Сабақты бекіту Диалогті ұйымдастыру ауызша немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?
Маған ... қызықты болды.
Маған түсінуге ... қиын болды.
Мен ... түсіндім.
Сабақ маған тұрмыстағы/техникадағы
... түсінуге мүмкіндік берді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларды
«Екі жұлдыз,біртілек»әдісі арқылы бағалайды.
Мен ... тақырыбында қосымша ізденуді
қаладым.
Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Сұранысқа ие мамандықтар Алдағы 10 жылда елімізде өндірісті автоматтандыру саласында- ғы келесі мамандықтарға сұраныс көбейеді. Кестедегі деректерді
пайдаланып, мамандарға сұраныстың өсу диаграммасын құр.
ҚМЖ-ғаҚОСЫМША Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды»,«Диалогжәнеқолдаукөрсету»,«Бағалау»,«Тапсырма»,«Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың
«Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.