Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері
«Бақылау» ұғымы оқушылардың білімін, біліктілігін айқындау, өлшеу және бағалау деген түсінікті білдіреді. Айқындау мен өлшеу тексеру деп аталады.
Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Оқыту процесінде бақылаудың түрлері
Фронтальдық (жаппай) бақылау
барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.