Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз


Энцефалит қатты интоксикация фонында, әр түрлі бұлшық еттердің тырысуымен, парездермен, параличтермен байқалады



бет8/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1

Энцефалит қатты интоксикация фонында, әр түрлі бұлшық еттердің тырысуымен, парездермен, параличтермен байқалады.


Асқынулар
Менингококты инфекцияда мынандай асқынулар болы мүмкін:
инфекциялық – токсикалық шок
жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі
жедел бүйрек жетіспеушілігі
мидың ісінуі
екіншілік инфекцияның қосылуы
Диагностикасы: Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:
мұрын жұтқыншақтың бөлінісін, қанды, ликворды т.б. бактериалогиялық тексеру жүргізіледі;
серологиялық тексеру (РПГА) жүргізіледі.
Алдын алу шаралары.
1. Науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу
2. Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).

3

3

2

Қызылорда обл Фатима деген 9 айлық нәресте 27.08.15 ж ауырып қалды. Нәрестенің дене температурасының 40 градусқа дейін көтерілу салдарынан нәрестенің ата-анасы 3.09.15ж медициналық көмекке келіп қаралды. 3.09.15ж нәрестені облыстық балалар ауруханасына «Жедел тыныс алу инфекциясы», «төмеңгі бөліктік пневмония» диагнозымен жатқызылып ем жүргізілді.Нәрестені дене температурасының жоғары көтеріліп тұруына қарамастан 6.09.2015 ж ата – анасының қалауы бойынша ауруханадан шығарып, әрі қарай 9 мен 14.09.2015ж аралығында “Интертич” жеке меншік клиникада ем алды. 14.09.2015 ж нәрестенің жағдайы нашарлады, қан құсу, егуорнында қан кету, қан аралас іш өтуі байқалды, бауыры мен көк бауырының үлкейгені көрінді. 15.09.2015ж облыстық балалар ауруханасында қайта жатқызу барысында жұлын сұйықтығынан Leishmaniadonovanı – бір жасушалы паразит қоздырғышы анықталды. 17.05.2015ж ДВС синдром, анемия диагнозы қойылды. 17.05.2015ж ауру нәресте реанимация бөліміне ауыстырылды. 18.05.2015ж қайтыс болды. Эпидемиологиялық тексеріс барысында баланың анасымен жазғы мезгілде қала сыртында Байқадам ауылындағы туысқандарының үйінде болғандығы, сол жерде шіркей (індемес) шаққандығы анықталды.Қала сыртындағы ветеринарлардың тексерісі нәтижесінде тексерілген аула иттерінен олардың ішінде 12 итте мұрын және құлақ аймағының терісі зақымдалғаны анықталды.
1.Инфекция атын анықтаңыз.
2.Инфекция көзін және тасымалдаушысын көрсетіңіз .
3.Берілу механизімін, жұғу жолдарын көрсетіңіз.
4.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз;
5.Алдын-алу шараларын ұйымдастырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет