Сабақтың мақсаты: Етістік жасаушы жұрнақтарды ажырату, аналитикалық тәсілмен жасалған етістіктерді табу.
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Төмендегі мысалдардан бір ұядан тараған етістікті тауып, мағыналарына сипаттама беріңіз.
Тақтайдай, тақылдату, тақталану, тақылдау, тақталату, тақырлық, тақталау, тақымдық, тақтыру, тақуалық, тақыл, тақылетті, тақымда, тақырлан, тақырып.
2-жаттығу. Төмендегі мысалдардан бірнеше етістіктің типін жасаңыздар.
Дидарлас, аталас, араздас, ұйымдас, жариялас, жалқаулан, намыстан, жағалас, қарсылас, жапсарлас, орайлас, дәмелен, жігерлен, көршілес, тетелес, бірлес, қателес, ашулан, айбарлан, өңдес, өңдет, өрлет, пайдалан, паналат, таңдан, сағымдан, серіктес, жолдас, септес, сырлас, сырлан.
3-жаттығу. Күрделі етістікті және аналитикалық формалы етістікті ажыратып, оларға толық сипаттама беріңіз.
Ел қолы бес есе көп, бірақ кейде шоғырланып бір тұсқа үймелесіп қалады да, басқаларымен қанаттаса білмейді. Әкесі тым қарапайым, шешесі еркек көзі бір қадалмай өте алмас ажарлы адам екен. Келе жатқан қыс суығынан шіміркенгендей аз ғана дірілдеп қалды (Ғ.Мүсірепов). Екі жылдан бері дәмдес, сырлас болып жүрсе де, Ербол ауылға келген сайын, ұрын түсуге келгендей жүрегі өрекпіп, сабырсыз санамен сасқалақтап қалатын. Хош иісті гүлі бұрқырап, бұлақтары сарқылмай сарқырап тұрған – осынау кең қонысты, бейбіт өрісті Шабанбай жайлауы еді. Омарташы жігіт мұздай сумен ыстықтан барбия бастаған бетін сипап, қайта-қайта жуынды (О.Бөкеев). Алдында улы жылан жатқандай шал божбан сары тастаған қағаздарға үрейлене қарады. Алыстан қызыл бөрікті, қара шекпенді салт атты бейтаныс жан аяңдай басып барады (Л.Омарова).
Достарыңызбен бөлісу: |