2-жаттығу. Одағайлардың тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріңіздер.
- Шеше-ау, үсініп қала жаздапсыз ғой түу пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен.
- Шіркін не керек әттең-әттең естімедім-ау.
- Апыр-ай енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба қап.
- Уа енді не қыл деп отырсың? – деді.
- Ех мен кетем десем!
- Аһа бұл күндіз осы маңда болады екен.
- Қап мынаның баласы!
- Әй бала!.. Әй сен өзің – деп тұрып, дауыстап.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, практикалық сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Сабақ өткізу формасы: Қашықтықтан оқыту. Оқытушының электронды поштасына тапсырмаларды орындап салу және whatsApp -пен есеп беру.
Достарыңызбен бөлісу: |