Информационное письмо


Ядролық қарудың жарылыс ошақтары



бет20/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Ядролық қарудың жарылыс ошақтары. Ядролық қару - өзінің талқандау күші бойынша ең күшті қару түрінің бірі, жаппай қыру қаруларының қатарына кіреді. Оның құрамына әртүрлі ядролық қару-жарақтар (ракеталар мен торпедалардың бөліктері, авиациялық бомбалар, артиллериялық снарядтар және ядролық қуатты құрылғылармен жасақталған миналар), басқару құралдар мен оларды нақты мақсат етілген жерге жеткізетін құралдар (тасымалдаушылар) кіреді. Сипатына қарай жарылыстар әуе, су үсті, жер үсті, су асты және жер асты болуы мүмкін. Ядролық жарылыс қас-қағым сәтте адамдарды, ашық тұрған техникаларды, құрылғылар мен әртүрлі материалды құралдарды талқандап, істен шығарады. Жарылыс болған жерді центр, ал оның жер (су) бетіндегі проекциясын – эпицентр деп атайды. Ауада болатын жарылыстар жер бетіне жанаспайтын бұлт қабатын түзеді. Қару-жарақтың қуатына қарай ол бірнеше жүздеген метрден бірнеше километрге дейінгі биіктікте болуы мүмкін. Жер немесе су үсті жарылыстары жер (су) беткі бөлігінде, оның бұлттары жер (су) бетіне жанасатындай биіктікте болады. Зақымдаушы радиусы ауа жарылыстарына қарағанда шамамен 20 пайызға кем болады. Жер (су) үсті жарылыстарының негізгі ерекшелігі жарылыс болған жергілікті жерді радиоактивті заттармен қатты зақымдайды. Жер (су) асты жарылыстары деп жер (су) астында болған жарылыстарды атайды. Жер асты жарылыстарының негізгі талқандаушы факторы топырақ қабаттарынданемесе суда таралатын – қысым толқындары. Ядролық қарудың негізгі талқандаушы факторлары: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткіш радиация, төңіректің радиактивті элементтермен ластануы, электро-магниттік импульс.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болуы көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Адамдар соққы толқынынан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынп, сақтанады. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағының бәрін қиратын талқандайды. Оның күші эпицентрден қашықтаған сайын әлсірей береді.

Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Бұлардың ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулелер. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды. Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бетта бөлшектермен бөлініп адамның ашық жеріне терісіне қонады, екіншіден олар адамның ішіне өтіп кетеді. Осыдан адамдар әртүрлі сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Мұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы шақырым аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антенналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, вакуумды қондырғыларды және т.с.с. істен шығарады. Бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттары, электронды есеп машиналары жарамсыз болып қалады.
2. Сәуле ауруы - бұл иондаушы сәуленің организмге әсер етуінен пайда болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруының адамда жедел (жоғары сәуле дозасын алған жағдайда) және созылмалы (егер төмен сәуле дозасын жиі алса) түрі болуы мүмкін. Сәуле ауруы негізінен қан жасаушы органды, нерв жүйесін және ішек-қарынды зақымдайды. Алған сәуле дозасына байланысты сәуле ауруы үш дәрежеге бөледі:  бірінші дәрежесі 100-200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, аурудың бұл дәрежесінде білінбейтін кезеңі 2-3 аптаға созылады, содан кейін жалпы әлсіздік басталып, адамның зауқы болмайды, басы айналып, қанының құрамындағы ақ түйіршіктер азаяды, ауруды емдеуге болады; екінші дәрежелі сәуле ауруы 200-300 «Р» доза алғанда пайда болады, зақымдану белгілері тез білінеді әрі ауыр түрде өтеді, білінбейтін кезеңі бір аптаға дейін созылады, көп жағдайда адам толықтай әлсірейді, бірақ та белсенді түрде емдеген жағдайда 1,5-2 айда жазылады; үшінші дәрежелі сәуле ауруы - 300 «Р»-нен артық доза алғанда пайда болады, алғашқы белгілері әдетте сәуле алысымен-ақ тез білінеді, адамның басы қатты ауырып, жалпы жағдайы әлсірейді, лоқсып, көп құсады, емдеу мерзімі 6-8 айға дейін созылады, мұнда адам өлуі мүмкін.

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.


Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді.
I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100 - 200 рад сәлелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады.
// дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200 - 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі—үш ай ішінде сауығады.
IIIдәрежелі сәуле ауруы (ауыр) - 400 - 600 рад сәлелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді әқ-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта қүстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе үлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жүтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шөктен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бүдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.
IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600 - радтан жоғары сәлелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 40° градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сүйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.
6 дәрістің тақырыбы: Химиялық және бактериологиялық жарылыстардың зақымдау ошақтары

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).

1 Химиялық зақымдану ошағы және химиялық улы заттардың ағзаға әсері

2. Биологиялық зақымдану ошағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет