«информатика»



бет27/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Кесте қандай элементтерден тұрады? Мәтін ішіне кестені қалай енгізуге
    бодады?

  2. Кестенің бағанасы, қатары қалай белгіленеді?

  3. Жазылған мәтінді кесте ішіне қалай енгізуге болады?

  4. Кесте ішіндегі мәтінді басқа орынға қалай көшіреді?

  5. Кестені автоматты түрде қалай форматтауға болады?



Зертханалық жұмыс №12.9
Тақырыбы: MS EQUATION 3.0. объектісін пайдаланып математикалық өрнектерді енгізу
Мақсаты: Құжатқа математикалық өрнектерді енгізуді үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:

Формулалар редактторы

Word программасындағы формулалар редактторының (редактор формул - Equation editor) көмегiмен құжат мәтiнiне математикалық формулалар мен символдар орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектрлi мүмкiндiктердi қамтиды. Формулалар редакторының көмегiмен жазылатын объектiлерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбiрлер, көпмүшелiктер т.б. жатады және де олардың экран бетiндегi сырт бейнелерi принтеден басып шығарылатын көшiрмесiмен бiрдей болады. Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әрiптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын әрiптерге байланысты өзгертiлуi мүмкiн.

 Формулалар редакторын iске қосу

 Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрстiру → Объект → Microsoft Equation (Вставка → Объект → Microsoft Equation) менюi операцияларын орындауы керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.



Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас (1-сурет)

Сурет-1. Формула редакторының терезесi


Математикалық символдар жолы

Математикалық символдар пиктограммалары бар теңдеулер редакторы терезесiндегi жоғарғы жол негiзiнен символдар формуласына енгiзуге арналған меню болып табылады :мысалы, шексiздiк белгiсi, вектор символы, т.с.с. таңбалар жиыны. Олардың iшiнен қажеттi символдарды таңдауға және оларды формула ретiнде енгiзуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұқсастығы (үйлестiгi) бойынша жеке топтарға бiрiктiрiлiп орналастырылған. Символды кiрiстiру үшiн керектi символ тұрған өрiс элеметiн тышқан курсорымен белгiлеп көрсеткен жөн. Соның нәтижесiнде осы өрiске кiретiн символдардың толық тiзiмi ашылады. Тышқан курсорымен тiзiмдегi қажеттi символды таңдап алып, оны бiр рет шертсек, символ мәтiндегi формулалар жолын енгiзедi.

Шаблондар жолы математикалық символдар пиктограммасынан төменде орналасқан. Оның көмегiмен мәтiндi математикалық қатынастар, амалдар мен интеграл, матрица, жақша iшiндегi өрнектер сияқты күрделi объектiлердi және т.б. енгiзуге болады. Шаблондарды мәтiнге кiрiстiру алдынғы математикалық символдарды кiрiстiру тәсiлiмен орындалады.Бiр шаблонды екiншiсiнiң iшiне қоюға болады.
Тапсырма

Үлгідегі математикалық формуланы енгіз.



Теңдеулер жүйесін шеш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет