Информационное письмо



бет7/119
Дата31.01.2022
өлшемі326,19 Kb.
#116550
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119
Байланысты:
сөзжасам, морф 2020етістік (2)

6. Дәрістер кешені


Бірінші апта
1 дәрістің тақырыбы: Етістік. Негізгі және көмекші етістіктер. Аналитикалық форманттар

Терминдер мен анықтамалар

Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

Жетекші (негізгі) етістіктер толық лексикалық мағынаны, яғни, қимыл атауын білдіреді.

Көмекші етістіктер грамматикалық дамудың нәтижесінде алғашқы лексикалық мағынасынан айрылып, грамматикалық қызметке көшкен етістіктер.

Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші етістіктің бірлігінен тұратын, категория мағынасын білдіретін күрделі морфологиялық көрсеткіш аталады.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)

Қазіргі қазақ тілінде етістік ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әртүрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеалогиялық ерекшеліктеріөз алдына бір төбе.

Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де, өзіне тән әртүрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп асығыс айтып жүрміз. Бірақ етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрсеткен жөн. Ең алдымен, ол ерекшелік етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен тығыз байланысты. Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол – еістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы болып табылады.

Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі болып танылатын етістік өзіне тән белгілі мағына білдіре алатын, бірақ қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұрады. Етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір ала-құлалығы немесе тіпті кейде оның мәніне түсінбеушілік етістік категорияларының ерекшеліктерін анықтап, оларды жіктеуден де байқалып жүр. Әдетте етістіктің түбірден өзге формаларының жүйесі мынадай грамматикалық категориялар ыңғайында қаралады: 1) қимыл атауы категориясы, 2) салттылық және сабақтылық категориясы, 3) етіс категориясы, 4) болымдылық және болымсыздық категориясы, 5) амалдың өту сипаты категориясы, 6) есімшелер категориясы, 7) көсемшелер категориясы; 8) рай категориясы, 9) шақ категориясы, 10) жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы. Етістіктің грамматикалық категорияларын лексика-грамматикалық (салт-сабақты етістік, етіс, күшейтпелі етістік, немесе көрініс, болымсыз етістік категориялары) және таза грамматикалық (рай, шақ, жақ немесе жіктелу) категориялары деп екіге бөліп қараған жөн. Өйткені рай, шақ категориялары етістіктің мағыналық жағынан оны өзгеріске түсірмейтін ғана тұлғасы емес, сонымен бірге етістікті басқа сөздермен байлансқа түсуге дәнекер болып, жіктеліп, сөйлем ішінде қолдануға негіз болатын тұлғалары. Бірақ бұл категориялардың ішіне есімше, көсемше, тұйық етістік немесе қимыл атауы енбей қалады. Өйткені бұлар етістіктің грамматикалық категориялары емес, ерекше түрлері болып табылады.

Тіліміздегі етістіктер қолданыста түрлі құрамда қолданылады. Солардың бірі жетекші етістік пен көмекші етістіктің тіркесі. Мысалы, келген еді, айтса екен, келе қалды, құлай жаздады, біліп алды, айта салды, көріп қойды т.б.

Келтірілген мысалдардағы әр тіркестің алдыңғы сыңарлары – жетекші етістіктер, соңғы сыңарлары – көмекші етістіктер. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет