Информатика ғылымын адамзат тек ЭЕМ- нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ ақпаратты автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ бағдарламалау информатиканың негізгі ядросы, ал қазіргі есептегіш техникалардің барлық түрлері – оның аппараттық қамсыздандыру негізі болып табылады. Адам қызметінің барлық саласының ауқымды түрде ақпараттануы жағдайында, информатика пәнін кез келген ғылыммен байланыстыруға болады. Мысалы, философиямен байланысында әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, филология мен тіл білімінде (бағдарламалау жүйесі, мәтіндік редактор, мәтінді айырып тану жүйесі, компьютерлік аударма құралдары, жасанды интеллект жүйесі), метематика, физика, экономика бойынша (компьютерлік модельдеу), бейнелеу және графика (графиктік редакторлар, дизайн, мультимедиа жүйесі), т.с.с. Информатиканың фундаментальды негізі мына бөліктерден тұрады: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік информатика. Теориялық информатика – информатиканың философиялық негізі, математикалық және ақпараттық модельдер мен алгоритмдер, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жобалау және құру әдістерін қарастырады
Достарыңызбен бөлісу: |