1 Пән туралы мәліметтер:
Кредит
|
3
|
Курс
|
2
|
Семестр
|
1
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Аралас емтихан
|
Дәріс (сағаты)
|
15
|
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
|
15
|
СОӨЖ (сағаты)
|
15
|
СӨЖ (сағаты)
|
15
|
Барлық сағаттар
|
60
|
Мақсаты: «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы» тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасамдық типтерін, туынды сөздердің түрлерін, сөзжасамдық мағына, әр сөз табының сөзжасамын т.б. сөзжасамға қатысты мәселелерді қамтиды. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, оны тілде жүзеге асыратын сөзжасамдық заңдылықтар, амал-тәсілдер екенін таныту көзделеді. Бұл өз кезегінде қоғаммен байланыс жасайтын мамандық иелерін және баспасөз хатшыларын дайындауда көмегін береді.
Сөзжасам курсының негізгі мақсаты – студенттерге негізгі теориялық мағлұматтар беру. Осымен байланысты қазақ тілінің сөзжасам жүйесін зерттейтін арнайы пән ретінде студенттерге терең ғылыми-теориялық білім беру мақсатында жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының келешек мамандарына жан-жақты толық білім беруді көздейді. «Қазақ тілінің сөзжасамы» пәні болашақ мамандарға қазіргі сөздердің жасалым табиғатын, өзгешеліктерін танытуды көздейді. Сонымен қатар, қысқарған сөздердің жасалымындағы қазақ тіліндегі ерекшеліктер, бүгінде қайта жанданып жатқан ресми стиль және ғылыми стиль сөзжасамы, заң, экономика, технология, техника, іс жүргізу салаларындағы терминжасам, фразажасам, аудармадағы ерекшеліктер қарастырылады. Болашақ мамандарды қазақ тілінің сөзжасам шығармашылығына төселдіретін мәселелер де назардан тыс қалмайды.
«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» - қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, оның тілдік жүйедегі алатын орнын, қолдану қабілетін, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формаларды қарастыратын тіл білімінің саласы. Курста морфологияның басты сұрақтары, яғни сөз таптастыру мәселесі, күрделі сөздер сипаты, сөз таптары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |