Информационное письмо



бет18/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы хабар болған бойда, уақыт болса кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетіне желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді. Шаңдақ дауыл- бұлкүшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі. Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Су басуы – өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігініңсу астында қалуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді. Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздықтардың үздіксіз еруі жатады. Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.

Табиғи өрттер. Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафтты өрттер – орман, орманды дала және дала өрттері болып бөлінеді. Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал ол мүмкін болмаған жағдайда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кеткен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, киізді пайдалану т.с.с. Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді.

Табиғи қауіптер дегеніміз-геофизикалық, геологиялық,гидрологиялық,атмосфералық немесе басқа шығу тегі бар кең көлемді қауіпті табиғи құбылыс, не процесс, нәтижесінде адамдардың тіршілігінің күрт бұзылуы, материалдық құндылықтардың бүлінуі және жойылуы.Табиғи қауіп - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай.Ерекшелігі: басқаруы, бақылауы қиын. Мысалы: жер сілкінісі,жанартау атқылауы, сел,су тасқыны, қар көшкіні, боран т.б. Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуыТабиғи қауіптер дегеніміз - табиғатта өздігінен пайда болатын апаттардың түрін айтамыз. Оларға боран,бұрқасын,дауыл,найзағай т.б. жатады.ДАУЫЛ – бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.БОРАН –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.Бұлар сияқты табиғи құбылыстарда адамдар үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, ғимараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған ғимараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет