Информационное письмо



бет15/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж., НАУРЫЗ РАСТЯЖКА
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстңгі бөлігінде кенеттен пайда болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жар астының қозғалысы. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса жер сілкіністері болып тұрады. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Қазақстанның 450 мың шаршы шақырым аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары орналасқан. Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және т.б.



Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, морнеді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет