«информатика»


Суретті жақтау ішіне енгізу



бет32/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93
Суретті жақтау ішіне енгізу

Мәтінге орналастырылған суретті жақтау ішіне алу арқылы оны мәтіннен бөлек және жақтау ішіндегі мәтінмен бірге кез келген орынға оңай жылжыта аламыз. Бұл кезде сурет жақтаумен қоршалып тұрады. Суретті жақтау ішіне орналастыру үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

Кірістіру=>Жазылым (Вставка=>Надпись) командасын орындау қажет немесе Сурет салу (Рисование) саймандар тақтасындағы Жазылым батырмас шертеміз.



Кірістіру=>Сурет (Вставка=> Рисунок) командасын орындап, қажетті суретті көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек (суретті енгізу барысында жақтау терезесінің көлемі суреттің формасына қарай өзгереді).

Егер мәтін ішіне бұрыннан салынған немесе енгізілген суретті жақтау ішіне орналастыру қажет болса, Файлмен байланыстыру (Связать с файлом) жалаушасын көтеріп, алдын-ала суреттіерекшелеп алған соң, Кірістіру-Жазылым (Вставка=>Надпись) командасын орындаймыз немесе Сурет салу саймандар тақтасыңдағы Жазылым батырмасын шертеміз. Сурет көрінбей қалса, Іс-әрекет=>Реті>Алдыңғы планда (Действия=>Порядок=>На передний план) немесе Соңғы планда командаларының тиістісін орындаймыз.

Жақтау терезесін көркейтіп безендіру үшін Сурет салу саймандар тақтасының Бояу түсі, Сызық түсі, Сызық типі сияқты өрістерін пайдалану мүмкіңдігі бар.

Жақтау ішіне жазылған мәтінді суретпен бірге топтап, оларды мәтін ішінде кез келген орынға оңай жылжытуға болады.
Тапсырма

Сурет 1-де көрсетілген Мерекелік шақыруды жасаңыз және нәтижесін Графика деген атпен сақтаңыз




Сурет 1. WORDART және стандартты суреттер коллекциясының көмегімен безендірілген мәтін
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Жаң құжат құрыңыз

Егер құжат терезесінің төменгі жағында Рисование құраладар тақтасы көрінбесе, келесі команданы орындаңыз Вид/Панели инструментов/Рисование. Сол кезде терезенің төменгі бөлігінде Сурет салу құралдар тақтасы пайда болады

Құжаттың фоның өзгертіңіз. Ол үшін келесі команданы орындаңыз: Формат/Фон/Способы заливки/Рисунок. Ашылған терезеде Рисунок батырмасын таңдап, фон болатын суреттің орналасқан орының көрсетіңіз

Текст фрагменттерін Word Art құраладарының мүмкіндіктерін пайдаланып орындаңыз. Ол үшін:

  • Вставка/Рисунок/Объект WordArt командасын орындаңыз;

  • Коллекция WordArt терезесінен керек стильді таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз;

  • Изменение текста WordArt терезесінде келесі параметрлерді таңдаңыз: шрифт өлшемі- 20 пт., кескінделуі- қоюлатылған, Текст өрісіне келесі мәтінді енгізіңіз «Құрметті мырзалар» және ОК батырмасына шертіңіз;

  • WordArt құралдар тақтасындағы Обтекание текстом параметріне Перед текстом параметрін тағайындаңыз;

  • Фигуралық мәтіннің көлемін графикалық объектінің маркерлерін пайдаланып үлкейтіңіз;

  • Суреттегі қалған мәтін фрагменттерін осыған ұқсас жасаңыз.

Барлық графикалық объектілерді топтаңыз. Ол үшін:

  • щелкните мышью в любом углу края страницы, где располагается фигурный текст и картинка;

  • растяните рамку так, чтобы она охватила всю плоскость, где располагаются графические объекты. Если все сделано правильно, то на всех графических объектах появятся маркеры;

  • нажмите кнопку Действия на панели Рисование и выберите параметр Группировать;

  • нажмите кнопку с белой стрелкой, подсветка кнопки пропадет.

Примечание. Чтобы проводить новое редактирование всего сгруппированного графического объекта, необходимо его сначала разгруппировать. Для этого: щелкнуть мышью по поверхности графического объекта; нажать кнопку Действия и выбрать параметр Разгруппировать.

6. Вставьте стрелки из коллекции инструментов Автофигуры на панели Рисование. Для этого:

  • установите курсор, щелкнув мышью, слева от надписи «Справки по телефону»;

  • нажмите кнопку Автофигуры на панели Рисование, выберите параметр Фигурные стрелки и соответствующую стрелку (рис. 6.2.);

  • установите необходимые размеры стрелки, изменяя маркеры;

  • скопируйте стрелку, для этого выделите стрелку, нажав клавишу <Ctrl>, удерживая нажатой кнопку мыши, перетащите стрелку и установите ее справа

  • от надписи с телефоном. Отпустите клавишу <Ctrl>;

  • поверните графический объект на 180 градусов: выделите стрелку; на панели Рисование нажмите кнопку Действия, выберите параметр Повернуть/Отразить и параметр Отразить слева направо.

  1. Сохраните файл под именем Графика


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

    8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Сурет салу құралдар тақтасын экранға қалай шығарамыз?

  2. Салынған суреттерді немесе автофигураларды топқа біріктіру деген не?

  3. Топқа біріктірлген объектілерді қайта топтан шығаруға бола ма?

  4. WordArt объектісі қалай енгізіледі?

  5. Енгізілген WordArt объектісін қалай форматтауға болады?


Қосымша

1

Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтың тіл дәуірін де басынан кешірді. Осы заманда қазақ халқының күнделікті пікір алмасу қажетін өтеп отыруымен қатар, рухани байлығы- ауыз әдебиетін атадан- балаға мұра етіп келеді. Қазақ тілі- өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, көсемсөздік, ғылыми іс- қағаздардың тілі, стиль жағынан мейлінше байыған, грамматикалық құрылымы барынша дамыған оралымды тіл.
2

Егер менің көңіл-күйім жоқ болса, онда мен осылай жылаймын-, бұл өте қорқынышты- . Егер қуансам, мен былай қуанамын-. Егер біз кітап оқысақ (мына сияқты-), онда уақыт білінбей өте шығады. Бүгін біз MS  WORD мәтіндік редакторын қарастырамыз. Грек алфавитіндегі α әріпі жиі кездеседі.


3

Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы бойынша қазақ тілі республикадағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.


4

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы) туған.

Табиғатынан дарынды жаратылған, мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан атап қойған Сәдуақас деген есімнің орнына еркелетіп Сәкен атап кеткен.

Сәкеннің жан- жақты білім алуы, азаматтық- әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның 1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде, 1913- 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты. Тырнақалды адымын Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын- қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттер классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.

Сәкен Сейфуллин поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образ бар. Олар- асу тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сыр сандық, толқын. Осылардың ішінде сұлулық, тазалық идеалы ретінде алынатын бейне- аққу. Бұл образ «Көкщетау» поэмасында, «Жемістер» повесінде кең суреттеледі. Әсіресе «Ақуддың айырылуы» поэмасында (1925) ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.

Бас- аяғы жұп- жұмыр, ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясы назар аударарлық. Алдымен Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі. Лирикалық кейіпкер анда- санда демалысқа осында келер еді. Қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсұр, қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанмен, бұл мекеннің толымды суретін бере алмайды.


5

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

6

«Информация» термині латтынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз.

XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның,радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесі тарау жылдамдығымен жеткізуге мумкіндік береді. Ал телидидардың шығуы, үйде отырып- ақ дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып-үйрену бағдарламаларын қарай алатын күйге жеткізеді.
7

Автор: Иванов И.И.

Тақырыбы: Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың Бекітуға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.


8

  • Информатика пәні және міндеттері

  • Информатиканың дамуы

  • Информаика пәні, объектісі

  • Информатика құрылымы

  • Информатика міндеттері

9



    1. Мәтінмен жұмыс

    2. Компьютерлік графика

    3. Компьютерлік телекоммуникация

    4. Мәліметтер қоры

    5. Электронды кесте

    6. Математикалық модельдеу

    7. Логикалық программалау

    8. Жасанды интеллект жүйесі

    9. Эксперттік жүйелер

    10. Ақпараттық технологиялар

    11. Қазіргі заманғы ЭЕМдер

10



  1. Информатиканың теориялық негіздері

    1. Информатика ғылым ретінде

    2. Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері

    3. Санау жүйелері

    4. Ақпаратты кодтау

    5. ЭЕМ ждысында ақпаратты ұсыну түрлері

    6. Графтар теориясының элементтері

    7. Алгоритм және оның қасиеттері

    8. Алгоритм туралы түсінікті формальдау

  2. ЭЕМ-нің программалық қамсыздануы

    1. Операциялық жүйелер

    2. Программалу жүйесі туралды түсінік

    3. Ортақ мақсаттағы қолданбалы программалар

    4. Мәтіндерді өңдеу жүйесі

    5. Компьютерлік графика жүйесі

    6. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі

    7. Электронды кестелер

  3. Программалу тілдері және тәсілдері

  4. Есептеу техникасы

11

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

АҚпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

АДамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың Бекітуға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

ҚАзіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. ҚОрытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №1
Тақырыбы: ЭЕМ дамуы кезеңдері және буындары
Мақсаты: ЭЕМнің даму кезеңдерін және буындарын тереңірек қарастыру
Тапсырма:
Таратпа материалда көрсетілген тақырыптар бойынша кесте құрып, толтырыңыз
Сұрақтар:


  1. Информатиканың мақсаты мен міндеті туралы айтыңыз

  2. Информатиканың ғылым жүйесіндегі орыны

  3. ЭЕМнің бірінші буынын«Информатика» терминіне анықтама беріңіз

  4. Информатиканың шешетін мәселелерін атаңыз

  5. Информатиканың негізгі құраушыларын атаңыз


Тапсыру формасы: Тапсырманы әдістемелік нұсқада көрсетілген үлгі бойынша, СОӨЖ дәптеріне жазыңыз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Кестені ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып толтырыңыз.


Таратпа материалдар:

Кесте тақырыбы: ЭЕМнің буындары

Кесте үлгісі:




ЭЕМнің буындары

Аралығы

Сипаттамасы

1










2










...











Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  5. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №2
Тақырыбы: Ақпаратты өлшеу бірліктері
Мақсаты: Ақпарат туралы түсінікті бекіту, ақпарат өшем бірліктерімен танысу
Тапсырма:
Таратпа материалда көрсетілген тақырыптар бойынша кесте құрып, толтырыңыз
Сұрақтар:

  1. «Ақпарат» терминіне анықтама беріңіз

  2. Ақпарат түрлерін атаңыз

  3. Ақпарат өлшем бірліктерін атаңыз

  4. Байт, бит дегеніміз не?

  5. Ақпаратты ұсыну тәсілдерін атаңыз


Тапсыру формасы: Тапсырманы қосымшада көрсетілген үлгі бойынша, СОӨЖ дәптеріне жазыңыз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Кестені Дәріс№2-ге «Ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері. Ақпарат құрылымы. Ақпарат өлшем бірліктері» сүйеніп толтырыңыз. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, толықтырыңыз.


Таратпа материалдар:
1-тапсырма Ақпарат түрлері

2-тапсырма Ақпарат өлшем бірліктері

3-тапсырма Ақпарат құрылымы
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет