3. Нақтылық демеуліктер. Бұл демеуліктер жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын, сөйлемде айтылатын ойды нақтыландыра, тұжырымдай түсу үшін қолданылады. Оларға қой (ғой), -ды (-ді, -ты, -ті) демеуліктері жатады.
4. Шектік демеуліктер белгілі бір нәрсеге, іс-әрекетке, амалға, сын-сипатқа, мезгілге т.б. шек қоя тұжырымдап айту үшін қолданылады. Ондай демеуліктердің қатарына қана (ғана), -ай шылаулары жатады.
5. Болжалдық демеуліктерге –мыс (-міс), -ау шылаулары жатады.
6. Болымсыздық демеуліктеріне түгіл, тұрсын, тұрмақ шылаулары жатады.
7. Қомсыну демеулігіне екеш шылауы ғана жатады.
Он төртінші апта
№14 дәрістің тақырыбы: Одағай
Терминдер мен анықтамалар
Одағайлар - өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөйлемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұратын сөздер.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Одағай сөздер мағына жағынан да заттың (субстанцияның) өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жай-күйі туралы да ұғым бермейді. Олай болса, одағалар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бір де б іреуіне ұқсамайды.осындай ерекшеліктерімен байланысты, одағай сөздер сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қызметтерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түспейді.
Одағайлар өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:
Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатындыбыстық ишараттарды білдіреді.
Екіншіден, адамның көңіл-күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, айыспалы, демек көп мағыналы болып келеді. Одағай сөздердің дәл мағынасы сөйлемде айтылатын ойдың жалпы сарынына байланысты болады. Өйткені одағайлар сөйлемде айтылатын оймен жарыса қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді.
Үшіншіден, одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |