Емделу жолы: вирусқа қарсы терапия.
Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі: ұшық иммундық жүйені бұзылысқа түсіреді. Ауру көп қайталанған жағдайда иммун тапшылығы жағдайын туындатады. Қарапайым ұшық вирусы жүктілік пен босану патологиясы дамуының, аяқ-асты түсік тастаудың, ұрықтың жатыр ішінде өлуінің себепкері болуы мүмкін.
АИТВ және ЖИТС
ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындайтын ауру.
АИТВ – дегеніміз адам ағзасында иммун тапшылығы вирусының болуы. Бұл инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам өзін ұзақ уақыт (5-10 жыл) бойы сау сезініп жүреді. Дегенмен де, вирус дененің иммундық жүйесін бірте-бірте зақымдай береді. Иммун жүйесінің бұзылуынан адам ағзасы тіпті сау адамдар үшін түкке тұрмайтын түрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын болады. Мұндай инфекцияларды ««оппортунистік», яғни қолайлы жағдайларды пайдалана алатын деп атайды. АИТВ-инфекциясының соңғы сатысын ЖИТС деп атайды.
АИТВ-инфекциясының даму қарқынын тежеуге қабілетті дәрі-дәрмектер қазіргі кезде бар. Және де кейбір оппортунистік аурулардың алдын алатын немесе емдей алатын препараттар да бар. Сондықтан, адам өзінің сырқаттығы туралы қаншалықты ертерек білсе оның өзінің өмірін өзгертіп, емделуді бастау мүмкіншілігі де көбірек болады
Достарыңызбен бөлісу: |