3.4.1 Информатиканың теориялық негіздері
Курсты игеру кезінде адамзаттық білім негіздеріне қатысты информатиканың математикалық негіздерінің маңызды фрагменттері көрнекі графикалық және кеңістіктегі бейне түрінде (үш өлшемді) беріледі. Бұл процесс бастауыш мектептің оқыту форматымен толық қамтылады деуге болады. Математиканың бастауыш метептегі информатикалық бөлімдері математиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыта болып, оларды оқып-үйрену ісін сүйемелдейді; математикалық білім ауырлық центірінің информатика объектілері мен мәселелеріне қарай аздап ығысуы математика ғылымы дамуының заңды жалғасы болып табылады. Информатиканың математикалық негіздері көптеген жағдайларда балалардың жалпы білімді игеруі мен саналы түрде қарым-қатынас құру мүмкіндіктерін қалыптастырудың табиғи тәсілі бола алады.
Курстың ғылыми мазмұны теориялық информатикаға негізделіп, ол информациялық мәдениет пен информатикалық ойлау қабілетінің негіздерін тұрғызады. Теоиялық информатиканың ғылым ретіндегі маңыздылығ компьютерді оқып-үйрену шеңберіне шығып кетеді: оқушылар информациялық мәдениет негізінде жатқан (компьютерге қатысты болуы міндетті емес) бірсыпыра іргелі ұғымдарды игереді.
Теориялық курсты құрастыру негізінде бірнеше қағидалар (принциптер) алынған:
Бұдан ары қарай курстың негізгі математикалық мазмұны сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |