Информатика әдістемелік нұсқау



бет16/63
Дата08.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#157084
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Informatika Metodika 7 kl Kaz new

Үйге тапсырма беру мақсаты: Үйде мұғалімнің көмегінсіз өтілген сабақты өздігінен орындап, тақырыпты пысықтайды. Бұл оқушының өздігінен үздіксіз оқып-үйренуіне, білім
алуына бағытталады.

Қысқамерзімді жоспар



Бөлімі:

2-бөлім. «Желі және қауіпсіздік»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

2.1. Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.3.1 Компьютерлік желілерді жіктеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Компьютерде желі түрлерін біледі.
Компьютердегі желілерді түріне қарай топтастырады.

Бағалау критерийлері

Компьютерде желі түрлерін біледі.
Компьютердегі желілерді түріне қарай топтастырады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:
Желі, локальді желі, арналар, корпоративтік желі, желілік хаттама, желілер топологиясы .

  • компьютерлік желі - компьютерная сеть - computer network

  • жергілікті желі - локальная сеть - local area network

Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Компьютерлердің өзара ақпарат алмасуының пайдаланушыға тиімділігін қалай түсіндірер едің?

  • Желі ұғымы саған таныс па?

  • Желінің қандай түрлерін білесің?

  • Компьютерде желі құру үшін қандай құрылғылар қажет?

  • Компьютер желілерінің бір­бірінен ерекшелігі неде?

  • «Желі топологиясы» дегеніміз не?

  • Бүгінгі сабақта желі топологиясының қандай түрлерімен таныстың?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Файлдардың мөлшері.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Компьютерде желі түрлерін біледі.
Компьютердегі желілерді түріне қарай топтастырады.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/уақы
-ты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

  3. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

  4. Топтастыру. Оқушыларға «Мозайка» әдісі арқылы қағаз қималары беріледі. Сол қағаздарды құрастырып, екі топқа бірігеді.

І топ – «Жергілікті желі», ІІ топ – «Корпоративтік желі»

  1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және критерийлерімен таныстыру.





(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұраққа жауап береді. Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан
көрсетіледі.

  • Компьютерлердің өзара ақпарат алмасуының пайдаланушыға тиімділігін қалай түсіндірер едің?

Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың! Жақсы! Талпын!








Жаңа сабаққа кіріспе Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Жаңа ақпаратты топта бірін-бірі үйретіп, түсіну үшін «ДЖИГСО» әдісін
қолдану.

Білу кезеңі:

  • Желі ұғымы саған таныс па?

  • Желінің қандай түрлерін білесің?

  • Компьютерде желі құру үшін қандай құрылғылар қажет?

  • Компьютер желілерінің бір­бірінен ерекшелігі неде?

  • «Желі топологиясы» дегеніміз не?

  • Бүгінгі сабақта желі топологиясының қандай түрлерімен таныстың? Түсіну кезеңі:

  • Басқа бөлмеде немесе басқа ғимараттарда орналасқан компьютермен қалай байланыс орнатуға болады?

  • Локальдық желінің қызметін өз сөзіңмен сипаттап бер.

  • Корпоративтік желілер қандай жағдайлар үшін қолданылатынын түсіндіріңдер.

  • Сымсыз желімен кабельдік арналардың жұмыс

принципі дегеніміз не?

Дескриптор:

  • Оқулықтағы мәтінді оқиды.

  • Білу және Түсіну деңгейіндегі берілген сұрақтарға жауап жазады.

-
Бағалау Жұптағы оқушылар бір- бірін
«Қошеметтеу» әдісі
арқылы бағалайды.



Сабақтың ортасы 21 мин.









(Ж) Қолдану Компьютер бөлмесінде орналасқан компьютерлердегі жергілікті желінің топологиясын анықтаңдар.
Оның схемасын дәптерге түсіріңдер.

Дескриптор:

  • Жергілікті желінің топологиясын анықтайды.

  • Схемасын дәптерге сызып көрсетеді.

Бағалау Топтағы оқушылар бір- бірін
«Қошеметтеу» әдісі
арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптері










(Т) Жинақтау
«Постер қорғау» әдісі.
Өздерің оқитын мектеп үшін корпоративтік желінің жобасын жасаңдар.
Мектептегі корпоративтік желінің негізгі элементтері орналасатын орындарды анықтап, сұлбасын
жасаңдар.

Дескриптор:

  • Корпоративтік желінің жобасын жасайды.

  • Корпоративтік желінің негізгі элементтері орналасатын орындарды анықтап, сұлбасын жасайды.

Бағалау Жұптағы оқушылар бір- бірін
«Қошеметтеу» әдісі
арқылы бағалайды.

А4, А3
қағаздары Маркерлер










(Д) Талдау
«Ойқозғау» әдісі Төмендегі мәселе бойынша оқушылар өз
ойларымен бөліседі.

Кабинеттегі компьютерлерді байланыстырып тұрған жергілікті желінің жұмысына талдау жасау.

Бағалау
Оқушылар
«Қошеметтеу» әдісі
арқылы өзін-өзі бағалайды.



Сабақтың соңы

7 мин.
Рефлексия

Сабақты бекіту Диалогті ұйымдастыру немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

  • Маған ... қызықты болды.

  • Маған түсінуге ... қиын болды.

  • Мен ... түсіндім.

  • Сабақ маған тұрмыстағы/техникадағ ы ... түсінуге мүмкіндік берді.

  • Мен ... тақырыбында қосымша ізденуді

қаладым.

Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы
«Қошеметтеу» әдісі
арқылы жүргізіледі.







Үй тапсырмасы
Интернеттен желінің негізгі құрылғылары жайлы ақпарат ізденіс жасаймыз. Жергілікті желілерді ұйымдастыру үшін керекті құрал-жабдықтар тізімін жасап,
дәптерге түсіреміз.

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау,

жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым – қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет