одан кейін улану белгілері пайда болып, бірақ температурасы қалыпты болды. Нәжісі және құсық массасы «күріш сорпасы» секілді. Науқастың шөлдеу сезімі күшейіп,ауыз қуысы құрғап, аяқ-қолдарының тартылулары байқалды. Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасың бокс бөлмелерінде диогностикалағанда науқастан «кір жуушы қолы» симптомы, еріннің және мұрынның цианозы, көз алмасының ішке кіріп орналасу симптомдарын байкады. Науқас жағдайы нашарлап, «күннің шығуы» симптомы мен «қара көзілдірік »синдромы байқалды. Науқас қайтыс болды. Клиникалық материал тексеру барысында құсық массасынан вибрион алынып, қосымша лабороториялық ПТР арқылы гендік эндотоксин анықталып, оң нәтиже көрсетті.
1.Инвазия көзі мен қоздырғыш атын анықтаңыз.
2.Карантиндік инффекцияның шығу себебін көрсетіп, түсіндіріңіз
3.Берілу механизімін, негізгі және қосымша жұғу жолдарын көрсетіңіз.
4.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз;.
5.Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырыңыз.