Информационное письмо



бет76/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Салдарлық мерез – ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдардан соң дамиды және негізінен жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды.

Диагностика: «мерез» диагнозы негізінен қан анализіне сәйкес қойылады. Тек зертханалық тексеру нәтижелеріне қарай сауыққаны туралы тұжырымды жасауға болады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия. Емдеуді барынша ерте бастаған дұрыс (ауыр салдарларға жол бермеудің табысты болуы осыған байланысты).

Мерездің алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

ТРИХОМОНИАЗ

Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады. Трихомониазды негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Белгілері:


  • ерлерде – әдетте ауру белгілері білінбейді, бірақ ер кісілер инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін;

  • әйелдерде – зәр шығару кезінде ауырсыну, күйдіру, қышу байқалады және жағымсыз исі бар көпіршікті көп бөлінділер шығады (әдетте ауру жұқтырғаннан кейінгі 3-11 күннің ішінде білінеді).

Емделу жолы: паразиттерге қарсы препараттармен. Терапия дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет