«информатика»



бет29/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93

Сурет 1. Сурет құралдар тақтасы

Кәдімгі түзу сызықты сызу үшін Сурет саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрін тандау қажет болса, Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті сызық түрін көрсеткеннен кейін курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иілу бұрышы 15 градусқа қысқару үшін курсорды жылжыту кезінде SHIFT пернесін, ал сызық бастапқы нүктеден екі жаққа бірдсй сызылу үшін CTRL пернесін басулы күйде ұстау қажет.

Дөңгелектер мен эллипстерді салу. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады, оны бір нүктеге бекітіп алу үшін салу кезінде CTRL пернесін басып ұстап тұрса болғаны. Шеңбер салу үшін, өлшемі кезінде SHIFT пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центірін жылжытпай бекіту мақсатында CTRL және SHIFT пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады.

2. Автофигуралар енгізу

Сурет құралдар тақтасындағы Автофигуралар батырмасын қолдана отырып әртүрлі фигураларды автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар. Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар, фигуралық бағыттауыштар, блок- схемалар, жұлдызшалар мен ленталар, түсініктемелер деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар бар. Кез келген фигураны Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті фигураны таңдаған соң экранда тышқан батырмасын басулы күйде жылжыту арқылы сала аламыз.



3. Жақтау ішіне мәтін енгізу

WORD мәтіндік редакторында жақтау мен жақтау ішіндегі мәтін «графикалық объект» ретінде қарастырылады- яғни оны бір беттен екінші бетке графикалық объектілер сияқты тасымалдауға, өлшемін өзгертуге болады. Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін:



      1. Енгізу (Вставка) менюінің Жақтаудағы жазба(Надпись) командасын орындау немесе Сурет құралдар тақтасындағы батырмасына шерту қажет;

      2. Тышқан курсорын Жақтау тұратын жерге орналастырып, тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, тік төртбұрышты жақтауды салынғанан кейін қажетті мәтінді ішіне теріп жазамыз.

Сондай, жақтауды және оның ішіндегі мәтінді форматтау үшін, оны белгілеп алған соң жанама менюдің Жазылымның форматы... (Формат надписи) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезені пайдаланамыз. Бұл сұхбат терезе Түстер және Сызықтар, Өлшемі, Орналасуы, Айналып өтуі (Обтекание), Жазылым астарлы беттерінен тұрады.

4.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет