Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлеін, рай, шақ түрлерін меңгеру, көсемше мен есімше тұлғалы етістіктерді ажыртау, етістік жасаушы жұрнақтарды қарастыру, етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтау.
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Салт етістіктен сабақты, сабақты етістіктен салт етістікке аусқан етістіктерді жеке-жеке көшіріп, оларға талдау жасаңыздар.
Алғаш келгенімде бәрі де шетінен білмді, ақылды көрінген балалардың біразынан озып та кеттім. Күз өтіп, қыс болды. Қаңтардың қақаған қарлы қарлы бораны да келіп жетті. Осы кезде біз қысқы демалысқа шықтық та, ауылға тағы оралдым. Адам алыста көп жүре берген соң ба, ... ауылды көп ойлай бермейді екен (Д.И.).
2-жаттығу. Мәтіннен салт етістікті бір бөлек, сабақты етістікті бір бөлек көшіріп, олардың неге салт, сабақты болу себебін түсіндіріңіздер.
Ол жалт бұрылды (Х.Е.). Сәлден кейін дөңгелек үстелдің үстіне дастарқан жайылып, ақ бауырсақ төгілді. Соған үш шана шөп жеткізіп берейік (Х.Р.). Бір құпияны сездірген (Х.Р.). Қосыңды әкеліп үйдің қасына тіктір (Ғ.М.).
Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнануынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда. Мен рақметімді алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о, қасиетті Жер-ана, сенсің менің ардақтым (Ы.Ж.).
Достарыңызбен бөлісу: |