Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет112/164
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#97210
түріПрограмма
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164
Байланысты:
kuntizbe11

Дұрыс жауап:


Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту

  • Стартап-тың қандай мүмкіндіктері мен проблемалары бар деп ойлайсың?

  • Деңгейлік тапсырмаларды орында.

Деңгейлік тапсырмалардың үлгісі (толық нұсқасы оқулықта берілген):
А деңгейі. Кестені толтыр.










Анықтама

Қызмет

Баса назар аударатын













































































































жайт







Идея










Атауы










Тұжырым










Жоба










Стартап












В деңгейі. Ең сәтті Стартаптарды анықтайтын негізгі талаптарды көрсет.
С деңгейі. http://стартап.techgarden.kz сайтының материалын зерттеп, шағын талдау жаса. Стартап-тар Қазақстанда қандай бағытта құрылып жатыр? Оған қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
Топтық жұмыс
Стартап-ты жаңадан бастаушылардың (старперлердің) жолында қандай кедергілер болуы мүмкін? Осы сұрақты топта талқылап, өз идеяларыңды айтыңдар. Тәуекелдерді барынша азайту жолдарын ұсыныңдар.

Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия
(Т). «А, В, С» әдісі.
А – сұрақ қояды. В – жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)

  1. «Неге 10 Стартаптың 1-еуі ғана іске асады?» деген мәселеге шағын зерттеу жүргіз.

  2. «Әр бес жылдағы керемет стартап» деген хронологиялық тізім жаса.

  3. «Қазақстандағы IT стартаптардың: қиындықтары немесе болашағы?» деген тақырыпта таныстырылым жаса.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.


  1. САБАҚ




Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
5-бөлім. IT Startyp

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидалары

Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

        1. - cтартап ұғымын баяндау

        2. - Crowdfunding платформалардың жұмыс қағидаларын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Crowdfunding платформалардың жұмыс қағидаларын баяндау.

Бағалау критерийлері

«Стартап» ұғымын біледі;
Стартап-қа мысалдар келтіре алады;
Crowdfunding платформасының жұмыс істеу қағидаларын баяндайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Crowdfunding платформаның; cтартаптың не екенін түсіндіре алады. Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: краудфандинг - crowdfunding Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • Крауфандинг дегеніміз …

  • Крауфандингтің даму өзектілігі …

  • ... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.

Құндылықтарға баулу

  1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, математика

Алдыңғы білім

Стартап

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 26 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» ойыны.
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» не «Алма, өрік!» не «Алма, шие, өрік, банан!» – десе), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.


Топтастыру:
Оқушылар сабақтың бастапқы кезінде мұғалімнің «Алма, шие, өрік, банан» ойынына арнап жеміс-жидектер атауын бөліп бергені бойынша төрт топқа бірігеді.
1-топ: Алма 2-топ: Шие 3-топ: Өрік 4-топ: Банан


(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса мұғалім дұрыс

Таратпа материалдар
- 1




жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.


«Бинго» әдісі
Оқушылардың карточкаларында сабақ тақырыбына қатысты әртүрлі түйін сөздер берілген. Мұғалім анықтамаларды оқып жүргенде оқушылар тиісті түйінді сөздерді сызып тастауы керек. Барлық сөзді сызып тастайтын бірінші оқушы жеңеді.




Сабақтың ортасы 26 мин.

Педагог сабақ мақсаттарын хабарлайды:

  • краудфандинг платформасын;

  • краудфандинг платформасымен жұмыс істеу қағидаларын білетін боласыңдар.

Оқулықпен жұмыс.
Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Краудфандинг – бұл кез келген ниет білдірушіден белгілі бір жобаны қаржыландыру үшін қаражат алудың бір түрі. Ақша жинайтындар реципиенттер немесе авторлар деп аталады (егер жоба краудфандинг алаңында орналасса), ал қайырымдылық беретіндер донор, демеуші немесе инвесторлар деп аталады.


Шағын зерттеу
Оқулық пен интернет ресурстарды қолданып, барлық сұрақтар бойынша зерттеу жүргізеді.
Білу және түсіну

  1. Crowdfunding платформа деген не?

  2. Краудфандингтің кәдімгі қаражат жинаудан өзгешелігі неде?

Қолдану
Краудфандинг-платформаның жұмыс істеу принципін түсіндір.


Жұптық жұмыс:
1 тапсырма: Жобасын жүзеге асыру үшін ақша жинайтын адамдар қалай аталады?

    • Инвесторлар

    • Авторлар

    • Демеушілер

    • Донорлар







  • Реципиенттер

  • Жасаушылар

2 тапсырма: Крауфандинг платформаларын пайдаланып қаражат жинаудың ерекшеліктерін таңда.



  • Қаражат жинау мерзімі шектеусіз;

  • Сайт жабық;

  • Қаражат жинау мерзімі шектеулі;

  • Компания қажетті соманы жинаған кезде жабылады;

  • Инвесторлар қайырымдылыққа неше ақша бөлетіндерін өздері шешеді;

  • Жобаны жүзеге асыруға өажетті нақты сома көрсетіледі.



Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту
Деңгейлік тапсырмалар:


А деңгейі. Интернет ресурсын қолданып, crowdfunding платформа арқылы іске асқан сәтті cтартапқа 4-5 мысал келтіріңдер.


В деңгейі. Кестені толтырыңдар.


С деңгейі. Crowdfunding платформалар арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған ұсыныс жасаңдар.


Топтық жұмыс

  1. Краудфандингтің жұмыс істеу қағидаларын санамалап беріңдер.

  2. Краудфандингтің басқа тәсілдерден артықшылығы неде?




Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия.
(Ж). «Ара ұясы» техникасы.





Краудфандингтің ерекшеліктері

Қайырымдылықпен тартылған сыйлар

Кредит

Грант

Инвестициялар

Қайырымдылықпен сыйға тарту кезінде айтылмайтын, жобаға қосқан үлесі үшін берілген нақты сыйлықты болжайды
















































Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің көмегімен берілген мәліметтер қорытындыланады, өңделеді.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)

  1. «Стартап және crowdfunding» глоссарийін жасаңдар.

  2. «Краудфандингті қолданудың қазіргі қиындықтары, қауіптері және болашағы» тақырыбына таныстырылым жасаңдар.

  3. Crowdfunding-платформасында cтартапты іске қосудың SWOT-талдауын жүргізіңдер. SWOT-талдау параметрлері:







Ішкі

Мықты тұстары
Strengths

Әлсіз тұстары
Weakness




Қарастырылатын жобаға тікелей қатысты ішкі элементтер

Сыртқы

Мүмкіндіктері
Opportunities

Қауіптер
Threats

Заңнама, саясат, қоғам, экономика, технология сияқты ортаның әртүрлі
салаларына қатысты сыртқы элементтер

Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.

  1. САБАҚТАР




Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
5-бөлім. IT Startyp

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жобаны алға жылжыту

Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

11.5.3.3 - өнімді нарықта алға жылжыту және сату жолдарын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Өнімді нарықта алға жылжыту және сату жолдарын сипаттау.

Бағалау критерийлері

«Стартап» ұғымын біледі; Стартапқа мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: өнімді жылжыту және іске асыру жолдарын түсіндіре алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология:
Нарық, лендинг (сайт парағы), email-маркетинг, жарияланымдар, блог.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • Стартапты жылжыту кезінде …

  • Стартапты дамытудың өзектілігі …

  • ... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.

Құндылықтарға баулу

  1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Стартап

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.
«Жұбыңды тап» әдісі
Оқушылар алған стикерлердің біреуінде терминдер, екіншісінде анықтамалар болады. Әр оқушы стикерін оқып, өз «жұбын» жылдам табуы керек.

Таратпа материалдар - 1



Сабақтың ортасы 26 мин.

Жаңа материалды меңгеру
«Аналитикалық жұмыс» әдісі
Мұғалім сыныпты топтарға бөледі. Әрбір топ ақпарат көздерін (оқулық, интернет) қолданып, теориялық материалды зерттейді. Жұмыс нәтижесі "Т-диаграмма" түріндегі графикалық органайзер болады.
Білу және түсіну

  1. Стартаптың негізгі кезеңдерін атаңдар.

  2. Стартаптың алға жылжуы неге маңызды кезең деп ойлайсыңдар?

  3. Стартапты алға жылжытудың негізгі тәсілдерін атаңдар.

Қолдану

    1. Стартаппен жұмыс жасау алдында неліктен нарық жағдайын талдау керек? Түсіндір.

    2. Google-де ықтимал тұтынушылар Стартаптың идеясын анықтай алу үшін, нарықты талдау формасын құр.



Жұптық жұмыс.
1 тапсырма: Жоба басталатын алғашқы қадамдарды таңда.

  • Өнімді нарыққа шығару

  • Ықтимал тұтынушыны анықтау

  • Жоба үшін нарықты құру

  • Компанияның миссиясын анықтау

  • Жарнамалық компанияның жоспарын жасау

  • Жобаны қандай жолмен алға жылжыту керек екенін анықтау.

2 тапсырма: Стартапты алға жылжыту тәсілі мен оның мәнін сәйкестендір.









Тәсіл







Мәні




Email-маркетинг







Тұтынушыларды қызықтыратын тақырыпта пост жариялау және әлеуметтік желілерде сілтемелер орналастыру.

Жарияланымдар







Оқу хаттарын, ақпараттық бюллетеньдерді
















тарату.







Блог және әлеуметтік желілер







Мақсатты аудитория үшін платформаларды пайдалану, бейнероликтер мен материалдарды оқыту.

Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту

  1. Егер өнім қолданыстағы нарыққа шығатын болса немесе нарық әлі қалыптаспаған болса, Стартаптың алға жылжуы арасындағы айырмашылық қандай?

  2. Деңгейлік тапсырмаларды орында.

А деңгейі. Стартапты жылжытудың мүмкіндіктерін бағалап, кестені толтыр.
В деңгейі. Жас стартаперге арналған «Стартаптың алға жылжуы – табыс кепілі» деген жадынама жаса.
С деңгейі. Стартапты алға жылжытуға арналған тегін платформа табыңдар және олардың күшті және әлсіз тұстарын бағала (пікірлер мен іске асырылған стартаптарды талда).

Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия
Оқушылар мына сөздерді қолданып, сабаққа түсініктеме жазады:
Бүгін мен мынаны білдім … Мен мынаны үйрендім … Мен мынаны түсіндім … Мен мынаны жасадым … Менің таңғалдырғаны …


Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)

  1. "Менің стартабым" блогын құр. Блогтарыңа қызықты мақалалар тап.

  2. Сұрақ-жауап сайттарын тауып, әлеуетті сатып алушылардың ықтимал сұрақтарын және оларға берген өз жауаптарыңды жасап, имитация.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары. Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік


Стартапты жылжыту тәсілі

Артықшылықтары

Кемшіліктері















(Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.




техникасы ережесінің тармақтары.




  1. САБАҚ




Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
5-бөлім. IT Startyp

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

IT Startup пен жарнама

Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

11.5.3.4 - маркетингтік жарнама құру (инфографика, бейне)

Сабақтың мақсаты

Маркетингтік жарнама құру (инфографика, бейне)

Бағалау критерийлері

Инфографика дегеннің не екенін біледі;
Маркетинг жарнаманы (инфографика, бейне) қалай жасау керектігін сипаттай алады; Инфографика жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: инфографиканы жасау тәсілдерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология:
Маркетинг жарнамасы – маркетинговая реклама – Marketing Advertising Контент-маркетинг – контент-маркетинг – сontent marketing Инфографика – инфографика – іnfographics
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • Стартапты жылжытқан кезде …

  • Стартапты дамытудың өзектілігі …

  • ... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.

Құндылықтарға баулу

  1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Стартап

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.

«Білемін. Білгім келеді. Білдім» стратегиясы


Оқушылар «Білемін» бағанын толтырады.


Мақсатты болжау: оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтарымен сабақтың мақсатын қалыптастырады.
«Білгім келеді» деген бағанын мұғалімнің қолдауымен толтырады.

Таратпа материалдар


- 1

Сабақтың ортасы 26 мин.

Ұсынылған материалды «ИНСЕРТ» әдісімен оқыңдар, меңгерген материал бойынша екі нақтылаушы сұрақ қойыңдар. Топтағы көршілеріңе сұрақ қойыңдар.
Дескрипторлар:

  1. Белгі қойып оқу

  2. Екі сұрақ қою

  3. Берілген сұраққа жауап беру (кері байланыс).

Тақырыпты талқылауына кіріскен кезде «Жеңіл» және «күрделі» сұрақтар әдісін қолданамыз. Стартап пен жарнамаға байланысты екі «жеңіл» және бір «күрделі» сұрақ құрастырыңдар. Содан





Білемін

Білгім келеді

Білдім



























кейін олар сұрақтарды қолданып, бір-бірінен сұрайды.
Білу және түсіну

  1. Контент-маркетинг деген не? Стартаптың алға жылжуында ол қандай рөл атқарады?

  2. Неге инфографика стартапты жарнамалауға арналған жақсы құрал саналады?

  3. Инфографиканың қандай түрлерін білесің?

Қолдану
Ұсынылған ресурстардың бірін пайдаланып, «Стартапты алға жылжыту» инфографика сценарийін жаса.


Жұптық жұмыс.
1 тапсырма: Сипаттама бойынша инфографиканың түрін анықта: әртүрлі типтегі әртүрлі ақпараттан жиналған инфографика, мысалы мәтін, кесте, сурет, бірақ ортақ тақырып біріктірілген.
Дұрыс жауап: __________________________


Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту

  1. Инфографикаға қандай талаптар қоя аласың? Сол талаптарды негізде.

  2. Деңгейлік тапсырмаларды орында.

А деңгейі. Интернет желісінен инфографиканың әр түріне мысал тап.
В деңгейі. Инфографика жасауға мүмкіндік беретін ресурстарды тауып, оларды функционал, мүмкіндіктер, төлемнің болуы тұрғысынан сипатта.
С деңгейі. Инфографиканың бірнеше мысалын тап, инфографика түрін анықта және оны дизайнға қойылатын талаптар тұрғысынан бағала.


Топтық жұмыс
Топта дайын инфографика нұсқасын талдаңдар және осы инфографиканы қалай жақсартуға болатындығына ұсыныстарыңды айтыңдар.




Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия. «Білемін. Білгім келеді. Білдім» стратегиясы
Оқушылар кестеге оралып, «Білдім» бағанын жеке толтырады, содан кейін «Білдім» бағанына жазған материалды топ болып талқылайды, өз сұрақтарын толықтырады.
Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)

  1. Стартапқа арналған инфографика жасаңдар.

  2. Стартап жарнамасына арналған тағы басқа нұсқалар ұсыныңдар, өз таңдауларыңды негіздеңдер.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

жоспарлайсыз?




Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет