Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.
«Ашық микрофон» әдісі «Ақылды үй» деген не?
«Ақылды үй» жүйесіне қандай қызметтерді жүктеуге болады?
«Ақылды үйдің» негізгі сипаттамаларын санамалап айтып беріңдер.
Бірыңғай басқару жүйесіне қандай жүйелер енеді?
«Ақылды үйдің» маңыздылығы неде?
6. «Ақылды үйде» қандай датчиктер пайдаланылады?
Сабақтың ортасы 26 мин.
Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады:
«ақылды» үй датчиктерінен алынған деректерді шығаруға арналған программаны қалай әзірлеу;
«ақылды» үй құрылғыларын басқаруға арналған программаны қалай әзірлеу керектігін білетін боласыңдар.
Оқулықпен жұмыс Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Cisto Packet Tracer программасымен танысу. Программалық құрылғыға шолу жасау. ПҚ сілтемелер бойынша орнатуға ұсыныстар: Программа интерфейсін зерттеу 1 – мәзір жолағы
– баптау беті
– элементпен жұмыс жасауға арналған құралдар панелі 6 – жұмыс аясы
Үй компоненттері элементіне шолу «Ақылды үй» жүйесін баптайтын жұмыс аясына үйдің суретін белгілеу керек. Үйдің суретін сайт атауы сілтемесі бойынша табуға болады:
Set Tiled Background басып, Browse көмегімен суретті таңдау.
Үйде сымсыз желімен басқару үшін, Home Gateway шлюзін орналастыру.