Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Етістік. Негізгі және көмекші етістіктер. Аналитикалық форманттар
Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлеін, рай, шақ түрлерін меңгеру, көсемше мен есімше тұлғалы етістіктерді ажыртау, етістік жасаушы жұрнақтарды қарастыру, етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтау.
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Үзіндіден етістікті табыңыздар. Олардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріп, семантикалық топтарға бөліңіздер.
Кейін немересімен екеуі қалған кезінде де аңшылықтан қол үзген жоқ. Рас, соңғы жылдары жасы ұлғайып, қайғы қажытты ма, мылтық ұстағанда қолы сәл қалтырап, өзі жасаурайтынды шығарды. Сілтегені тие бермей, мүлт кететін де боп жүрді. Бірақ, Төлеутайын тарықтырған емес. Түз несібесі – тәңірден. Ертемен мылтық асынып кетеді де, кешке жақын талшық етер бірдеңе алып қайтады. Сөйтіп, ол қоғам өмірінен, саясаттан тысқары, табиғат аясында оқшау өмір сүріп жатты. Түзге шықса, қара мылтығын, үйге келсе қара домбырасы мен немересін ермек етті (Қ.Ж.).
Достарыңызбен бөлісу: |