Информационное письмо



бет22/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Бактериологиялық қару (биологиялық) – бұл арнайы биологиялық құралдармен жабдықталған қару түрі. Бұл қару түрі тіршілік иелерін, ауыл шаруашылық жануарлары мен ауыл шаруашылық дақылдарының егістерін жаппай зақымдауға арналған. Оның талқандаушы күші адамдардың, жануарлардың және ауыл шаруашылық дақылдарының ауру қоздырғыштары – ауру тудырғыш микробтарды пайдалануға негізделген.

Бактериологиялық (биологиялық) зақым ошағы (орыс. очаг бактериологического (биологического) поражения) — адамдар мен жан-жануарларды зақымдайтын бактериологиялық (биологиялық) құралдардың әсеріне ұшыраған аумақ. Бактериологиялық зақым ошағы бактериологиялық құралдарды колданғаннан кейін бірден пайда бола қоймайды, әрбір жұқпалы аурудың жасырын өтетін (инкубациялық) кезеңіне тең болатын біршама уақыттан кейін пайда болады. Бактериологиялық (биологиялық) зақым ошағы микробтар мен олардың сыртқы ортаға орнықтылығының жоғары дәрежеде болуына, жұктырушылардың организмінде көп уақыт сақталу қабілетіне орай ұзақ уақыт жойылмауы мүмкін.Бактериологиялық (биологиялық) зақым ошағының көлемдері.Қолданылған бактериологиялық қарудың түріне, биологиялык рецептураның сипатына, олардың қолданыну әдісіне, сол жердегі халықтың тығыздығына, адамдардың жұқпалы ауруларды қабылдағыштығына, сондай-ақ метеорологиялык жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Бактериялық құралдардың қолданылуы немесе жұқпалы аурулардың пайда болуы анықталған кезде АҚ бастығының шешімі бойынша зақымданған аумакка карантин немесе обсервация енгізіледі, бүкіл халықтың белсене катысуымен басқа да қызметтерді, арнайы жасақтарды тарта отырып медициналық кызметтің, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметінің күш-құралдарымен індетке қарсы және емдік-профилактикалык шаралар жүргізу ұйымдастырылады.

Ауру тудырғыш микробтар – бұл әртүрлі жұқпалы аурулар туғызатын ұсақ тірі ағзалардың үлкен тобы. Ауру тудырғыш микробтар биологиялық ерекшеліктеріне қарай бактерияларға, вирустарға, риккетсияларға және саңырауқұлақтарға жіктеледі.

Бактериальды құралдар оба, холера, сібір жарасы, туляремия, бруцеллез және т.б. әртүрлі қауіпті ауруларды тудырады. Бактериялар – бұлар өсімдік текті бір клеткалы микроағзалар, олар жоғары температура, күн сәулесіне, дезинфекциялаушы заттардың әсеріне барынша тұрақты келеді. Бактериялар класына адамдағы бірқатар аса қауіпті ауру қоздырғыштар жатады (оба, холера, сібір жарасы). Вирустар – тек тірі клеткаларда ғана тіршілік етуге және көбеюге қабілетті микроағзалар тобы (клеткаішілік паразиттер). Оларға ультракүлгін сәулелер, 60 градустан жоғары температура ғана әсер етеді. Риккетсиялар – бактериялар мен вирустар аралығындағы микроағзалар тобы. Олар кептіруге, мұздатуға тұрақты, алайда жоғары температураға және дезинфекциялаушы заттарға сезімтал келеді. Саңырауқұлақтар – бұлар бір және көп клеткалы өсімдік текті микроағзалар. Олардың мұздатуға, кептіруге, күн сәулелерінің әсеріне тұрақтылығы жоғары келеді. Бластомикоз, гистоплазмоз секілді қатерлі ауруларды туғызады.

Биологиялық құралдар адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді зақымдайтын жұқпалы аурулардың көзі болып табылады. Адам мен жануарларға ортақ ауруларды антропозооноз деп атайды. Эпидемия – бұл үлкен территорияларда қысқа уақыт ішінде адамдардың жаппай жұқпалы ауруға шалдығуы. Егер ауру жануарларға қатысты болса, бұл құбылыс – эпизоотия, өсімдіктерг

е – эпифитоция деп аталады. Егер жұқпалы ауру түгел материкке таралса – пандемия деп аталады.

7 дәрістің тақырыбы: Ұжымдық қорғаныс құралдары

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



  1. Панахана, оның құрылысы

  2. Панаханаға халықты кіргізу тәртібі

  3. Қарапайым типтегі панаханалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет