Информационное письмо


Кеуде мен іштің зақымдалуы



бет32/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Кеуде мен іштің зақымдалуы. Кеуде жарақаты ашық және жабық болып бөлінеді. Кеуденің жабық зақымдалуының ауырлығы кеуде құрылымының зақымдалу, өкпенің сыдырылу деңгейіне байланысты (төс, қабырға). Жеке қабырғаның сынуы жөтелген және дем алған кезде, сынықтың төңірегі қысылған кезде қатты білінетін шаншумен сипатталады. Қабырғалардың екі жағының сынуы кеуде клеткаларының тыныс жолданы бұзады және оттегінің жетіспеуіне және ауыр жағдайға ұшыратады.

Кеуде жарақаттары атыс қаруынан немесе басқа заттардың салдарынан пайда болады. Кеуде жарақатының ауырлығы қанның кету көлеміне, тыныс алу мен қан айналамының бұзылу, жүйке рефлекторлық сырқаттану дәрежесіне байланысты. Осының барлығы кеуденің ішіне өтіп кеткен жарақаттан көрінеді. Кеудеге өткен жарақаттар кезінде клеткалар ашық пневмлоторакс құрайды. Ашық пневмоторакс кезінде атмосфералық ауа жарақат тұсындағы плевра қуысына еркін кіреді, бұл ауа жұтқан кезінде кеуденің әлсіреуіне және ауа шығару кезінде оның шамалы жиырылуына алып келеді. Мұндай жарақаттар ентікпе, жүрек қызметінің әлсіреуі сияқты қиын жағдайға алып келеді. Жарақаттанған адам мазасыз тұншығуды, мойын көктамырларының қабынғандығының, жүректің лүпілін, кілегейлі қабықтардың көгеруін сезінеді.

Ашық жарақат кезінде кеуде клеткаларынан қан аққан кезінде қатты таңғышты қою, ашық пневмотаракс қымтағыш таңғышты қою, сырқатты басатын және жүрекке жәйлі дәрі-дәрмекті енгізу аса маңызды.

Іштің жарақаттары сипаттары бойынша ашық және жабық болып бөлінеді. Жабық зақымдану жоғарыдан құлаған, ішке тиген соққы, жер, инженерлік құрылыстар мен қираған ғимараттарды сынықтары қысқан кезде, автомобтль апаты кезінде пайды болады.

Жеңіл зақымдану кезінде құрсақ қуысы зақымданып, тері сыдырылады, қан ағады, ұлпалар күлбірейді, құрсақ бұлшық еттері тітіркенеді, құрсақтың тітіркену белгілері байқалады.

Ауыр жарақаттар кезінде құрсақ қуысын ішкі органдары: үлпершекті ағзалар (көкбауыр, бүйрек, асқазан астындағы без, бауыр) және жыныс органдары (асқазан, тоқ ішек, өт қабы мен қуық) зақымдалады.

Іш жарақаты атыс қаруы мен суық қарудан болуы мүмкін. Атыс қаруынан болған жарақат көбінесе ішке өтіп ішкі органдарды зақымдайды.

Құрсақ қуысының жарақаты кезінде жалпы және жергілікті белгілер алған жарақат сипаты мен дәрежесіне байланысты.

Үлпершекті органдар жарақаты кезінде алғашқы орында ішкі қан ақу құбылысы, жыныс органдары атыс қаруынан зақымдалған кезде құрсақтың тітіркену белгілері тұруға тиіс.

Құрсақ қуысы жеңіл сыдырылған зардап шегуші дәрігердің қарамағына жіберіледі.

Сырттай қараған кезде тері жамылғыларының бозаруы, суық тер, іштің керуі байқалады. Шарбының, ішек ілгегінің түсуі жарақаттың іш жақта екендігін көрсетеді.

Алғашқы медициналық көмек жараға тазартқыш таңғыш қоюдан басталады. Түскен тазарту органдарын түзеуге болмайды, оларды тазартылатын жастықшамен жабады және сақтықпен, қыспай шеңберлі таңғышқа қояды.

Сырқатты тыныштықта қалдыру қажет. Ішке мұз салынған немесе суық су құйылған резиналы қуық қояды. Сырқаттарды тамақтандыруға, су беруге, тазартқыш клизма қоюға, асқазанды шаюға болмайды.

Есірткі, антибиотик пен басқа дәрі-дәрмектер беруге мүлдем тыйым салынады, өйткені олар аурудың клиникалық ахуалын бұзады.

13 дәрістің тақырыбы: Тірек-қимыл аппараттарының жарақаты

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Сынық түрлері

2. Шеміршектің созылуы, соғып алу, буынның шығуы

Сынық (лат. fractura) – сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған Сынық болып бөлінеді. Туа біткен Сынықтар нәресте сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады. Жүре пайда болатын Сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық Сынық болып ажыратылады. Жарақаттық Сынық – сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық Сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады.


  • Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық Сынық болып ажыратылады. Ашық Сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық Сынық тез жазылады. Қатты ауыру

  • аяқ-қол қозғалтпауы

  • зақымданған аяқ-қолдың қозғалысы мен пішінінің өзгеруі

  • қоршаған жұмсақ тіндердің қанталауы және ісінуі.

Егер адамның қабырғасы  сынса, терең тыныс алғанда не жөтелгенде ауырады.

Сынықтың бітуі – өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар Сынықтың бітуі қандай сүйектің сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2,5 аптада, ал ортан жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйек жарықшақтарының арасы алшақ болып, бір-біріне дұрыс орналаспағанда немесе олардың арасында жұмсақ тіндер жаншылып қалса, бір қалыпта ұсталып тұрмаса сынықтың бітуі баяулайды немесе мүлдем бітпей қалуы, жалған буынның пайда болуы мүмкін. Сынық дұрыс бітпесе, қол-аяқтың қисаюына не қысқаруына әкеліп соқтырады. Ашық сынық кезінде жараға инфекция түсіп, іріңді инфекцияның дамуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет