Отан үшін ерлікпен қаза тапқандар!
Насиева Лананың орындауында «Әлия» әні орындалады. Бұл композиция орындалып жатқанда Әлия туралы фильм көрсету.
12-оқушы
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес ОдағыБатыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
(Слайд «Кеңес Одағының Батыры»)
13-оқушы
Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монаково ауылында жерленген.
14-оқушы
Соғыс жалмап аға – іні бауырды,
Зар жылатып тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл жеңісті алып келген
15-оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары
16-оқушы
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
17-оқушы
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! (хормен)
18-оқушы
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуанышпен мерекенің бұлағы.
Ж.Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні хормен орындалады.
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ дауысы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Осымен бүгінгі Әлия апамызға және соғыс ардагерлеріне арналған тәрбие сағатымыз тәмамдалды. Қош сау болыңыздар ! Жеңіс күні құтты болсын!
(Слайд «Жеңіс күні»)
Достарыңызбен бөлісу: |