Информатика мен информатика пєні туралы


Орта мектпептегі «Информациялық мәдениет негіздері» курсы



бет49/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

3.4 Орта мектпептегі «Информациялық мәдениет негіздері» курсы
Бүкіл әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ХХІ ғасырда жеке тұлға мен қоғамның өскелең талаптарына сай білім беру институттарына қойылатын талаптардың да өсуіне әкеліп соқтырады. Оған қоса біздің заманымызда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге бұрынғы дәстүрлі білім беру құрылымдары мен оқыту әдістемелерінің сәйкес келмей жатқаны белгілі болып отыр. Білім парадигмасының өзі де өзгеріске ұшырады. Білім жүйесінің де ауырлық центрі «бар өмірге бір оқу» процесінен негізгі бөлігі қалай және нені оқу керек екендігін анықтайтын «өмір бойы оқу» процесіне ауысу қажеттілігі туындап отыр.

Білім аймағындағы осындай мәселелерді шешужолында алдыңғы қатардағы педагогтар мен дидактиктер «Ашық мектеп» моделі қазіргі білім жүйесінің негізгі моделі болып табылады, ол «білім барлығымыз үшін» деген түсініктен «өмір бойы білім» деген тұжырымға бет бұрып отыр.

Мұндай өзгерістер адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына информациялық-коммуникациялық технологиялардың (ИКТ) кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде жүзеге асырылуда.

Білім саласында ИКТ-ны пайдаланудың тағы бір басты себебі – оқу процесінің өзі мәліметті алу, өңдеу және оны тиімді пайдалану тәсілдерінен тұрады, ал мәліметті тиімді пайдалануға қазіргі уақытқа дейін мектептерде аз көңіл бөлініп келеді.

Қазіргі жалпы білім беру саласындағы информациялық-коммуникативтік біліктілік – оның ең негізгі приоритеттінің біріне жатады. Оны қалыптастырудың негізі болып біздегі «Информатика және информациялық технологиялар» пәні болып есептеледі, оның даму ағымы бүкіл әлемдік жетістіктерге сәйкес келеді деп айтуға болады. Осы ағымдарды айта кетейік:


  • пайдаланылатын ақпараттандыру құралдарының ерекшеліктеріне байланысты оқушылар игеруге тиіс еңбекті талап ететін технологиялық білім мен біліктілік көлемі азаяды. Оқушылар стандартты интерфейстің интуициялық түсінікті құралдарымен танысады да, әрі қарай нақты программалық орта мен техникалық құралдарды игеру ісін олар өздері пайдалану барысында үйреніп ала алады;

  • барлық жалпы білім беретін пәндерді сабақтан тыс оқығанда проактикалық машықтану тәсілдерін қолдану арқылы информатика және информациялық технологиялар пәнін жекелеп оқыту жеңілдейді; оқытудың бір жолы болып информатика және информациялық технологиялар пәні мазмұнының математика, технология және де басқа мектеп пәндерімен бірігіп кетуі саналады, бара-бара оқушыларға жалпы білім беру пәндері құрамында программалау тілдерін берудің керегі болмай қалады да, оны жеке пән ретінде оқытудың да қажеттілігі азаяды.

Дегенмен, ИКТ-ны адамдар өміріне жалпылама енгізу бірсыпыра проблемаларды туғызбай қоймайды. ИКТ-ның «теріс аспектілеріне» бірінші кезекте «компьютерлік ойыннаманы» жатқызуға болады. Компьюетрдің интерактивтілік қасиетіне, виртуальды өмірге енгізе алатын мүмкіндіктеріне қарай ойындармен шамадан тыс айналысу жастарды нақты бағдардан айырып, соңында олардың шынайы өмірмен байланысының бұзылуына әкеліп соқтырады.

ИКТ-ны барлық жерлерде кеңінен қолдану барысында тағы бір жаңа феномен «Хакерлік» пайда болды. «Хакерлердің» деструктивті және әлеуметке жат тәртіптері көпшілікке белгілі деп айтуға болады. Олар – компьютерлік вирустардың көбеюі және информацияны рұқсатсыз пайдалану, яғни ұрлау жолдары.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы информациялық, бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетеді. Бұл информацияның пассивті түрде пайдаланылатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең тарауына орай информация таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады. Ондай информацияның сапасы көбінесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәлімет көбейіп барады, ең қауіптісі осы залалды информацияның шексіз таралуы бірте-бірте артып барады.

Осымен үстіртін түрдегі «бәрін білушілік» синдромы да тығыз байланысты, ол кез келген мәліметті керек болмаса да, талғамай қабылдай беретін жандар жайлы айтылады, мұндайда соңғы кездері кері әсері бар информация қоқысы көп жиналатыны белгілі болып отыр. Міне ИКТ-ны өмірге кеңінен қолданудың зиянды жақтарының бір көрінісі ғана осы тәрізді болып отыр.

Қазіргі кезеңде біздің еліміз бүкіл әлемдік информациялық кеңістікке белсенді түрде кірді деп айтуға болады. Оның ертеңі қалай болмақ? Біз қандай информациямен кіреміз, не аламыз? Алғашқы жасалынған қадамдар жоғарыда айтылған кері әсерлердің де жеткілікті екенін көрсетіп жатыр.

Осындай мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды, ол үшін бізде «талғамдық мәдениеті» қалыптасуы керек, яғни информациялық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр қадамның моральдық деңгейін биіктететін «Информациялық мәдениет» қалыптастыратын тәрбие беруіміз керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет