Салдарлық мерез – ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдардан соң дамиды және негізінен жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды.
Диагностика: «мерез» диагнозы негізінен қан анализіне сәйкес қойылады. Тек зертханалық тексеру нәтижелеріне қарай сауыққаны туралы тұжырымды жасауға болады.
Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия. Емдеуді барынша ерте бастаған дұрыс (ауыр салдарларға жол бермеудің табысты болуы осыған байланысты).
Мерездің алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
ТРИХОМОНИАЗ
Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады. Трихомониазды негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.
Белгілері:
ерлерде – әдетте ауру белгілері білінбейді, бірақ ер кісілер инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін;
әйелдерде – зәр шығару кезінде ауырсыну, күйдіру, қышу байқалады және жағымсыз исі бар көпіршікті көп бөлінділер шығады (әдетте ауру жұқтырғаннан кейінгі 3-11 күннің ішінде білінеді).
Емделу жолы: паразиттерге қарсы препараттармен. Терапия дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |