Информационное письмо


Саңырауқұлақтармен уланған кездегі алғашқы көмек



бет57/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж., НАУРЫЗ РАСТЯЖКА
Саңырауқұлақтармен уланған кездегі алғашқы көмек. Улы саңырауқұлақтардың түрлері. Улы саңырауқұлақтардың уы адамның ішек-қарын жолында бұзылмайды және қорытылуы да тұрақты. Улануған кездегі жалпы белгілері. Мұндай уланған кезде мүмкіндігінше асқазанды жуып (бірнеше рет 0,5-1 л шамасында жылы су ішкізіп, тіл түбін саусақпен басу арқылы құсқызу.) жәрдем береді. Асқазанды жуғаннан кейін 30-40 таблетка активтелген көмір беріп, дереу ауруханаға жеткізу керек.

Саңырауқұлақпен улануды емдеу

Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіндісімен жедел шаюды бастау қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Сырқатты мүмкіндігінше тиісті ем-дом алу үшін емдеу мекемесіне жылдам жеткізу қажет. Сұрғылт арамқұлақпен уланған кезде тамырдың ішіне натрий хлорийді ерітіндісін құяды (тәулігіне 1500мл дейін). Құсық пен іш өту тоқтамаса тамырға тамшылай 400 мл полглюкин енгізеді.

Шыбынжұтпен уланған кезде улану белгілері тоқтағанға дейін 1-2 мл 0,1 пайыз антропин ерітіндісін енгізеді.

Саңырауқұлақпен қатты уланған сырқаттарға алғашқы емдеу күнінен бастап стероидті гормоналды препараттар енгізіледі (80мл преднизолон немесе 150мл гидрокартизон).

Саңырауқұлақпен уланудан сақтандыру

Бұл үшін жеуге жарамды, улы және жеуге болмайтын саңырауқұлақтардың ерекше белгілерін, жеуге жарамды және шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ұқсату әдістерін, жеуге жарамды саңырауқұлақтарды әзірлеу мен ұқсатудың санитарлық тәртіптерін сақтау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет