Информатика модулі


Графикалық объектілермен (SmartArt, фигура, клип және сурет қою) жұмыс істеу. Құжатқа WordArt көмегімен декоративтік мәтін және арнайы символ енгізу



бет4/5
Дата25.08.2017
өлшемі2,9 Mb.
#27499
1   2   3   4   5


9 тапсырма.

Графикалық объектілермен (SmartArt, фигура, клип және сурет қою) жұмыс істеу. Құжатқа WordArt көмегімен декоративтік мәтін және арнайы символ енгізу. Формула қою.

  1. Жаңа құжат құрыңыз. Файлды өз бумаңызда Сурет деп сақтаңыз.

  2. Сурет кірістіріңіз. Сол суретті мәтіннің артына рең (фон) ретінде орналастырыңыз.

  3. Суретке төмендегідей параметрлерді тағайындаңыз:

  • өлшемі: биіктігі - 9 см, ені – 6 см;

  • жиектеу: сызықтың қалыңдығы - 2,5пт, сызық түсі - көк;

  • суретті мәтін ортасына кірістіру (обтекание по контуру).

  1. Тағы да бір сурет кірістіріңздер. WordArt сайманының көмегімен суретке ат қойыңыз.

  2. Және де суретті сипаттайтын мәтінді фигураға (выноска) жазыңыз.

  3. Барлық графикалық объектілерді топтастырыңыз.

  4. Бетті бөліңіз. Жаңа бетте «Информатика» пәніне арналған реферат тағайындаңыз және сол тақырыпқа сай келетін символды кірістіріңіз.

  5. SmartArt объектінің көмегімен ата-тегіңізді құрыңыз.


10 тапсырма.

Формула редакторы.

  1. Жаңа құжат құрыңыз және онда келесі мәтінді тере отырып формуланы енгізіңіз.

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс
 , a=

.Келесі бетте мына формуланы теріп жазыңыз C=
Әдебиеттер:

  1. Богумирский Б. Энциклопедия Windows 98., 2-е изд., СПб. “Питер”. 2001.

  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика.СПб. “Пи­тер”. 2001.

  3. Герасевич В.. Компьютер для врача. СПб. 2002.

  4. Симонович С. В. Информатика. Базовый курс.СПб. “Пи­тер”. 2003.

  5. С.В.Глушаков, А.С.Сурядный Персональный компьютер. М.Фолио.2004.

  6. Хэлворсон М., Янг М. Эффективная работа с Microsoft Office 2000. СПб. “Питер”. 2001.

  7. Робин У. Эффективная работа с Microsoft Word 2000. СПб. “Питер”. 2001.

  8. Андаспаева А.А. Новичку о работе на персональном компьютере Windows – 95, 98 Алматы. 2001.

  9. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, Алматы "Білім" 1995 ж.

  10. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Б. «Жаңа информациялық технологиялар» Алматы, 2003 ж.

  11. Байжұманов Б.Қ, Жапсарбаева Л.Қ.. Информатика. 2004ж.

  12. Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. 2006 ж.


Үзіліс -10 мин
Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 25 мин

Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.


Соңғы білім деңгейлерін бақылау -20 мин

Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді. ДК-де тестілейді.



Бақылау

Сұрақтары:

  1. Word мәтіндік редакторын қалай жүктеуге болады?

  2. Word мәзірінің негізгі бөлімдерін атаңыз?

  3. Құжаттағы қаріп өлшемін, түсін қалай өзгертуге болады?

  4. Жоларалық интервал қалай беріледі?

  5. Бетті қалай нөмірлеуге болады?

  6. Бетке колонтитулды қалай қоюға болады?

  7. Сөздің дұрыс жазылу нұсқасына, стандартты қатені қалай келтіруге болады?

  8. Автомәтін функциясының қызметі?

  9. Автомәтін элементтерінің сақталуы қалай жүзеге асады?

  10. Автомәтін элементі ретінде суретті қолдануға бола ма?

  11. Құжатты шаблон ретінде сақтау кезіндегі сіздің әрекетіңіз?

  12. Құжатты автоматты түрде сақтау қалайша жүзеге асады?

  13. Кестені қалай қоюға болады?

  14. Кестеге баған және жолды қалай қосуға болады?

  15. Кесте ұяшығындағы мәтінді тік және көлденең тегістеуді қалай өзгертуге болады?

  16. Құжатқа графикалық бейнелеуді қалай қоюға болады?

  17. Бейнелеудің ішкі түрін қалай өзгертуге болады?

  18. WORD мәтіндік редакторына диаграмманы қалай орналастыруға болады?

  19. Мәтінді WordArt көмегімен қалай безендіруге болады?

  20. Құжатқа ерекше символды қалай кірістіруге болады?

  21. Формула редакторы мен қалай жұмыс істеуге болады?


Сауалнамалар: «Мәтіндік процессор MS Word» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
Бағалау: -5 мин
Оқытушы біліктілік және практикалық дағды құзыреттілігін сараптайды.

Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп, студенттің екі құзыреттілігі (біліктілігі және практикалық дағды) бойынша журналға баға қояды.

5 тақырып. Қолданбалы программалық жабдықтама. Кестелік процессорлар
Мақсаты: Excel интерфейсімен танысу. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу, қарапайым статистикалық мәліметтерді өңдеуді үйрену мен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
Оқытудың міндеті: MS Excel қолданбалы программасының көмегімен кесте құру, формула енгізу, блокпен жұмыс істеу, қарапайым статистикалық мәліметтерді есептеуді, әр түрлі диаграмма құрудағы практикалық дағдыны қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин

Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.


Құзыреттілікті қалыптастыру саны: практикалық дағды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: – 45 мин

  1. Тұтынушы интерфейсі.

  2. Блокпен жұмыс істеу.

  3. Функция және диаграмма шеберлерімен жұмыс істеу.

  4. Деректерге статистикалық өңдеу жүргізу: орташа мәндерді анықтау, дисперсия.

  5. Полгигон және гистограмма тұрғызу.

  6. Корреляциялық тәуелділіктің математикалық моделі және графиктерін тұрғызу.


Үзіліс -10 мин
Оқыту және сабақ беру әдістері: оқытудың ақпараттық технологиясы.
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:

  • Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс). Ауызша сұрау (студент берілген тақырып бойынша әдістемелік нұсқауда көрсетілген сұрақтарға дайындықпен келуі тиіс).

  • ДК-де практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент сабақта нақты дағдыны алу үшін жеке тапсырмаларды орындауы тиіс).


Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин

Практикалық дағдыны қалыптастыру: ситуациялық есептерді шешу.


Тапсырмалар:

1-тапсырма

1. MS Excel-де өзі тобыңызбен аталатын файл құрыңыз. Оны С:\ Student бумасында сақтаңыз.

2. Кестені жиектеңіз және «Автопішім» командасы арқылы «3-ші классикалық » түрін жасаңыз;

3. «Салмағы» және «Бойы» жолдарының кемуі бойынша сұрыптаңыз;

4. «Автосүзгі» командасын қолданып:

а) Баған бойынша берілгендердің «Салмағы» 59-дан үлкенін көрсетіңіз;

б) Баған бойынша берілгендердің «Бойы» 172-ден кіші және теңдерін көрсетіңіз;

в) Баған бойынша берілгендердің «Фамилиясын», «А»-әріпінен басталатындарын көрсетіңіз;

5.«Функция шеберін» қолданып, орташа мәнін, дисперсиясын және корреляция коэффициентін есептеңіз.

6. MS Excel-де құрылған кесте мен диаграмманы Word-қа тасымалдаңыз;



1 кесте

Статистикалық есеп

Аты-жөні

Салмағы

Бойы

1

Азанбаева Г.

61

163

2

Бөгедаев А.

64

172

3

Көкебаев Б.

76

175

4

Илипов М.

81

180

5

Қамиева А.

53

160

6

Өміржанов Қ

75

179

7

Акімбаев Р.

69

176

8

Кенесбаева А.

57

165

9

Нұрымбетов М.

67

176

10

Жумашев Ж.

70

178

11

Тайбуринова Н.

54

161



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет