Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет114/164
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#97210
түріПрограмма
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   164
Байланысты:
kuntizbe11

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, математика

Алдыңғы білім

Стартап

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.
«Миға шабуыл» әдісі
ДК-мен интербелсенді тапсырмаларды орындау.

  • Инфографика деген не екенін айта аласыңдар ма?

  • Ол иллюстрациялардан несімен ерекшеленеді?




Сабақтың ортасы
26 мин.

Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады.


Мәтінді «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
- мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Топтық жұмыс
Карточкаларды (инфографика) үш топқа бөлу: өте жақсы, жақсы, жетілдіруді қажет етеді. Өз таңдауыңды түсіндір.
- Инфографика жасауға қандай талаптар қояр едің?

Инфографика карталары
Оқулық Canva.com.




Жеке жұмыс
Оқулық материалын зерттеп, инфографика құруға тағы қандай талаптар мен ұсыныстар туралы білгеніңді айтып бер.
ДК-мен жұмыс
Canva.com. ресурсын қолданып, инфографика құру.

  1. Кез келген браузерді қосып, Canva.com. сайтына кір.

  2. Кіру үшін аккаунт ашу.

  3. Шаблон – Инфографиканы таңда.

  1. Білім беру шаблонын таңда.

  2. Өзгерістер енгізіңдер: мәтін, графикалық нысандарды, т.б. қосу.

  3. Қажетті параметрлерді пішімдеуге тапсыру. Суреттер үшін сүз- гіні, ашықтығын, кереғарлығын, тұнықтығын баптау. Орналасуына, тұнықтығына тапсырыс беру.

  4. Сенің файлың автоматты түрде сақталады.

  5. Инфографикаң дайын болғаннан кейін, тиісті форматты таңдап, файлды сақтай аласың.




Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия
Бір парақ қағазға бүгінгі сабақта көргеніңді сызба түрінде бейнеле.


Үй тапсырмасы
Келесі сабаққа ақпарат дайындау: инфографика жасайтын тақырыпты таңдау. Ортақ ресурсқа өз тақырыбың бойынша мәтіндік, графикалық … ақпараттарды жинау.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.

4-тоқсан
1-2-САБАҚТАР





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет